Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Программалау еліне саяхат

17 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Алматы қаласы Медеу ауданы
Шоқан Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның
информатика пәні мұғалімі Маметова Гулназ Куатбековна

Сабақтың тақырыбы: Программалау еліне саяхат
Оқып - үйренудің негізгі мақсаттары
Білімділігі: Оқушыларды циклдік алгоритм бойынша өткен тақырыптарын еске түсіріп қайталау және пысықтау.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып,
олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды еркін сөйлеу білуге, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу.

Оқытуда қолданылатын әдіс – тәсілдер: Көрнекі - түсіндіру, салыстыру - талдау, өз бетінше жұмыс істеу, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, топпен жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың типі: Жарыс сабақ
Оқытудағы әдістемелік нұсқау: Өткен сабақты қайталау арқылы, оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, ғылыми - шығармашылыққа баулу.
Пәнаралық байланыс: Ағылшын тілі, орыс тілі, математика

Көрнекіліктер: Компьютер, интерактивті тақта, презентация, үлестірмелі карточкалар, мақтау қағаздары.

Сабақтың барысы
I. Сабақтың басталуын ұйымдастыру 1) сынып оқушыларының назарын сабаққа аудару
2) бүгінгі сабақтың мақсатымен, жарыстың ережесімен таныстыру, оқыту тәсілдерін талдау.
3) Топтың атын анықтау:
1. Қызыл алма – «Алгоритм» тобы;
2. Жасыл алма – «Программа» тобы;
3. Сары алма – «Оператор» тобы.

II. Жарыстың кезеңдері:
“Сиқырлы сандар” елі
«Атақты тұлғалар» елі
Демалу уақыты
“Полиглот” елі
“Сиқырлы есептер” елі
“Паскаль” аралы

1. «Сиқырлы сандар» елі.
Оқушылар сиқырлы сандарды таңдау арқылы, оның артында жасырынған сұрақтарға жауап береді. Әр топ 3 сұраққа жауап береді.
1) Циклдік алгоритмге анықтама бер. Ж: Аргументтердің әртүрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауды ұйымдастыратын алгоритм
2) Қайталау саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылатын оператор. Ж: Параметрлі цикл (FOR операторы)
3) FOR операторының жалпы жазылу түрі
Ж: FOR :=m1 TO m2 DO
4) Егер қадам 1 - ге тең болып және бастапқы параметр (m1) соңғы (m2)
параметрінен кіші болса қандай операторды қолданамыз? Ж: FOR - DOWNTO
5) Қайталау саны белгісіз, алдын ала берілген шарт бойынша қайталау
операторы.
Ж: WHILE операторы
6) WHILE операторының жалпы жазылу түрі.
Ж: WHILEDO
7) REPEAT және WHILE операторының айырмашылығы қандай?
Ж: REPEAT операторында қайталану шарты цикл соңында тексеріледі
және цикл тұлғасы шарт жалған болғанша қайталанады. Ал WHILE - да керісінше. REPEAT - UNTIL қызметші сөздер арасында бірнеше оператор болса да bеgin - end операторлық жақшаны қолданбаса да болады. Ал WHILE - да операторлық жақша міндетті түрде қолданылады.
8) REPEAT операторының жалпы жазылу түрі.
Ж: REPEAT UNTIL
9) Циклдік алгоритм нешеге бөлінеді және оларды ата.
Ж: 3 - ке: параметрлі цикл, циклдің алғы шарты, циклдің ілесу шарты

2. «Атақты тұлғалар» елі.
Оқушыларға ғалымдар жайлы мәлімет беріледі. Олардың міндеті – жасырынған тұлғаның атын табу.
1) Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым – әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Байронның қызы. Ж: Ада Лавлейс
2) 1642 жылы бұл француз математигі он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектермен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Ж: Блез Паскаль
3) Қазіргі таңда бұл адам атақты „Microsoft„ компаниясының президенті.
13 жасында алғаш программасын құрған. Ж: Билл Гейтс
4) Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан баталады. 1833
жылы бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын „Аналитикалық машина„ жобасын жасады. Сондықтан да оны қазіргі компьютердің “атасы” деп те атайды.
Ж: Чарльз Бэббидж
5) Швейцариялық бұл ғалым Паскаль программалау тілін 1968 - 1971 жылдары оқып үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын.
Ж: Никлаус Вирт
6) Бұл ғалым алгоритм ұғымын енгізген әйгілі араб математигі.
Ж: Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл - Хорезми

3. «Полиглот» елі.
Әр топқа 3 сөйлем беріледі. Топ оқушылар сол сөйлемде түсіп қалған сөзді тауып, сол сөздің түбірін орыс, ағылшын тілдерінде айтулары керек.
1) WHILE операторы______________ алдын ала тексереді.
Ж: шартты – условный – conditional
2) Егер есепте қайталанудың саны ________________ болса, WHILE операторы қолданылады.
Ж: белгісіз – неизвестный (неопределенный) – unknown
3) Параметрлі қайталану (FOR) операторының __________ түрі болады.
Ж: екі – два - two
4) REPEAT операторы шартты соңынан _____________.
Ж: тексереді – проверять - check
5) Егер есепте ________________ саны белгілі болса FOR операторы қолданылады.
Ж: қайталау – повторить - repeat
6) WHILE операторында егер шарт ______________ болса, цикл тұлғасы орындалады, ал керісінше болса циклді орындау доғарылады.
Ж: ақиқат – истина (правда) - true
7) Циклдік оператордың _______ түрі болады.
Ж: үш – три – three
8) Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде __________ немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет.
Ж: бүтін – целый - integer
9) FOR операторында егер ______________ +1 - ге тең болса, онда операторда TO, ал керісінше – 1 - ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
Ж: қадам – шаг - step

4.«Сиқырлы есептер» елі. Әр топқа жеке - жеке үш операторға арналған есептер беріледі. Берілген есептерді Паскаль АВС программасында шығару керек.
1 - есеп. 1 ден 10 - ға дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табудың программасын құру керек.

III. Сергіту сәті Әр топқа арналған сергіту жаттығулары:
1. 10 айырмашылығын табу
2. Суретте қанша шаршы бейнеленген?
3) Неше адам жасырынған?

IV. Сабақты қорыту Топтың жинаған алмалар санымен сәйкесінше 1, 2, 3 орындар беріп, марапаттау.

V. Рефлекция
Оқушылар жинаған алмаларға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін немесе тілектерін жазып тақтаға іледі.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
2 802
1
14 дауыс
Оқи отырыңыз
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Зат есім
Зат есім
Балалар, бүгін МОРФОЛОГИЯ патшалығына ЗАТ ЕСІМ еліне барамыз. Ол жерде барлық заттың атауын білдіретін сөздердің басын қосып, олардың қалай айтылып, қай жерде жүретініне басшылық жасап, жөн сілтеп, жол көрсетіп, ақыл айтып отырған ақылшы хан болыпты.
Алматы - бас қалам.  Жас қала - Астанам
Алматы - бас қалам. Жас қала - Астанам
Жарасқан Әбдірешовтің «Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. 2) Өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін арттыру.
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы селосы, Н. С. Манаев атындағы жалпы орта мектебінің биология пән мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Компьютерлік графика және оның түрлері
Компьютерлік графика және оның түрлері
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №42 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Сатыбалдиева Индира Калдыбековна
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Kainica
Kainica Қонақ 2 мам 2016 10:10
0
"Программалау еліне саяхат" тақырыбында өткізілген сабақ маған ұнады.