Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Б. Соқпақбаев. «Менің атым Қожа» (Қожа бейнесі)

19 ақпан 2016, Жұма
Атырау облысы, Атырау қаласы
№4 облыстық шипажайлы мектеп - интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Азиева Айгул Жолболсынқызы

Қазақ әдебиетінен ашық сабақ 6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев. «Менің атым Қожа» (Қожа бейнесі)
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушыларға қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың повестімен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру, ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету;
ә) тәрбиелілігі: Қожа бейнесі арқылы оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі өнеге алуға шақыру, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу;
б) дамытушылығы: Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой - қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлау технологияларының стратегиялары, интерактивті сабақ элементтері, пікірталас, топтық, жұптық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, буклет, кітап көрмесі, кино фрагменттері, сұрақтар қорабы, слайд

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
«Майшам» жаттығуы (оқушылар шеңбер құрып тұрады)
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір - бірімізбен бірігіп, жақсы еңбек ету үшін бір - бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі ашық сабағымызды бастаймыз. Рахмет, балалар. Орындарыңызға отыруға рұқсат!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Оқушылар, біз қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаятын оқып шықтық. Автордың бұл шығармасы тіл қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Өздерің ойлаңдаршы, бұл хикаятты қанша оқысақ та, теледидардан көрсек те еш жалықпаймыз. Осы жерде қояр сұрағым бар. Көркем әдебиет пен киноның айырмашылығы бар ма? Болса, қандай?
Енді, балалар әлеміне осындай қымбат сыйлық «Менің атым Қожа» хикаятын тарту еткен Бердібек Соқпақбаевтың өмірін, шығармашылығын еске түсірейікші.
1. Жазушы қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
2. Қандай шығармаларын білесіңдер?
(Оқушылар сұрақтарға жауап береді)
- Жарайды, балалар! Енді хикаятты қаншалықты меңгердіңдер, кейіпкерлер қандай әсер қалдырды, қандай ой түйдіңдер, осының барлығы бүгінгі сабақ барысында білініп, бағаланбақ. Үйге тапсырма «Менің атым...» деген тақырыпта ой - толғау болатын. Қане, кім сабаққа дайындықпен келді?
- Қалай ойлайсыңдар, үй тапсырмасы неліктен «Менің атым...» деп аталады?
- Сендерге қандай есімдер ұнайды?
- Повесть қалай басталатын еді?
- Қожа өз атына риза ма?
- Осы тарауда қандай ұлттық салт - дәстүр туралы айтылған?
Оқушы: Балаға ат қою дәстүрі
Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң ел ішіндегі аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады. Кейде «Қырықтың білі Қыдыр» деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызатын сәттер болады. Көбіне молданы әкеп азан шақыртып, баланың атын қойғызған.
- Бірақ, амал нешік, сен қызылшақа боп жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке - шешең немес шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген. Қандай дәстүр сақталған ба?
Оқушы:
Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне дастархан жайылып, домбыра тартылып, ән салып, ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеретін той.
- Қазір бұл дәстүр сақталған ба? (оқушы жауабы)
- «Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген», - дейді кейіпкер. Ол кім? (Қожаберген)
Мұғалім: дұрыс, балалар! Өмірге келген кішкентай сәбиге азан шақырып ат қою дәстүрі әлі де жалғаса бермек.
Енді, оқушылар! «Бұл кім?», «Бұл қай сәт?» деген сұрақтар арқылы хикаятқа шолу жасап шығамыз. Қане, дайындалып отырамыз.

