Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Сөз таптары

27 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары
Сабақтың мақсаты:
1) Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
2) Сын тұрғысынан ойлауын, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын дамыту.
3) Оқушыларды өз бетімен, топта жұмыс істеуге, бірінің сөзін бірі зер салып тыңдай білуге, құрметтеуге үйрете отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: топтау, бес жолды өлең, көрнекілік, т. б.
Көрнекілігі: Суреттер, кестелер, плакат, маркер, слайд т. б.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану

4) Сабақтың барысы:
1. Психологиялық ахуал. Бір - біріне, қонақтарға, мұғалімге жақсы көңіл - күй сыйлау.
2. Ой қозғау. (Сынып оқушылары төрт топқа бөлініп отырады) Әр топтан тобының атауы туралы не білетіндері сұралады.
– Балалар, сонымен зат есім, етістік, сын есім, сан есім туралы не білетінімізді еске түсірдік. Енді осыларды бір сөзбен біз қалай атаймыз? (сөз таптары)
- Сөз таптарына тұңғыш анықтама беріп, тілімізге енгізген қазақтың қай ғалымы, ағартушысы, білеміз бе? (Ахмет Байтұрсынов портретін көрсету және әңгімелеу)

3. Жаңа сабақ.
- Балалар, сендер сыйлық алғанды немесе бергенді ұнатасыңдар ма? Мына қорапшада қандай жазу көріп тұрсыңдар? Бұл жазуда қандай ерекшелік бар?
- Енді ішін ашып көреміз бе? Бұл ненің суреті? (толқын, су, өзен, көл)
- Ендеше, балалар, қазір біз мұхитқа сапар шегеміз. Дүрбімізді алып қарайықшы, не көрінді?
Бұл Сөз таптары деп аталатын аралдағы патшалық екен. Оның тұрғындары ол аралға төрт түрлі кемемен қатынайды екен. Бір күні сол тұрғындар аралға жете алмай қалыпты. Оларға көмектесіп жібереміз бе?
- Ендеше, мына тапсырмаларды бәріміз бірігіп орындап, оларды аралға жеткізейік.

3 - жаттығу. Сөздерді оқып, оларға сұрақ қой. Мағыналарына қарай кестеге орналастыр.
Жұлдыз, тау, ата, көк, екі, оқыды, үлкен, ақын, жуынды, жеті, отыз, адам, құс, жүзді, биік, жасыл.
Зат есім---
Етістік----
Сын есім--
Сан есім--

- Балалар, бүгін күн желді болып мынадай шарлар сендерге ұшып келіпті. Бұл жай шар емес. Ішінде тапсырмалары бар екен. Қане, осы тапсырмаларды орындап көрейік.

4 - жаттығу. Зат есім мен етістіктерді тіркестіріп жаз.
Қайық, бала, бақа, доп, құс, ұшақ, ағаш, балақай.
Жүзеді, секіреді, ұшады, өседі, жүреді.

Сергіту сәті.
- Балалар, шаршасақ кішкене сергіп алайық. Қане, бәріміз орнымыздан тұрайық. Қазір мен сөздерді атаймын, егер зат есім болса, қолымызды көтеріп шапалақ ұрамыз, егер сын есім болса, қолымызбен толқын жасаймыз, егер сан есім болса қолымызды жанымызға көтереміз, егер етістік болса отырып тұрамыз.(домбыра, қызыл, алды, тоғыз, алты, кітап, сақина, дәмді, келе жатыр, қонды.)
- Балалар, кім мұқияттылықпен тыңдады екен байқап көрейік. Қане, неше сөз оқыдым? Оның ішінде нешеуі зат есім?

Дәптермен жұмыс.
— Балалар енді барлықтарың дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күннің ретін жазып алыңдар.
Көркем жазу. Интербелсенді тақтада сөздер қатары көрсетіледі.
- Балалар, берілген сөздер мен әріптердің қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар? Сұрақ белгінің орнына қандай әріпті қоюға болады?
Көктем – З
Келді – Е
Жасыл –?
Жетпіс –?
- Ендеше, осы әріптерді көркем етіп жазып алайық. Зз Ее Сс

Есте сақтау (Жаңылтпаш) 5 - жаттығу
Етістік тобы оқиды. Сын есім тобы жатқа айтады. Зат есім және сан есім тобы сөз таптарына талдайды.
- Енді балалар, жануарлар әлеміне саяхаттап қайтайық.

6 - жаттығу. Мәтінді оқып, сөз таптарына талдайды.
Қасқыр – жыртқыш, қайсар аң. Қазақстанда қасқырдың төрт түрі кездеседі. Салмағы 50 килограммдай болады.
Керік – әлемдегі ең биік жануар. Керіктің бойы 6 метрдей болады. Түсі қара қоңыр теңбілді сары шұбар болады.
Қоян шөлді, орманды далада мекендейді. Қоянның құлағы ұзын, құйрығы үлпілдеген қысқа. Дене тұрқы 68 сантиметр, салмағы 5 – 6 килограммдай болады.
Борсық – Қазақстанда кең тараған жануар. Дене тұрқы 75 сантиметрден асады. Орманды, таулы, далалы, сулы жерлерде кездеседі.

Бес жолды өлең құрастыру.
Әр топқа сурет беріледі. Сол суретке бес жолды өлең құрастырады.
Қасқыр, керік, қоян, борсық.

Кері байланыс.
Қуаныш аралы - бүгінгі сабақ мен үшін оңай болды, барлығын түсіндім.
Жаңалық аралы – бүгінгі сабақ қызықты болды, бірақ енді түсініп келемін.
Түсінбеушілік аралы – маған сабақ қызықсыз болды, түсінбедім.

Сабақты бекіту.
- Сонымен, балалар, бүгінгі сабақта қандай жұмыстар атқардық?
Үйге тапсырма: 7 - жаттығу, 143 бет
Бағалау.

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,
№211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Какимбаева Арайлым Каскырбаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 854
0
4 дауыс
Оқи отырыңыз
Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есімнен өткенді қайталау
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі Шынаргуль Сагиндыковна Мальшубаева
Антонимдер
Антонимдер
Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал - мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады. (дәптерлеріне антонимдерді теріп жазады) •
Болымды және болымсыз етістіктер
Болымды және болымсыз етістіктер
Тыйым сөздермен жұмыс. Балалар, қазақтың ырым, тыйым сөздері – кез келген адамды жамандық жасамауға, әдепті болуға үйрететін тәлімі мол сөздер. Ендеше, тыйым сөздер айтып көрейік. 1. Бос бесікті тербетпе. 2. Малды теппе.
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
Ілияс Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу» шығармасын таныту, өлеңнің құрылысына назар аудартып, талдау, «Бесік жырымен үндестігін ұғындыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.