Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Зат есімнің жекеше және көпше түрі

14 ақпан 2016, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе қаласы,
№10 жалпы білім беретін орта мектебінің
бастауыш пәні мұғалімі Нұртаза Назерке Қанатбайқызы

Қатысатын категория: бастауыш сынып

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Сабақтың мақсаты: Зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатындығын түсіндіру. Оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді, көпше түріне айналдыра білуге үйрету. Сабақта алған білімін жаңа сабаққа байланысты берілген тапсырмаларды орындауға, жүйелі қолдана алу. Оқушылармен пікір таласқа түсе алу, өз күшіне деген сенімділіктерін арттыру.
Сабақтың типі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ассосация, семантикалық карта, сәйкестендіру тесті
Көрнекілігі: суреттер, таблица, тірек - сызбалар, слайд
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі
«Шаттық шеңберін» құру арқылы балаларды 3 топқа бөлу.
1 топ - Зат есімдер
2 топ - Жалқы есімдер
3 топ - Жалпы есімдер

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Жаттығуды тексеру

ІІІ. Өткенді пысықтау
«Күннің көзін бұлттан арылту» ойыны арқылы өткенді пысықтау
Мұғалім: Балалар, сендерді өзіме нұр шашатын шуақты күнге теңеп едім, бірақ күніміздің бетін бұлттар басып кетіпті, бұлттан арылтуға көмектесесіңдер ме?
Оқушы: Иә

1) Зат есім дегеніміз не?
2) Кім? Не? сұрақтары қай уақытты қойылады?
3) Жалқы есім дегеніміз не? мысал келтір
4) Жалпы есім дегеніміз не?
5) Неше сөз табы бар?
6) Зат есімге мысал келтір?

ІІІ. Жаңа материалды игерту
1 - тапсырма. Суретке назар аударайық. Әр суреттегі заттардың санын анықтайық.
(сурет көрсетіледі)
Қоян ----------- Қояндар
(не?------------- нелер?)

Дәрігер -------- Дәрігерлер
(кім?------------- кімдер?)

* Сұрақ - жауап қою
Мұғалім: Ендеше, бүгін біз балалар зат есімнің жекеше, көпше түрі туралы сөйлейміз.
Зат есім
Жекеше ----- Көпше
--------------- - лар,- лер
--------------- - дар,- дер
--------------- - тар,- тер
- Зат есім жекеше, көпше түрде айтылады. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: биші, аға, тау, өзен.
Кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: бишілер, ағалар, таулар, өзендер.

2 - тапсырма. Зат есімдердің жекеше, көпше түрін белгіле

IV. Сабақты бекіту
«Сәйкестендіру тесті»
1. Суретші -........... дар
2. Ақын -.............. лар
3. Жеңімпаз.......... дер
4. Сыйлық............ тер
5. Бала.................... лер
6. Құс..................... тар
7. Ата..................... лар

3 - тапсырма Сөздерге көптік жалғауын жалғап жаз
1 топ: Ұшқыш, құс, терезе
2 топ: Шырша, сатушы, бала
3 топ: Дәрі, тиін, маса

Сергіту сәті
«Қызыл өрік» өлеңі бейнероликтен көрсеіп, билету.

V. Сабақты қорытындылау
«Семантикалық карта» 3 топқа тарату
Аты ------------- Жекеше ------------ Көпше
Дәптер ---------------+
Балықтар ------------------------------- +

VI. Үйге тапсырма
4 жаттығу, 52 - бет
VII. Бағалау

Толық нұсқасын жүктеу
7 323
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
В дыбысы мен әрпі
В дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Садықова Сәнімкул Серікбайқызы
Биосфера тақырыбын қорытындылау
Биосфера тақырыбын қорытындылау
Түркістан қаласы Ә. Науаи атындағы №13 мектеп - гимназия география пәні мұғалім: Рахимова Н.
Динара Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол»
Динара Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол»
Мәтінді түсініп оқуға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету; қазіргі таңда ғаламторлық ойындардың адам денсаулығына зиянын тигізетінін оқушыларға жете түсіндіру.
Геометриялық прогрессияның алғашқы n – ші мүшесінің формуласы
Геометриялық прогрессияның алғашқы n – ші мүшесінің формуласы
Аңыз бойынша үнді ханзадасы Сирам шахмат ойынын ойлап тапқан өнертапқыштан сыйлыққа не қалайтынын сұрайды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.