ІІІ. «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны
1. «Бұл кім?»
- Аузымды түтінге толтырып алып, жұтып кеп қалғаным сол екен бір керемет улы газ өңешімнен шеңгелдеп ала кеп түсті. Жер дүние төңкеріліп бара жатты. (Қожа)
- «Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады, өзін таныстырды...» (Сәбира Майқанова)
- «Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Сенің тентегіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Біреудің ала жібін аттаушы болма» (Анасы Миллат)
- Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын. Мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Сәйбек қарт)
- Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап - сыпсыңдағыш. (Жантас)
- «Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеумізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен - ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бсатықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер». (Сұлтан)
2. «Бұл қай сәт?»
- Терезенің тұсында мектептің бағы бар. Осыдан бес, алты жыл бұрын өз қолымызбен отырғызылған теректер. Бір теректің басына маймылша өрмелеп шығып алдым. (Пед. кеңес болып жатқан сәт)
- Қоңырау әлі бола қоймаған. Сол кезде басыма сап етіп, бір қызық ой келе қалды. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сөмкесіне сүңгіттім де жібердім. (Сөмкедегі бақаның шыға келу сәті)
- «Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін» (Бақа оқиғасынан кейін апасымен кездесер сәт).
Мұғалім: - Жарайды, оқушылар! Енді бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Сабағымыздың тақырыбы – «Түбі адам болатын бала». Мақсатымыз – хикаят бойынша ойымызды жинақтау, Жантаспен салыстыра отырып, Қожа бейнесін ашу.
- Сабағымызды хикаят бойынша өзімізге таныс кейіпкердің бейнесін саралаумен бастаймыз. Барлығымыз дәптерлерімізді ашамыз, ұнамды - ұнамсыз кейіпкерлерді екі топқа бөліп жазамыз. Бір оқу тақтаға шығып жазу керек. Тақтаға...
- Мына оқушымен келіспейтіндерің бар ма?
- Ал, мен кейбір саралауларыңмен келіспей тұрмын. Маған өз көзқарастарыңызды дәлеледеп көріңдерші.
Ұнамды кейіпкер ------------Ұнамсыз кейіпкер
Миллат --------------------------Қаратай
Майқанова ---------------------Сұлтан
Михайловна -------------------Жантас
Жанар
(оқушылар дәлелдеп шығады)
Мұғалім: - Иә, балалар! Сендер өз көзқарастарыңды дәлеледеп шықтыңдар. Оларыңды мен де құптаймын. Мен бұл пікірді сендердің көзқарастарыңның нақты дәлелденуіне ықпал ету мақсатында пайдаландым. Сондықтан өмірде де әрқайсың өз позицияларыңның дұрыстығын дәлелдей біліңдер, саралай Сондықтан өмірде де әрқайсың өз позицияларыңның дұрыстығын дәлелдей біліңдер, саралай біліңдер.

ІҮ. «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі.
Ү. Пікірталас
Мұғалім: «Қожа қандай бала?» - деген сұраққа жауап іздейміз. Менің байқауымша, сіздердің пікірлеріңіз әртүрлі. Соған байланысты балалар екі топқа бөлінеміз. (Екі топ өз тұжырымдарын дәлелдейді)
І топ – жақтаушы топ. Қожаның ісі дұрыс деп, ойын дәлелдейді.
ІІ топ – даттаушы топ. Қожаның ісі дұрыс емес деп теріс шығарады да, дәлелдейді.
І топ – Жақсы бала жеткізеді мұратқа (Қожа – жақсы, алғыр, ақылды, әділетті, мейірімді)
ІІ топ – Тентек бүлдіреді, ата - анасын күйдіреді (Қожа – тентек, өтірікші, шыдамсыз, бұзық, тиянақсыз).

ҮІ. Жұптық жұмыс «Сұрақтар қорабы»

