Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

В дыбысы мен әрпі

14 ақпан 2016, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда облысы, Арал қаласы
№2 Облыстық арнайы санаториялық
мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі
Садықова Сәнімкул Серікбайқызы

Әліппе
Сабақтың тақырыбы: В дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Балаларға В дыбысы мен әрпін таныстыру. Вв дыбысы мен әріп таңбасының ерекшеліктерімен таныстыру. В дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасата білуге үйрету. В әрпін әдемі, көркем етіп жазуға үйрету.
Әдіс – тәсіл: Сұрақ – жауап, түсіндіру, көрнекілікпен жұмыс, «қар тазалау», «шырша» ойыны, ассосация.
Көрнекіліктер: В дыбысына байланысты суреттер, электрондық оқулық, слайд.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Біз бақытты баламыз,
Ойнап білім аламыз.
Сауат ашу пәнінде,
Оқып, жазу жазамыз.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
«Қар тазалау» ойыны.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс.
- Жарайсыңдар! Қазір сабағымызды бастау үшін сыныбымызды қардан тазалап алайық. Кейбір парталардың үстінде қар жатыр. Сол қарда сұрақ жазылған. Егер сұраққа толық, дұрыс жауап берсек, қардан тазалаймыз.
1. «һ» дыбысы қандай дыбыс?
2. «һ» әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі?
3. «Қаһарман» деп кімді айтамыз?
4. Еліміздің қаһарман қыздары мен ұлдарын ата.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабағымыздың тақырыбын білу үшін бәріміз тақтаға қарайық? (Пойыздың даусын шығару)
- Балалар, ненің даусы шықты?
- Пойыздың.
- Пойыз не істеді?
- Пойыз тоқтады.
- Пойыз қайда тоқтайды?
- Вокзалға.
- «Вокзал» сөзін буынға бөлейікші.
- Қандай дыбыстан басталып тұр?
- В (оқушыларға в дыбысын айтқызу)
- В қандай дыбыс екен?
- В – дауыссыз, ұяң. В дыбысы орыс тілінен енген сөздерде ғана кездеседі.
Велосипед – дыбыстық талдау жасату. (текшелер арқылы)
- Дыбысты немен таңбалаймыз? (Әріппен)
- В әрпінің баспа түрі.

ІV. Оқулықпен жұмыс:
Ва гон (суреті), вок зал, ав то бус, трам вай, ве ло си пед,
- Велосипедтен әлемдік жарыстарға қатысып жүрген қазақстандық азаматтың есімін білесіңдер ме?
- Винокуров
- Сендерден де сондай спортшылар шығады деп сенемін.
ак ва ри ум, во лей бол, ви та мин.
Оқушыларға бағандағы сөздерді оқыту.

Мәтінмен жұмыс.
Вокзал.
Бұл – темір жол вокзалы. Оған пойыздар үздіксіз келіп, кетіп жатады.
Біз вокзалдың жанында тұрамыз. Әжемді күтіп алуға вокзалға бардым. Пойыз бірінші жолға тоқтады. Мен әжемді қарсы алдым.
Мәтінді оқып беру. Оқушыларға оқыту. Мәтін бойынша сұрақтар қою.
1. Бұл не?
2. Оған нелер үздіксіз келіп, кетеді?
3. Олар қайда тұр?
4. Ол қайда барды?
5. Пойыз қайда тоқтады?
6. Ол кімді қарсы алды?
Үлкенге құрмет – балаға міндет. (оқушылардың ойын тыңдау)
Сурет арқылы толықтырып, түсіндіру.

Сергіту сәті. «Шырша» ойыны.
- Балалар, жазба әріпті не үшін пайдаланамыз?
- Ендеше, В әрпінің жазба түрімен танысайық.
В жазылуын көрсету.
Ауада жазу.
Тақтаға жазу.
Дәптермен жұмыс.
Оқулықтың төменгі жағындағы сөздерді оқыту.

Жұптық жұмыс: Екі қатарға сөз беріледі. Әр жұп бірлесе отырып, сол сөзге дыбыстық талдау жасап, сөйлем құрайды.
Вагон автобус вокзал

VI. Сабақты қорытындылау.
Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
«Ассосация» әдісі.
В
Дауыссыз
Ұяң
Автобус
Вазелин
Витамин
Вокзал
Трамвай
Вагон

VII. Бағалау.
Жұлдызша – өте жақсы
Төрт бұрыш – жақсы
үшбұрыш – әлі де дайындықты қажет етеді.

Толық нұсқасын жүктеу
5 177
5
160 дауыс
Оқи отырыңыз
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есім жекеше, көпше түрде айтылады. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: биші, аға, тау, өзен. Кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: бишілер, ағалар, таулар,
Алматы - бас қалам.  Жас қала - Астанам
Алматы - бас қалам. Жас қала - Астанам
Жарасқан Әбдірешовтің «Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. 2) Өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін арттыру.
Шылау
Шылау
Шылаудың басқа сөз таптарынан мынандай айырмашылықтары бар екні түсіндіріледі. - Шылаудың толық мағынасы болмайды. - Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды. - Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. - Шылаулар өзі
Динара Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол»
Динара Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол»
Мәтінді түсініп оқуға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету; қазіргі таңда ғаламторлық ойындардың адам денсаулығына зиянын тигізетінін оқушыларға жете түсіндіру.
Күй сандықты ашамыз
Күй сандықты ашамыз
БҚО, Ақсай қаласы №3 МДБҰ Жоғары санатты музыка жетекшісі Нуралиева Галия Аленовна
Пікірлер (5)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қарасай Садықов
Қарасай Садықов Қонақ 17 ақпан 2016 17:22
0
Сабағыңыз жақсы жасалған. Өте қызық, ойындары да осы мезгілге арналған сондықтан оқушылар белсене қатысады деп ойлаймын. Маған ұнады!
Сауле
Сауле Қонақ 18 наурыз 2016 15:42
0
Сабағыз өте керемет жақсы құрылған, Жұмысыңыз жемісті болсын!
Сауле
Сауле Қонақ 18 наурыз 2016 15:43
0
Сабағыңыз өте керемет жақсы құрылған, Жұмысыңыз жемісті болсын!
Аяулы
Аяулы Қонақ 18 наурыз 2016 15:47
0
Сабағыңыз маған ұнады, өте жақсы құрылған әрі түсінікті.
Сауле
Сауле Қонақ 18 наурыз 2016 15:49
0
Сабағыңыз маған ұнады, өте жақсы құрылған әрі түсінікті.