Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Көрісу

26 ақпан 2017, Жексенбі
Үздік ашық сабақ сайысы
Бөлімнің тақырыбы: Әдет - ғұрып, салт - дәстүрлер. Наурыз 7 - сынып (екінші тіл)
Сабақтың тақырыбы: Көрісу
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
О6. Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау
7. О6. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар:
• тақырып бойынша үйренген сөздерін сабақ үрдісінде қолдану;
Көптеген оқушылар:
• мәтінге қатысты өз көзқарасын анық білдіру;
Кейбір оқушылар:
• мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру;
Бағалау критерийлері:
• Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана алады;
• Мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстырады
Тілдік мақсаттар:
Пән лексикасы және терминология: Өңір, дәстүр, көрісу, несібе бата беру,
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Маған ұнаған тұсы.... Менің ойымша,... Мен өз пікірімді білдірсем..
Мектеп құндылықтары: Өзін және қоршаған ортаға деген сыйластық; ынтымақтастық; жауапты азаматтық ұстаным; академиялық адалдық; өмір бойы білім алу; ашықтық;
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, АКТ
Осыған дейін меңгерілген білім: 7. Ж1. Мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазу. Айт мерекесі
Сабақта жоспар бойынша орындалуы тиіс іс - әрекеттер:
Сабақтың бастапқы кезеңі

Ұйымдастыру жұмысы.
Қызығушылықты ояту
Сынып оқушыларына
https://www. studystack. com/wordscramble - 2449759
studystack. com сайтынан «Наурыз мерекесі», «Көрісу күні» сөздерін әріпті құрастырып отырып таптыру. Бұл сөздер арқылы не білетіндіктерін еске түсіріп, ойларын білдіріп айтады.
Бүгінгі тақырыптың «Көрісу дәстүрі» екенін тауып айтып, сабақтың мақсаты және бағалау критерийлерімен танысады.
Алдыңғы сабақта тақырып бойынша үйренген сөздерін сөздіктен қарап еске түсіріп қайталап айтып шығады.
Сынып «Наурыз», «Көрісу», «Мереке» сөздерімен 3 топқа бөлінеді.
Сабақтың ортасы
Мәтіналды тапсырма

Сөздікпен жұмыс. Үш мүмкіндікті пайдаланады. Жұбында отырған оқушыдан сұрайды, сөздік кітапты пайдалана отырып табады. Басқа топта отырған оқушыдан көмек ала алады.
Тақтағы сөздер таныс па? Уақыт мөлшерін пайдалана отырып, алдымен осы сөздердің «Аударма сөздіктен» орысша аудармасын табады. Мағынасын ашу үшін «Түсіндірме сөздікті» пайдаланады.
Өңір -
Дәстүр -
Көрісу -
Сандық -
Құшақтасу -
Несібе -
бата беру -
Сөздікпен жұмыс жасаған соң, әр топ 2 сөздің мағынасын анықтап түсіндіріп айтады.
f Қалыптастырушы бағалау.
Кері байланыс.
- Топ өз жұмысын белсенді атқара алды;
- Тақырыпқа қатысты сөздерді үйренді;
- Сол сөздерді сөйлегенде қолдана алады,

Мәтінмен жұмыс.
Сынып ортаға шеңбер құрып отырады. Оқушыларға мәтін таратылады.
Еліміздің батыс өңірлерінде Наурыз мейрамына алдын ала үлкен дайындықтар жасалады. Өйткені, қыстан аман - есен шыққан халық бір - бірімен қауышып, амандық, саулық сұрасады. Осы тұста есте қалатын мерекелердің бірі - 14 наурыз Көрісу мерекесі. Сол күні ауыл балалары үй - үйді аралап, үлкендердің «Жасың құтты болсын!» деп берген батасы мен тәттілерін алып, бір қуанып қайтады. Қай жерде болсын, бір - бірімен кездескен ауыл тұрғындары қол алысып, «Бір жасыңмен!» деп құшақтасып көрісіп жатады. Әрбір үй 14 наурызда сандығының түбіндегі қыс бойы сақтаған бар дәмдісін шығарып, «Қазан толы болсын!» деп дастарқан жаяды. Отбасының үлкендері балаларына, ағайын - туысқа ақ батасын беріп, наурызға аман - есен жеткеніне қуаныш тілек айтады. Әсіресе, қариялар үшін бұл - айрықша мейрам. Себебі, бірін - бірі көптен көрмеген ауыл үлкендері мал - жан амандығын сұрап, қуанышпен қауышып жатады.
Көрісу күні таң атқаннан бастап үй – үйді жағалап көріседі. «Кім ерте тұрып, 40 үйге кіріп, көрісетін болса, соған Қыдыр ата несібесін береді» деген де сөз бар.
Көрісу күнін бүкіл Қазақстан бойынша тойланатын мереке емес, оны тек батыс қазақстандықтар ғана атап өтеді.
Тапсырма 1. Мәтінді көз жүгіртіп оқу.