Мұғалім: - әрі қарай да өз ойын ашық айтып, өз пікірін қорғай алады деген сеніммен «Сұрақтар қорабы» бойынша жұмыс жүргіземіз. Қорапта түрлі түсті конверт салынған. Әр оқушының алдында түрлі түсті төртбұрыштар бар. Сол түрлі түсті төртбұрыштар бойынша 2 оқушыдан топтаса қойыңыздар. Жұптасқан түстеріңіз бойынша конверттерді таңдай отырып, сұрақтарға жауап береміз. Яғни, осы хикаяттың ішінен оқушы ережесіне жатпайтын Қожа мен Жантастың қандай ұнамсыз қылықтарын байқадыңдар, соны талдаймыз.
1. Лагерьге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың?
2. Оқулық алу үшін мұғалімді алдағаны дұрыс па?
3. «Қысқы кешті» жаттамаған Жантас не істеді? Онысын қалай бағалайсың?
4. «Қысқы кешті» жаттамаған Қожақандай күйде болды?
5. Қара Көже, мынаның не екенін білесің бе? Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен, көшедегі иттерді тәртіпке салуға қалатын болдың. Осы сөздермен Жантастың қандай сипаты көрінеді?
6. Сұлтанға еріп, «Бұзық бала» атануына көзқарастарыңыз? Бұндай балалар бүгін де араларыңда бар ма?
7. Түбінде адам болатын бала деуі не себепті?
- Міне, балалар! «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» дегендей сендер жақсылықты үлгі етіп, жамандықтан аулақ болады деген сенімдемін.
- Енді, балалар, хикаяттың басты кейіпкері Қожа туралы қандай пікір қалыптасты – осыны білу үшін Жантаспен салыстыра отырып, Венн диаграммасы арқылы мінездеме беріп көрейік.
ҮІІ. Венн диаграммасы
• Қожа - адал, адамгершілігі жоғары, қайырымды, кішіпейіл, уәдеге берік, ақындық бар.
• Ортақ - сыныптас, үлгерімдері жақсы, екеуі де Жанарды жақсы көреді.
• Жантас - екі жүзді, мақтаншақ, қызғаншақ, көрсеқызар, қу, өтірікші

