Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ағаштан күрек жасау

22 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Технология
Технология пәні 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ағаштан күрек жасау
Сабақтың мақсаты: Бүгінгі күннің қажеттілігі – кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету, оқушыларға ағаш материалдары негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, бұйымды өтімді, тартымды жасауға үйрету
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі: Қар күрейтін күрек жасау технологиясын білу, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ағаш өңдейтін жұмыс үстелінде жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Дамытушылығы: Қар күрейтін күрек жасату арқылы бұйымды толық аяқтауда өз бетінше композиция құруға мүмкіндік беру, ой - қиялын дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушылардың эстетикалық талғамдарын, танымдық деңгейлерін көтеру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ, сарамандық жұмыс.
Сабақта қолданылатын әдістер: Жұптасып және топпен жұмыс. Сызу, түсіндіру, салу, көрсету, таныстыру, сұрақ - жауап, проблемалық.
Сабақтың көрнекілігі: Күрек жасаудың технологиялық картасы, дайын бұйымдар, дайындамалар

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, жұмыс орнын даярлау,

2. Өткен материалдар бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.
Сұрақтарға жауап алу.
1. Ағаш қандай материал және оны не үшін қолданамыз? (Ағаш - табиғаттың бір бөлшегі, оны түрлі құрал - саймандар мен тұрмыстық бұйымдар жасау үшін, үй жасау үшін пайдаланамыз)
2. Ағаш материалын өңдеу үшін қандай ерекшеліктері ескеріледі?
(Ағашты өңдеу үшін табиғи түр - түсі, тығыздығы, жұмсақ, қаттылығы, жылу мен ылғал өткізгіштігі ескеріледі).
3. Суретке қарап, ағаштың құрлысын айтып бер. (Ағаш өзегінен, өзек сәулесінен, камбийден, қатты қабаттан, флоэмадан, қабықтан тұрады).
4. Ағаштың қабығы қандай қызмет атқарады? (Ағаштың қабығы оны қоршаған ортаның әсерінен, күннің қызуынан, жаңбырдан, аурулардан, бактериялардан қорғайды).
5. Ағаш материалының қандай қасиеті бар? (Түсі, тығыздығы, текстурасы, дымқылдығы, беріктігі).
6. Текстура дегеніміз не? (Ағаштың діңін тақтай етіп тілгенде, оның жылдық сақиналарынан тік немесе ирек сызықтар сияқты суреттер пайда болады. Осы суреттерді текстура деп атайды).
7. Ағаш қандай бөліктерден тұрады? ( Тамыры, діңі, ұшар басынан тұрады).
8. Құрылыс материалына ағаштың қай бөлігі алынады? (ең берік тұсы діңнің орта бөлігінен алынады).
9. Ағашты қалай кептіреді? ( Ең қарапайым кептіру - табиғи кептіру. Ол үшін ағаш материалдарының арасынан ауа өтетіндей етіп қабаттап жинайды).
10. Ағашты кептіргенде оның тез кебетін шет жақтары жарылып кетпеуі үшін не істеуге болады? (Ағаштың шет жақтарына майлы бояу немесе әк жағылады).
11. Ағашта кездесетін мүкістің қандай зиянды әсерлері бар? (Без, қос өзектілік және талшығының қисаюы ағаштың сапасын төмендетеді, беріктігі азаяды, сызаттанады).

Үй тапсырмасын бекіту:
«Қарлы кесек» ойыны. Шарты: Ойын бастаушы қолындағы қар кесегін бір оқушының атын айтып, соған лақтырады. Кесекті ұстаған адам ағаш, тал және оның түрлеріне байланысты ырым, мақал - мәтелдер, өлеңдер айтуы қажет.
Ағаш туралы мақал - мәтелдер:

1. Бір талды кессең, он тал ек.
2. Бабын тап та, бақ өсір.
3. Бір тұт еккен кісі жүз жыл гауһар терер.
4. Әкеден мал қалғанша, тал қалсын.

Ағаш туралы өлеңдер:
1. Қарағайдың түбінен қайырып алған қобызым,
Үйеңкінің түбінен үйіріп алған қобызым» Қорқыт.

2. Қабаққа біткен қайыңның беріші еді, безі еді,
Өтіндей - ақ аюдың, әкемнен қалған көз еді».

Ағаш туралы ырымдар:
1. Түсінде ағаш көрсе, адам байиды – деп жорамалдаған.
2. Жеміс ағаштары күзде қайта гүлдесе, алдағы қыс жылы болады.
3. Емен ағашының ұрығы көп болса, қыс қатты болады.
4. Ағашты, өсімдікті сәрсенбі күні отырғызса, несібе мол болады.

3. Жаңа сабақ.
Оқушыларға проблеманы болжау сұрақтарын қоямын.
1. Қыс мезгілінде жер үйде тұратын адамдар үшін қандай проблемалар кездеседі? ( от жағу, қар күреу…)
2. Сендер ата - аналарыңа көмектесесіңдер ме?
3. Қар күреу үшін не керек? (қар күрейтін күрек)
4. Күректі қайдан аласыңдар? (магазиннен, базардан…)
5. Сендердің бойларыңа сай күрек кездесе ме?
6. Күректер қанша тұрады? (1000 - 1500теңге)