1. Мәтінде не туралы? Дәл әрі анық ойын жеткізе алу.

2. Еске сақтап оқу. Өзі қалаған бір сөйлемді есіңе түсіріп айту.

3. Мәтіндегі кейбір сөйлемге комментарий беру.
Еліміздің батыс өңірлерінде Наурыз мейрамына алдын ала үлкен дайындықтар жасалады. Өйткені,...
Сол күні ауыл балалары үй - үйді аралап, үлкендердің «Жасың құтты болсын!» деп берген батасы мен тәттілерін алып, бір қуанып қалады....
Әсіресе, қариялар үшін бұл - айрықша мейрам.....

f Қалыптастырушы бағалау

Кері байланыс.
- Мәтіннің не туралы екенін айта білді;
- Сөйлемдерді еске сақтауда белсенді болды;
- Еске сақтап айтуында белсенділік танытты, бірақ нақты айта алмады;
- Сөйлемге комментарий бергені ұнады, себебі, ойын еркін айтты;
- Комментарий беруде жеткізуге талпынды, нақтылық аз болды.

Оқушылар мәтінді тағы бір рет оқып шығады.

Тапсырма 2
Жұптық жұмыс.
Жұбымен пікірлеседі. 1 минут. Мәселе іздейді. Сөйлемдерге назар салады.
Мәтінде көтерілген мәселені табады. Оқығанда әрбір абзацтағы ойды нақытылай түседі.
Мәтіннің 3 абзацын назар аударсақ. Қандай ой барын аңғардыңдар.
Көрісу күнін бүкіл Қазақстан бойынша тойланатын мереке емес, оны тек батысқазақстандықтар ғана атап өтеді.

Бұл мерекені неге батыс қазақстандықтар ғана тойлайды? Неге өзге өңірлер тойламайды? деген мәселені алып, Алматы, Шымкент, Қостанай қалаларында тұратын достарына хабарлама жазады.
Хабарлама жазудың үлгісі:
- Мәселені анық, түсінікті тілмен жеткізе білу;
- Сөйлемдерді дұрыс құру;
- Көлемі 6 - 7 сөйлем болса;
- Топтағы оқушылар сағат тілімен А4 қағазына жазып шығады.

Оқушылар өз хабарламаларын сынып ішіндегі жіпке іледі, топ оқушылары танысады. Қай хабарлама ұнаса, соның жанына топтасып тұрады. Неліктен осы хабарлама ұнағанын айтып, бір - бірін өздері бағалайды.
f Қалыптастырушы бағалау
Кері байланыс.
- Бұл тапсырманы орындағаны ұнады.
- Мәселені таба алды.
- Хабарламаны жақсы жазды.
- Бірінші жазды. Қуаныштымын.
- Хабарлама жазуға талпынды, кейбір жерін жеткізе алмай қалды.
Ол ойын айтуға белсенділік танытты.

Сабақтың соңы
Рефлексия. Тостағандарға ойларын білдіріп жазып шығады.
Менің үйренгенім...
Маған ұнаған...
Мен үшін қиын болған...

Атырау қаласындағы химия - биология
бағытындағы Назарбаев зияткерлік
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Текеева Жанша Тажибаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 654
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Step 1. Food and drink
Step 1. Food and drink
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) *Жеміс, сусын, көкөністің ағылшынша аттарын айта алу *countable/ uncountable зат есімдерді айыра алуы *Қазақтың ұлттық тағамдары туралы ағылшын тілінде айтуға дағдылану
Үздік ашық сабақ, үздік ұстаз 2017
Үздік ашық сабақ, үздік ұстаз 2017
22 наурыз мерекесіне арнап «Әз – Наурызым, армысың» атты үздік сабақтар бәйгесі өткіземіз Жұмыстар 20 қазаннан бастап 25 наурызға дейін қабылданады. Жұмысқа қойылатын талаптар: Сабақ тек наурыз мерекесіне қатысты емес, кез келген тақырыпта ашық
Көл киесі-аққулар
Көл киесі-аққулар
1. Көлсай - тектоникалық көл. 2. Географиялық орны – Алматы облысы, Тянь - Шань тауының солтүстігі. 3. Көлемі - 161 045 га. 4. Тереңдігі - 80 метр.
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
Наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол - тіршілік арқауы - тамақ. Малдың қыстан аман шығуы, оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам - жаңа жыл болып саналған.
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Атырау қаласындағы химия - биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Текеева Жанша Тажибаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.