Ацетилен және оның қасиеттері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы,
Ә. Науаи атындағы №17 жалпы орта мектеп
Химия және биология пәні мұғалімі
Нахипова Насиба Парменкуловна
Химия: 9 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Ацетилен және оның қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: ацетиленнің құрылысына сүйене отырып, алкиндердің физикалық және химиялық қасиеттерін, реакцияның жүру механизмін түсіндіру, генетикалық байланыстарға тапсырмалар орындау арқылы және есептерді шығара отырып білімді тиянақтау;
ә) дамытушылық: оқушыларды ацетиленнің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін жазып, тұрмыспен байланыстыра алуға, алған білімдерін қолданып сын тұрғысынан ойлана еркін жұмыс жасауға үйрету;
б) тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікті сезінуге, топта жұмыс жасай алуға, экологиялық біліммен ұштастыра тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақта қолданылатын әдістер: Венн диаграммасы, криптограмма, фишбоун, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмысқа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кластер, ацетиленнің шар өзекті моделі.
Құрал - жабдықтар мен қажет етілетін химиялық реактивтер: сынауықтар, газ шығаратын түтігі бар тығын, CaC2, H2O, Br2, KMnO4.
Сабақтың құрылымы:
а) ұйымдастыру бөлімі
ә) үй тапсырмаларын қайталау.
б) жаңа сабақ өту.
в) жаңа сабақты қорытып бекіту.
г) үйге тапсырмалар беру.
д) оқушылар білімін бағалау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын анықтау. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
ІІ. Өткен сабақты қайталау кезеңі.
1. Систематикалық кесте
(Мақсаты: Бұл жұмыста оқушылардың басым көпшілігі қамтылады. Әр оқушы өз мүмкіндігіне қарай сұраққа таңдау жасайды. Оқушылардың берген жауабына орай, келесі сабаққа кері байланыс алуға болады.)
Сұрақтары:
І. Алкендердің құрамы бойынша:
1) Қанықпаған көмірсутектерге қандай қосылыстар жатады?
2) Алкендердің номенклатурасын ата.
3) Алкендердің гомологтік қатары.
4) Этиленді көмірсутектер дегеніміз не?
5) Этиленді алғаш кім ашқан?
ІІ. Алкендердің құрылысы бойынша:
6) Изомерия дегеніміз не?
7) Гибридтелу дегеніміз не?
8) Этиленнің моделін жасап, құрастырыңыз.
9) Пропиленнің моделін жасап, құрастырыңыз.
10) Қос байланыстар деген не?
ІІІ. Алкендердің қасиеттері бойынша:
11) Алкендердің сапалық реакциялары.
12) Этиленнің физикалық қасиеттері.
13) Этиленнің жану реакциясы.
14) Марковников ережесі.
15) Алкендердің гидрлену реакциясы.
IV. Алкендердің қолданылуы бойынша:
16) Полимерлену реакциялары дегеніміз не?
17) Жеміс - жидектердің пісуін тездететін қанықпаған көмірсутек.
18) С. В. Лебедев кім?
19) Этилен және пропиленнен табиғи ортаны ластағыш қандай заттар алынады?
20) Алкендерді ауыл шаруашылығындағы зиянкестерді жою үшін қолдануға бола ма?
2. Кластер бойынша жұмыс.
(Мақсаты: оқушылар сын тұрғысына ойланады, алдыңғы білімнен түйінді ойды ғана жазуға бейімделеді).
Кластер толтыру. «Не білемін?»
Сергіту сәті. (Сенесің бе, сенбейсің бе?)
Сергіту сәтінде сұрақтар қойлады, егер сұрақ дұрыс болса «Иә» деп қолын алға созып эмоциямен жауап береді. Ал «жоқ» болса басын шайқап қолын оң солға сермеу арқылы қимыл қозғалыс жаттығуларын жасайды.
1. Сенесің бе, сенбейсің бе, алкендердің гомологтық қатары этиленнен басталады.
2. Сенесің бе, сенбейсің бе, этилен ауадан ауыр газ.
3. Сенесің бе, сенбейсің бе, қанықпаған көмірсутектерге қосылу реакциялары тән.
4. Сенесің бе, сенбейсің бе, алкендердің жалпы формуласы СnН2n+2.
5. Сенесің бе, сенбейсің бе, этиленнен этил спирті алынады.
6. Сенесің бе, сенбейсің бе, алкандарды жоғары температурада айыру арқылы алкендер алуға болады.