Сонымен біз бүгін өз қолымызбен бойымызға сай, жеңіл, қар күрейтін күрек жасауды үйренеміз.
Мұндай күрек жасауға көп материал да қажет емес, мектеп шеберханасында оны жасауға керекті құрал жабдықтар да жеткілікті.
Бұйымның қызметі: ауланы қардан тазалау.
Қажет материалдар: ағаш, шебік (фанера), қаңылтыр, бұрама шегелер.
Ал бұйым төмендегі кестедегі талаптарға сай болу керек.
Қауіпсіз жасалатын
Бұйым мөлшері жас ерекшелігіне сай болу керек
Жасалуы қарапайым
Тез табылатын қымбат емес материалдардан

Ағаш күрек.
Әдемі дизайн.
Экономикалық шығын көп емес.
Жасауға қажетті материалдар мен жабдықтар жеткілікті.
Еңбек шығыны да көп емес.
Қолдарыңа таратылған техникалық сызбасында барлық мәлімет көрсетілген. Жасалатын күрек бірнеше бөлшектен тұрады. Ал бұйым осы бөлшектерді құрастыру арқылы жасайды.

Қажетті материалдар тізбесі
1. калак
2. сап
3. табан
4. камыт
5. Табан тірегі
6. Шеге
7. Бұрандалы шеге

4. Сергіту сәті:
Сөзжұмбақ
1. Ағаштың қасиетті
2. Ағаш құрылысы
3. Ағаш бөлігі
4. Қолмен салынған зат бейнесі
5. Киіз үй сүйегін жасаушы шебер қолөнерші

«Адасқан сөздер» ойыны
Сөздерді ретімен орналастырып мақал - мәтелді құрастыру: (Тақтада сөздер ретсіз орналасып, ілінеді.)
Шешеннің сөзі мерген, ісіңе сен, күшіңе сенбе, шебердің көзі мерген.

Дұрыс жауабы: Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген.
Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

5. Сарамандық жұмыс
Оқушыларды 3 топқа бөліп, топтасып жұмыс жасауға шақырамын. Әр топқа жетекші бекітемін. Жетекшілерге сабақ соңында тобындағы оқушылардың жұмысқа қатысуын бағалайтыны ескертіледі.

*Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру
Жұмысқа дейін:
1. Жұмыс киімін ки
2. Жұмысқа қажетті құрал саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер
3. Жұмыс орынды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр
4. Жұмыс орында артық ешнәрсе тұрмасын.

Жұмыс кезінде:
1. Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт
2. Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған, әрі тұтқасы жарылмаған болсын.
3. Нұсқау карта бойынша әр амалды өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар.
4. Жұмыс орынды әрдайым тазалап отыр
5. Жұмыс кезінде алаңдама
6. Құрал - сайманың бүлінсе, міндетті түрде ауыстырып ал.

Жұмыстан кейін:
1. Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр
2. Жұмыс орынды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды.
3. Өзіңді ретке келтір
4. Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.

Қолдарына техникалық сызбаларды таратып беремін.
Оқушыларға техникалық сызбаға қарап күрек жасауға қажетті бөлшектерді жасап алу тапсырылады.
Топ жетекшілері бөлшектер толық дайын екенін хабарлап, күрек құрастыруға арналған технологиялық картаны таратады. Карта бойынша күрек құрастырылады.

6. Жаңа сабақты бекіту
- Ағаш күректі не үшін пайдалануға болады?
- Күрек жасауға қандай материалдар қажет?
- Ағаш күрек неше бөліктен тұрады?

7. Сабақты қорытындылау
Міне бүгін біз сабақта ағаштан қар күрейтін күрек жасауды үйрендік.
«Жас уақытта үйрену, тасқа жазған хатпен тең», деп Жанұзақ би бабамыз айтқандай жас кездеріңде өнер үйренгеннен үлкен олжа жоқ. Сондықтан бүгінгі жасап үйренген ағаш күректі үйлеріңе жасаңдар.

8. Үйге тапсырма:
48 беттегі тақырыпты оқу, үйде күрек макетін жасап келу.
9. Оқушылардың білімін бағалау: Топ жетекшілерінің бағасын тыңдай келе ескерту, мадақтау айта отырып оқушылар бағаланады.

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы,
Үштөбе ауылы, «Өкпеті» орта мектебінің
технология пәні мұғалімі Башахов Болат Орынғазыұлы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 280
1
3 дауыс
Оқи отырыңыз
Ағаш бетін көркемдеп күйдіру арқылы әртүрлі сурет бейнесін бейнелеу
Ағаш бетін көркемдеп күйдіру арқылы әртүрлі сурет бейнесін бейнелеу
Технология пәнін бейнелеу өнері және сызу пәнімен тығыз байланысты екенін іс жүзінде көрсету. Ағашты көркемдеп күйдіру технологиясын, әдістерін үйрету
Программалау еліне саяхат
Программалау еліне саяхат
REPEAT операторында қайталану шарты цикл соңында тексеріледі және цикл тұлғасы шарт жалған болғанша қайталанады. Ал WHILE - да керісінше. REPEAT - UNTIL қызметші сөздер арасында бірнеше оператор болса да bеgin - end операторлық жақшаны қолданбаса да
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Шылау
Шылау
Шылаудың басқа сөз таптарынан мынандай айырмашылықтары бар екні түсіндіріледі. - Шылаудың толық мағынасы болмайды. - Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды. - Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. - Шылаулар өзі
Компьютерлік графика және оның түрлері
Компьютерлік графика және оның түрлері
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №42 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Сатыбалдиева Индира Калдыбековна
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Гулжак
Гулжак Қонақ 22 ақпан 2016 17:07
0
Сабақ өте жақсы