Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Сын есім

29 сәуір 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақмола облысы, Степногорск қаласы,
Ақсу кенті, №2 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі
Мырзабекова Улмекен Тайыровна

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сын есім туралы түсініктерін кеңейте отырып, сөйлем ішінен сын есімдерді тауып, сұрақ қоя білуге дағдыландыру;
Дамытушылық: сын есімнің түрлерін бір - бірінен ажырата алуға үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: туған тілін құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу. Жолдастарына көмек беру дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, қызығушылықты ояту, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі сөзжұмбақ, тест, интербелсенді тақта, сызбалар, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:
L Ұйымдастыру кезеңі. сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

1. Кіріспе сөз:
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Балалығым, бақытым қазақ тілім.
2. Оқушыларды топқа бөлу.
1 - топ, 2 - топ, 3 - топ.
Топ басшысы мен топ атын қою:
3. Қызығушылықты ояту:
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш,
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.

ll Үй тапсырмасын сұрау:
Сөз жұмбақ «Сын есім»
1. Аяқталған ойды білдіретін сөзді не деп атаймыз?
2. Түбірге қосылған бөлшекті не дейміз?
3. Оңынан оқы тағамын,
Солынан оқы тағамын.
4. Заттың қимыл, іс әрекетін білдіретін сөзді не деп атаймыз?
5. Сөйлем неден құралады?
6. Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай да шу.
7. Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады.

Сұрақ – жауап:
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Сұрақтарын ата?

lll. Оқулықпен жұмыс:
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық.
Әдемі етіп жазайық.
Тақтадағы жазылған күн мен айды және көркем жазуды жазу.
Ала, қалың, биік, аласа, кең.

Топпен жұмыс:
1 - топ. 1 - жаттығуды көшіріп, сын есімді тауып, сұрақ қой.
2 - топ. 4 - жаттығудағы сын есімдерді зат есімдермен қоса көшіріп жазу.
3 - топ. 5 - жаттығуды көшіріп, сын есімді тауып, сұрақ қой.

Сергіту сәті: Әр оқушы өзінің атының алдына сын есім қойып айтады.
(Сын есімді өзінің алдыңғы әрпінен бастайды. Сәуле, Сымбатты Сәуле).

Тақтамен жұмыс:
2 - жаттығуды тақтаға орындау.
Көп нүктенің орнына тиісті сын есімді қойып, үш топ, үш сөйлемнен құрау.

ІV Бекіту:
Тест.
1. Сын есімді тап:
а) доп б) қойшы в) қалың
2. Заттың дәмін білдіретін сөзді тап:
а) қышқыл б) бор в) жүзді
3. Заттың түсін білдіретін сөзді тап:
а) құс б) көгілдір в) келді
4. Заттың көлемін білдіретін сөзді тап:
а) тас б) ұшты в) кең
5. Мына сөздер қайсы сөз таптарына жатады?
Ұзын, жұқа, жіңішке, семіз, қысқа. аласа.
а) зат есім б) етістік в) сын есім

Ойын:«Кім шапшаң» Әр топ бір минутта қанша сұраққа жауап бере алатынын анықтау. Әр топқа жиырма сөз жазылған үлестірме қағаз беріледі.
1 - топ
1. жүйрік
2. еріді
3. көк
4. сыпайы
5. әнші
6. үтікте
7. көрікті
8. қызықты
9. сулы
10. Cараң
11. бөрік
12. күлгін
13. салмақты
14. әкелді
15. алғыр
16. көл
17. талапкер
18. Алаң
19. жылынды
20. ызақор

2 - топ
1. қоңыр
2. жүзік
3. озат
4. зерек
5. жазды
6. көздеді
7. салғыр
8. әуестен
9. азық
10. дәмді
11. шашылды
12. әрекет
13. байқадым
14. сазгер
15. айлакер
16. ақылдасты
17. кең
18. балдай
19. шақыр
20. мейірім

VІ. Бағалау: Әр топ өз топтарын бағалау.
Сабақ соңында «Ризашылық әнін» орындау
VІІ. Үйге тапсырма: 56 - бет, 3 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып сын есімді табу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 757
0
5 дауыс
Оқи отырыңыз
М. Жұмабаев. Қазақ тілі
М. Жұмабаев. Қазақ тілі
Мағжан ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мәлімет бере отырып өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу, тіл тазалығы, тіл байлығы жайлы түсіндіру.
Сын есім
Сын есім
Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, кеңейту. Оқушылардың ой - өрістерін танымдық қабілеттерін, сөздік қорын. Шығармашылық қабілетін дамыту.
Қос сөздер
Қос сөздер
Қос сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; қос сөздердің екі түрлі сөздің өзара қосарлануы арқылы жасалып, жаңа ұғым тудыратынын ұғындыру; сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуге, оның мағынасын ажырата алуға үйрету.
Сөздік қорды байытқан менің отбасым
Сөздік қорды байытқан менің отбасым
Модуль бойынша алған білімдерін саралау. Әңгімелей білу дағдыларын байқау; дамытушылық – модуль бойынша білімдерінің олқылықтарын байқап, қайталау, пысықтау жұмыстарын жасау;
Алматы - бас қалам.  Жас қала - Астанам
Алматы - бас қалам. Жас қала - Астанам
Жарасқан Әбдірешовтің «Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. 2) Өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.