ІІІ. Жаңа сабақ кезеңі.
Кіріспе.
1. Жаңа сабақ мазмұнын баяндау:
Құрамы → Құрылысы → Қасиеттері → Қолданылуы
2. Ацетиленнің ашылу тарихы.
Проблемалық сұрақ: «Қоқыс жәшігінен табылған жаңалық»
(CaC₂ нің неміс химигі Ф. Вёлер тарапынан кездейсоқ ашылуы).
3. Криптограмма.
Криптограмманы дұрыс шешсеңіз, ацетиленге 1860 ж. бірінші рет осы атауды берген француз химигінің фамилиясы келіп шығады.
4. Мағынаны тану. Демонстрациялық тәжірибе.
1. Карбидтік әдіспен ацетилен алу.
Ацетиленді алу үшін газ шығаратын түтігі бар тығынмен жабылатын, ішіне 1/3 бөлігіне дейін су құйылған сынауыққа бұршақ дәніндей СаС₂ саламыз. Газ бөлініп шығады. Реакция теңдеулерін жазамыз.
СаС₂ + 2HOH = Ca (OH)₂ + C₂H₂ ↑
2. Бөлінген газды бром суы, калий перманганаты ерітіндісі бар ыдыстарға жіберіп, түссіздену құбылысын бақылаймыз.
3. Бөлініп жатқан газды түтіктің аузында жағамыз. Ацетилен түтінденіп, қызыл жалынмен жанады. Реакция теңдеулерін жазамыз.
2C₂H₂ + 5O₂ → 4CO₂ + 2H₂O
Техника қауіпсіздігі ережелері.
Ацетиленнің ауамен немесе оттекпен қоспасы қопарылғыш болады. Сондықтан ацетиленді пайдаланғанда қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Ацетиленді сыртында «Ацетилен» деген қызыл жазуы бар ақ түсті арнайы баллондарда тасымалдайды.
ІV. Сабақтың қорытындылау кезеңі.
1. Оқулықпен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.
(Оқулықтың 168 бетіндегі есептерді шығару).
А деңгейі.
Неге алкендер ашық жалынмен алкиндер түтінденіп жанады. Жауаптарыңызды бутен мен бутиннің молекула құрамындағы көміртектің масса үлесін есептеу арқылы дәлелдеңдер.
Ә деңгейі.
6 - есеп.
Мына айналымдарды жүзеге асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.
CaC₂ → C₂H₂ → CO₂ → CaCO₃ → CO₂
Б деңгейі.
7 - есеп.
Ацетиленнің жану реакциясының термохимиялық теңдеуі бойынша:
2C₂H₂ + 5O₂ → 4CO₂ + 2H₂O + 2600 кДж
5, 6 литр ацетилен (қ. ж.) жанағанда бөлінетін жылудың мөлшерін есептеңдер.
2. Топтық жұмыс. Оқушыларды 3 топқа бөліп, топ басшыларын сайлаймыз. (Туған күндеріне байланысты алкан, алкен, алкин атты 3 топқа топтастырамын).
І топ тапсырмасы.
Фишбоун әдісі арқылы ацетиленді сипаттау.
ІІ топ тапсырмасы Веен диаграммасы
Этилен
Ацетилен
Ұқсастықтары
ІІІ топ тапсырмасы.
Тақырыптың түйінді сөздері.
«Сөздер колбасы»
«Біздің тақырып»
V. Үйге тапсырма беру:
Зерттеу жұмысы: «Ацетиленді фонарлардың жасалуы» тақырыбында реферат.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Оқи отырыңыз
Қышқылдар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы.
Қышқылдар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы. № 6 (6. 4) көрсетілім. №7 (7. 1) зертханалық тәжірибе.
Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері
Ішкі секреция бездері үлкен емес: миллиграммен немесе граммен өлшенеді. Ішкі секрецияның маңызды безіне: гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, айырша без, бүйрек үсті безі жатады.
Алюминий және оның маңызды табиғи қосылыстары
Алюминий элементінің периодтық жүйедегі орны, табиғатта кездесуі, алынуы және оның қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы білім беру.
Күкірт және оның қосылыстары
Күкірт – бірнеше мыңдаған жылдардан бері адамдар пайдаланып келе жатқан элементтің бірі. Соның бір дәлелі: біздің дәуірімізге дейінгі 680 ж. теңіз соғысында арабтарға қарсы византиялықтар жаңа өте күшті қару «грек отын» пайдаланады.
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары

Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.