Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі

13 сәуір 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
«Біле бер, қанша білсең – тағы тіле,
Жетерсің мұратыңа біле, біле» (Жүсіп Баласаұғын)

Сабақтың тақырыбы: «Қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды Word мәтіндік редакторы туралы түсінік қалыптастырып, редактордың мәні мен мәзірі, сонымен қатар құралдар тақтасының құрылымы жайлы білім беру.
Дамытушылық: сабаққа қызығушылықтарын арттыра отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа, жолдастарын тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, презентация, Word мәтіндік редакторы.
Сабақта қолданылатын технология: ақпараттық - коммуникациялық технология элементтері, деңгейлеп оқыту технологиясының элементтері.

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру.
2. Жаңа сабақты меңгерту.
3. Жаңа сабақты бекіту.
4. Жаңа сабақты пысықтау
5. Бағалау.
6. Үйге тапсырма беру.
7. Сабақты қорытындылау.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру.
1. 1 Оқушылармен сәлемдесу.
1. 2 Сыныптың сабаққа дайындығын бақылау.
1. 3 Оқушыларды түгендеу.
1. 4 Оқушыларды сабаққа жұмылдыру.
1. 5 Үй тапсырмасын сұрау

Бүгінгі үйге берген сабақты “Стикердегі сұрақ” әдісі арқылы сұралады. Үй тапсырмасы мәтінмен жұмыс істеу болатын. Ол үшін әрқайсымыз берілген стикердегі сұрақтарға жауап бере отырып келесі оқушыға жалғауы қажет.

Егер дұрыс жауап берсе, Орташа жауап берсе, тіпті нашар жауап берсе
5- тік баға (көк)
4 -тік баға (сары)
3 -тік баға (қызыл)

Осы жетондар арқылы бағаланады.
1. Компьютердегі басып шығару құрылғысы? (Пернетақта)
2. Компьютердегі енгізу құрылғысын атаңыз? (Принтер)
3. Сурет салу программасы қалай аталады? (Пиксель)
4. Растрлық бейненің ең кішкентай элементі? (Пайнт)
5. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған программа? (Графикалық редактор)
6. Графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа? (Мәтіндік редактор)

ІІ. Жаңа сабақты меңгерту (презентация арқылы баяндау, түсіндіру).
2. 1 Word мәтіндік редакторы.
Microsoft Word бағдарламасы – бұл мәтіндік құжаттарды әзірлеуге, қарап шығуға, түрлендіруге және басып шығаруға арналған Microsoft Office қосымшасы. Басқаша айтар болсақ, Microsoft Word – бұл мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік процессор. Сонымен қатар, бұл бағдарлама мәтіндік құжатқа суреттерді, диаграммаларды, кестелерді кірістіруге, орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетуге және басқа да көптеген амалдарды орындауға мүмкіндік береді.
Бағдарламаны бірнеше тәсілмен іске қосуға болады:
Егер Сіздің компьютеріңізде Microsoft Office 2003 және одан бұрынғы нұсқалар орнатылған болса, Word қосымшасын былайша іске қосасыз:
Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Office – Microsoft Word. Егер сіздің компьютеріңізде Microsoft Office соңғы нұсқасы орнатылған болса, онда Word - ты былайша табуға болады:
Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Office.
Microsoft Word бағдарламасының терезесі (6. 1 - сурет) мынадай негізгі элементтерден тұрады:

Тақырып жолағы – онда терезені басқару батырмалары және құжаттың атауы орналасады.
Мәзір жолағы. Мәзірдің әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан құралады:
«Стандартты» құралдар үстелі – Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Көшіру, Қою сияқты негізгі стандартты әмірлерді қамтиды.
«Пішімдеу» құралдар үстелі – мәтін үшін талап етілетін параметрлерді және оның құжаттағы орнын (туралауды) белгілеуге арналған.
Сызғыш – құжаттың өрістерін және өрістерден шегінуді белгілеуге мүмкіндік береді. Көлденең сызғыш құжаттың оң жақтағы және сол жақтағы өрістері мен шегіністерін белгілейді. Тік сызғыш үстіңгі және төменгі өрістерді белгілейді.
Шегініске мысал:
Тапсырмалар аймағы – пайдаланушы таңдауы бойынша орындала алатын құжаттың ағымдағы тапсырмаларын көрсетеді.

Айналдыру жолақтары – құжат ішінде қозғалып жүруге мүмкіндік береді.
Күй жолағы – құжаттың ағымдағы бетінің нөмірін, бөлім нөмірін, беттер санын және т. б. көрсетеді.

Әдепкіде құжат бет сызбасы режімінде көрініс табады, бұл жағдайда мәтінді беттерге бөлу автоматты түрде жүргізіледі. Біз құжат режімін мәзір жолағының Көрініс тармағындағы әмірлердің бірін таңдап өзгерте аламыз: Қалыпты – бет үзілімі жіңішке үзік сызықпен көрінеді немесе Толық бейне бетке – бұл ретте құжат толық бейне бетте көрінеді.

