Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Дүниеде жамандық неден

15 сәуір 2017, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниеде жамандық неден
4 сынып
Үздік ұстаз бәйгесіне
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Мәтін мазмұнын түсінеді, мазмұндайды.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
Жамандықтан аулақ болу үшін бойын таза ұстау керегін түсінеді.
Күтілетін нәтижелер: Барлық оқушылар:
1. Мәтін мазмұнын бөліктерге бөліп оқиды.
2. Мәтін мазмұнын түсінеді.
3. Мәтін мазмұнына сай сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың басым бөлігі:
1. Мәтін мазмұнын жүйелі өз сөзімен айтады.
2. Мәтіндегі негізгі идеяны анықтайды.
3. Мәтіндегі негізгі ойды өмірмен байланыстырып мысалдар келтіреді.
Кейбір оқушылар:
1. Өз ойын ашық айтады.
2. Қорытынды жасайды, өз ойын дәлелдейді.

Тілдік мақсат (оқылым/жазылым, айтылым/тыңдалым үшін пайдалы тілдік бірліктер)
1. Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқиды.
2. Қатесіз, сауатты жазу қабілетін жетілдіреді.
3. Өз ойларын тиянақты, еркін айтады.
4. Бір - бірлерінің жауабын тыңдайды, қателерін түзетеді.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды топқа бөлу: Қарға, көк кептер, жылан, бұғы суреттерін құрастыру.
Топ ережесін еске түсіру.

2. Үй тапсырмасын сұрау.
- Мағжан Жұмабаев кім?
- Түркістан туралы не білесің? Ол қандай қала? Қайда орналасқан?
- Түркі тілдес халықтарға кімдер жатады?
- Неліктен Түркістанды киелі жер дейді?
- Ақын өлеңде қандай сөзді жиі қолданған?
- Түркістан жері бүкіл елге танымал болу үшін не істеуге болады?

1. Ой ашар
- Суретте не бейнеленген?
- Іс - әрекетке талдау жаса?
- Бүгінгі сабағымыз не жайында?
2. Сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсатын анықтау.
1. Мәтін мазмұнын түсінеміз.
2. Мәтіндегі негізгі ойды білеміз.
3. Мәтінді өз сөзімізбен өмірмен байланыстырып айтамыз.
3. – Ыбырай Алтынсарин туралы не білеміз?
-«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»- дегенді қалай түсінеміз?

4. Мәтінмен жұмыс. «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі
Мәтінді бөліктерге бөліп ұсыну.
Мазмұнын топта талқылау, оқушылармен бөлісу.
Қалған бөлігін аудиодан тыңдау.
Сөздік жұмыс жүргізу.
Мәтін мазмұнына сай сұрақтар қою.

5. Сергіту сәтін жасату:
Сергіту сәті
«Ия – жоқ» ойыны.
Тез орындарынан тұрады.
 Сабақтан қалғысы келмейтіндер
 Үлкенді сыйлайтындар
 Табиғатқа қамқорлық жасамайтындар
 Құстарды қорғайтындар
 Ақжүректілер

6. Топтық жұмыс:
1 - топ. Сілтеме табушылар. Мәтіндегі негізгі ойды анықтап тұрған жерін тауып оқиды, өмірмен байланыстырады.
2 - топ. Кейіпкерлерді сипаттаушы. Әр кейіпкерді танып, сипаттайды. Мінездеме береді.
3 - топ. Ізденушілер. Мәтінге қатысты қосымша ақпарат ұсынады. Мәтінге сәйкес мақал - мәтел, нақыл сөздер табады.
4 - топ. Жазушы топ. Эссе жазады. «Жақсылық жасау қиын ба?»
Топтардың жұмысын қорытындылау.

1. Қорытындылау.
- Бойларыңда қандай жақсы қасиеттерді дамыту керек деп ойлайсыңдар?
- Ал, қандай жаман қасиеттерден аулақ болу керек деп ойлайсыңдар?
Тест жұмысы
1. Жақсылық пен жамандық неден болады?
А) Шөптен
Б) Тәннен
В) Ауадан
2. Ақжүрек сөзінің мағынасы қандай?
А) Батыр
Б) Өтірікші
В) Адал, ақ ниет
3. Тал қасында нелер кездесті?
А) Жылан, сиыр
Ә) Бұғы, жылан, кептер, қарға
В) Қаз, бұғы
4. Жан - жануар қайда кездесті?
А) Орманда
Б) Өзен қасында
В) Тауда
5. Екеуі бірігіп өмір сүретін құсты ата.
А) Көк кептер
Б) Торғай
В) Қарға
- Мәтіннен көңілімізге не түйдік?
- Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан - дей отырып сабағымызды қорытындылаймыз.
2. Үй тапсырмасы.
Мәтінді рөлге бөліп оқу, мазмұнын айту.
3. Бағалау.
Өзін - өзі бағалауы.
Мұғалім бағалауы.
4. Кері байланыс
«Плюс, минус, қызықты» кері байланыс алу.

Қызылорда облысы,
Қызылорда қаласы, №12 орта мектептің
бастауыш пәні мұғалімі Арғынбаева Әйгерім Мағауияқызы

Толық нұсқасын жүктеу
2 637
0
9 дауыс
Оқи отырыңыз
Кестелер, кестелерді құру
Кестелер, кестелерді құру
Оқушыларды кестелердің негізгі мүмкіндіктерімен таныстыру, Microsoft Office Word программасында кестелерді құрудың түрлі әдістерін қарастырып, деректерді енгізуді үйрету.
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»
Ақын неліктен жастарға сенеді? Қазіргі заманғы жастар қандай? Мағжан жырлаған жастар мен қазіргі жастарды салыстырып бере аласың ба?
Step 1. Food and drink
Step 1. Food and drink
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) *Жеміс, сусын, көкөністің ағылшынша аттарын айта алу *countable/ uncountable зат есімдерді айыра алуы *Қазақтың ұлттық тағамдары туралы ағылшын тілінде айтуға дағдылану
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» Абай Құнанбаев
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» Абай Құнанбаев
Ұлы ақын А. Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу.
Көл киесі-аққулар
Көл киесі-аққулар
1. Көлсай - тектоникалық көл. 2. Географиялық орны – Алматы облысы, Тянь - Шань тауының солтүстігі. 3. Көлемі - 161 045 га. 4. Тереңдігі - 80 метр.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.