Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Гимнастика. Баспен тұру.

02 сәуір 2016, Сенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Гимнастика. Баспен тұру.
Сабақтың мақсаты: Баспен тұру техникасын үйрету.
Міндеттері:
1. Сауықтыру: Тепе - теңдік қасиеттерін дамыту.
2: Білім беру: Акробатикалық және ағаш аттан секіру жаттығуларын жетілдіру. Күштілік, ептілік, икемдік қасиеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелеу: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, әріптестеріне дер кезінде көмекке келу қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабаққа керекті құралдар - жабдықтар: ағаш ат, гантельдер, шеңбер, гимнастикалық төсеніштер.
Сабақтың әдісі: практикалық
Сабақтың түрі: шеңберлі жаттығу
Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі, әдебиет, биология, география..
8 сынып
Уақыты: 45 мин

І Дайындық бөлім
Сапқа тұрғызу. Сабаққа қатысқан оқушыларды түгендеу. Мәлімдеме қабылдау. Сәлемдесу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сабақтың мақсатын таныстыру. Саптағы «Оңға!», «Солға!», «Ай - нал!» «Алаңды айналып алға адымда!»

Жүру бағытында орындалатын жаттығулар 1. Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру
2. Қол белде өкшемен жүру.
3. Аяқтың іш және сырт жағымен жүру.

3 Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулары: 1. Жеңіл жүгіріс 2. Тізені алға көтеріп жүгіру. 3. Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермей жүгіру. 4. Аяқтың басын алға сілтей жүгіру. 5. Оң қапталмен қолды алға айналдыру. 6. Сол қапталмен қолды артқа айналдыру.

4 Тыныс алу жаттығулары, қозғалыста 3 қатарға тұрғызу.

5 Жалпы дамыту жаттығулары

Гантельмен орындалатын жаттығулар
1. Б. Қ - аяқты кең қойып, қол гантельмен белде басты 1 - алға, 2 - артқа, 3 - оңға, 4 - солға еңкейту.
2. Б. Қ - аяқты кең қойып, қол гантельмен белде, 1 - қолды иыққа қою, 2 - жоғары көтеру, 3 - иыққа қою, 4 - Б. Қү
3. Б. Қ - аяқты кең қойып, қол гантельмен төменде, 1 - қолды алдыға, 2 - жоғарыда, 3 - жанына, 4 - Б. Қ.
4. Б. Қ - аяқты кең қойып, қол гантельмен төменде, 1 - екі қол жанында, 2 - екі қол жоғарыда, 3 жанында, 4 - Б. Қ.
5. Б. Қ - аяқты қосып тұру, қол гантельмен жанында, 1 - денені оңға бұру, 2 - Б. Қ. 3 - денені солға бұру, 4 - Б. Қ.
6. Б. Қ - аяқты қосып тұру, денені еңкейтіп, қол гантельмен жанында, денені оңға, солға бұру.
7. Б. Қ - аяқты кең қойып, қол гантельмен белде. 1 - оңға адыдап, қолды жоғары көтере оңға еңею, 2 - Б. Қ. 3 - оңға адыдап, қолды жоғары көтере оңға еңею, 4 - Б. Қ.
8. Б. Қ.- жерге отырып, аяқты кең қойып, оң аяққа, ортаға, сол аяққа еңкею.
9. Б. Қ.- шалқадан жатып, қол жоғарыда. 1 - шынтақ пен тізені бір - біріне тигізу, 2 - Б. Қ. 3 - шынтақ пен тізені бір - біріне тигізу, 4 - Б. Қ
10. Б. Қ.- шалқадан жатып, қол жоғарыда. 1 - қолды көтеріп жерге тіреп, аяқты 90 градусқа көтеру, 2 - Б. Қ. 3 - қолды көтеріп жерге тіреп, аяқты 90 градусқа көтеру, 4 - Б. Қ.
11. Б. Қ.- шалқадан жатып, қол төменде тіреп, 1 - аяқты бастан асырып еденге тигізу, 2 - Б. Қ.
12. Б. Қ - аяқты кең қойып, қол гантельмен белде. Орында тұрып 20 рет секіру

ІІ Негізгі бөлім
Гимнастикалық жаттығулармен айналысу адамның организміне жан - жақты ықпал етіп,
күш пен ептіліктің дамуына көмектеседі, жүйке бұлшық еттерін және вестибульярлық аппаратты
жетілдіреді, қимылдардың жалпы үйлесімділігін жақсартады.

Гимнастикалық жаттығулар дененің әдеттен тыс қалпына болуымен байланысты және өзінің
формасы жағынан әр түрлі ыңғайда домалап түсу, аунап түсу, жауырынға, қолға, тұру және т. б.
болып келеді.

Осындай алуан түрлі болуы және күрделі жабдықтарды көп қажет етпейтіндігі
Гимнастикалық жаттығулармен кез - келген жағдайда шұғылдануға мүмкіндік береді. Кез - келген гимнастикалық жаттығулар орындау техникасын үйренуден бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысып, біліп алған жөн. Сонда ғана жаттығуларды орындаған кезде жасқанбай, еркін болып, зақымданудан сақтана алады.

Сыныпты 2 топқа бөліп, топ басшыларына үлестірмелі қағазға жазылған тапсырма беріледі:
І топ
Акробатикалық жаттығулар
1 Артқа аунап түсіп, жауырынға және бір тізеге тұру
2. Ұзынынан алға шеңбердің ішінен аунап түсу
3. Серіктесінің көмегімен баспен тұру
4. Шынтақта тіреп баспен тұру

Алматы облысы, Іле ауданы,
Жаңаарна ауылы, «№35 орта мектеп»МКМ
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Тезекбаева Лаура Мауленбаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 905
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар
Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар
Ойын түрлерін, мазмұнын, ережелерін, ерекшелігін меңгерту.
Ағаштан күрек жасау
Ағаштан күрек жасау
Бүгінгі күннің қажеттілігі – кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету, оқушыларға ағаш материалдары негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, бұйымды өтімді, тартымды жасауға үйрету.
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі
WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды үйрету;
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау.
Су патшалығына саяхат
Су патшалығына саяхат
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы,«Балауса бөбекжай - балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі Азимова Бақытгүл Абылайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.