Құжаттарды әзірлеу тәсілдері
Microsoft Word ашық терезесінде жаңа құжат жасу үшін мына әрекеттердің бірін орындау қажет:
1. Стандартты құралдар үстеліндегі Жаңа батырмасын шерту.
2. Пернетақтада пернелер тіркесімін басу.
3. Файл мәзірінің Жаңа әмірін орындау, содан кейін оң жақта қалқып шыққан Құжатты жасау үстеліндегі Жасау бөлімінде Бос құжат дегенді басу. Осыдан кейін жұмыс істеуге дайын бос Word құжаты ашылады. Бағдарлама құжатқа Құжат1 деп атау береді, бірақ Сіз құжатты сақтау кезінде оған бірегей атау таңуыңызға болады.

Соңғы аталған тәсіл дайын үлгілерді қолдануға да мүмкіндік береді. Үлгі – бұл басқа құжаттарды жасау кезінде қолданылатын арнайы құжат. Word жинағында недәуір жиі қолданылатын құжаттар түрлеріне: түйінхаттар, есептемелер, күнтізбелер және т. б. арналған бірнеше дайын үлгі бар. Үлгілерді қолдану қалыпталған құжаттарды әзірлеуді біршама оңайлатады, бұнда Сіз жай ғана ұсынылған деректерді алмастыра аласыз.

Ашық тұрған Word бағдарламасында бұрыннан бар құжатты ашу үшін мына тәсілдердің бірін қолдану керек: Файл мәзірінен Ашу әмірін таңдаңыз немесе пернетақтада О пернелер тіркесімін басыңыз, бейне бетте Ашу сұхбат терезесі пайда болады.

Өзіңізге қажетті файлды екі рет шертіп көрсетіңіз. Егер ол файл жұмыс өрісінде жоқ болса, дәл осы сұхбат терезесін пайдаланып, оны басқа қалтадан не дискіден іздеп көріңіз.

Ағымдағы құжатты сақтау үшін Файл мәзірінен Сақтау әмірін таңдаңыз немесе пернетақтада пернелерін бірге басыңыз, егер Сіз құжатты алғаш рет сақтағалы отырсаңыз, бағдарлама Басқаша сақтау сұхбат терезесін ашады.

Осы сұхбат терезесін пайдаланып, файлға атау беріп, файлды сақтайтын орынды көрсетіңіз. Файлдың атауы мен сақтау орны Сіздің талаптарыңызға сай келетініне көз жеткізіп алып, Сақтау батырмасын шертіңіз. Кейіннен осы құжатпен жұмыс істеу барысында Стандартты құралдар үстеліндегі Сақтау батырмасын ауық - ауық басып отырған дұрыс.

Word бағдарламасы құжатын дискетке немесе флеш - картаға жазып алу үшін Файл мәзірінде Басқаша сақтау әмірін таңдау керек. Ашылған сұхбат терезесінде файлды сақтайтын орын тауып, Сақтау батырмасын басыңыз.

2. 2 қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту (практикалық жұмыс).
3. 1 Word мәтіндік редакторын іске қосып, таратпа карточкалармен жұмыс.
3. 2 Қорытындылау.

Оқушыларға тапсырмалар беру.
№1 тапсырма. Қаріп: Times New Roman, өлшемі: 14 пен өз аты жөніңізді жазып, жуан түрге келтіріңіз.
№2 тапсырма. Қаріп: Times New Roman, өлшемі: 14 пен тек үлкен әріппен өз аты жөніңізді жазып, қисайтыңыз.
№3 тапсырма. Қаріп: Times New Roman, өлшемі: 14 пен өз аты жөніңізді жазып, жазылғандардың астын сызыңыз
№4 тапсырма.
Қаріп: Times New Roman, өлшемі: 14 пен өз аты жөніңізді жазып, қызыл түсті қылып өз атыңыз бен сақтаңыз
№5 тапсырма. Қаріп: Times New Roman, өлшемі: 14 пен өз аты жөніңізді толықтай жазып, көк түске бояыңыз.
№6 тапсырма.
Қаріп: Times New Roman, өлшемі: 14 пен өз аты жөніңізді толықтай жазып жасыл түске бояап қисайтыңыз.

ІҮ. Сергіту сәті /Дене жаттығуы/

INSERT кестескестесі

V. Бағалау. Оқушылардың тапсырмаларды орындауына байланысты бағалау.
VІ. Үйге тапсырма. Оқулықпен жұмыс, 10 тест құрау

VIІ. Сабақты қорытындылау. /БҮҮ технологиясы/
1. Сабақта нені үйрендік?
2. Нені білдік?
3. Нені білгің келеді? Сұрақтарына жауап алу.

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы,
Ақсуат жалпы білім беретін негізгі орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі Баймұратова Айым Баймұратқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 525
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері
Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері
Анықтама: a f(x) =a g(x) a>0; a≠1 түрінде берілген немесе осы түрге келетін теңдеуді көрсеткіштік теңдеу деп атайды.
Microsoft Office Word - қа кіріспе. Microsoft Office Word - пен танысу
Microsoft Office Word - қа кіріспе. Microsoft Office Word - пен танысу
Microsoft Word - ты іске қосу, Word терезесімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу, құжатты пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Векторлық және растрлық графиканы құру мен өңдейтін программалар
Векторлық және растрлық графиканы құру мен өңдейтін программалар
Графикалық редакторларды екі топқа бөлуге болады: растрлық және векторлық. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Векторлық және растрлық графиканы құру мен өңдейтін программалар»
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі
WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды үйрету;
Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақсан ауылы, Баянауыл аудандық білім бөлімінің Ақсан жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Информатика пәнінің мұғалімі Абылкасова Балкен Көкенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.