ҮІІІ. «Шығармашылық кезең»
(оқушылар өздері дайындап келген үзінді көріністер қояды)
«Анасы мен Қожа»
Қожа:
- Мама
- Мама, сен жылап жатырмысың?
Мамасы:
- Иә, жылап жатырмын. Қайтейін жыламай. Қу жалғыз, сенен - ақ өлетін болдым ғой. Осы сен не боп барасың осы күннен - күнге. Бұл не сұмдық? Жүрген жеріңе шөп шықпағыр боп барасың ғой. Ұялмайсың ба, бір мезгіл елден - жұрттан. Қу, жалғыз - ау, айтшы не болды мұнша саған бұзылып? Өлтірдің ғой, мына сорлы анаңды. Ел бетіне қарағысыз қылдың ғой. Қайтем сені? Қайтем? Неге тыныш жүрмейсің? Осы саған не жетпейді?
Қожа:
- Маматай, қойшы. Ендігәрі...
Мамасы:
- Жолама! Мамам деуші болма мені. Құдайдың сендей бала беріп, азапқа сап қойғанынан да, қу бас тастағаны артық еді ғой.
Қожа:
- Қойшы, маматай! Ең соңғы рет кешірші! Ант етемін! (мамасының тізесін құшақтап жылайды)
«Әжесі мен Қожа»
Қожа:
- Қадыров Қожаның жеке бас құпия кеңесі ашық деп жариялаймын. Күн тәртібінде бір - ақ мәселе: тәртіпті, үлгілі оқушы болу үшін мен бұдан былай не істеуім керек?
(күн тәртібін протоколға мәнерлеп жазып, айнаға қарайды)
- Ал, сөйле, батырым?!
(Айнадан өзін келеке етеді, аузын қисайтып, ернін шығарып күледі. Содан соң қабағын түйіп, Ахметовке еліктеп үстелді тарс еткізіп қойып қалады)
- Түрегел!
- Отыр!
Әжесі:
- Неге шақырдың, Қожатай? (әжесі кіріп келеді)
Қожа:
- Сіз емес... Жайша. Мұнда құпия кеңес өтіп жатыр. Бөгет жасамаңыз.
Әжесі:
- Кеңесі несі?
Қожа:
- Кеңес дегеннің не екенін түсінбейсіз бе? Жиналыс, жиналыс өтіп жатыр.
Әжесі:
- Әкем - ау мынау не айтады? Жиналысы несі? Үстелді айнаның алдына неге қойдың?
Қожа:
- Түу, жарықтық - ай! Өзіңізге тиісті емес нәрседе не шаруаңыз бар? Мен құпия кеңес өткізіп жатырмын. Сізге қатысуға болмайды.
Әжесі:
- Қожатай, шыбыным... Сен бисмилла деші. Бисмилла деші, шыбыным. Түнде де ұйықтап жатып, жиылыс ашық, талқылаймын деп, бірдеңелерді айтып шығып едің, шошынып жүрсің ғой деймін. Бисмилла деші.
Қожа:
- Бисимилла! Бисмилла! Бисмилла! Болды ма? Жоқ тағы айтайын ба?
Әжесі:
- Шыбыным, жалғыздан - жалғыз отырып та жиналыс өткізе ме екен? Түн болса, сарылып көп оқисың. Осы сенің ұйқың қанбай жүр ғой деймін.
Қожа:
- Айналайын әжетай, барыңызшы. Бөгет жасамаңызшы!
Мұғалім:
- Рахмет, балалар! Қане, балалар, айтыңдаршы Қожа хикаяттың басында қандай бала болып көрінді?
- Сотқар, ұрыншақ, бұзық бала болып көрінді. Иттерді көрсе ұрынғысы келіп тұратын. Қателіктері көп болды. Соңынан түзелді.
Мұғалім:
- Иә, балалар, ол біраз тентектік көрсетті. Анасын да, мұғалімдерді де ренжітті. Бірақ соңынан Қожаның қатты өзгергенін көрдік, өз кемшіліктерін жойып, түбегейлі өзгерді, солай ма? Оған, яғни өзгеруіне қандай дәлел бар?
- Оның қаулы қабылдауы. Ол өзіне жиналыс жасап, қаулы қабылдады.
Мұғалім:
- Қандай қаулы? Мазмұны қандай?
1. Тәртіпті болу, дос болсын, қас болсын, бейбіт өмір сүру. Үлкенді аға, кішіні іні деп сыйлау.
2. Тәртіпсіздік жасағаны үшін өзін - өзі жазалау. Қалай жазалайтын еді?
3. Сұлтанмен қарым қатынасты үзу.
4. Үздік оқушылар қатарына ену.
5. Ұйықтар алдында өзіне - өзі есеп беру.
ІХ. Ой тастау. «Жаңа өмірге қадам»
Мұғалім:
- Ойланайықшы, Қожаның осындай қаулы қабылдауына не себеп болды? Анасын аяуы ма? Сәйбек қарттың сөзі ме? Майқанованың педкеңестен шығып бара жатқан сөзі ме?
(оқушылар жауабын айтады)
Х. Сабақты бекіту.

«Сұрақты ұстап ал!» ойыны
- Бердібек Соқпақбаев кім? Қай өңірде дүниеге келді?
- Қожаның азан шақырып қойған есімін ата?
- Басты кейіпкер Қожаның әкеге деген сағынышы шығарманың қандай тарауында?
- Футбол ойнауға бара жатқан Қожа мектеп алаңында кімді кездестіреді?
- Майқанова мен Қожаның арасындағы алғаш түсініспеушілік қандай оқиғадан кейін басталды?
- Сәбира Майқанова қандай пәннің мұғалімі?
- Орыс тілінен сабақ беретін мұғалімді ата?
- Пушкиннің «Қысқы кешін» өте жақсы жаттап айтқан оқушының аты?
- Қожаға әкесі туралы айтқан қария кім?
- Қожа кімнің тәрбиесінде болды?
- Майқанованың сөмкесіне бақа салған кім?
Мұғалім:
- Міне, балалар, біз бар баланың сүйікті кейіпкері болған Қожа бейнесін аштық. Хикаят арқылы жас жеткіншектердің алғашқы қадамын, мінез - құлқының қалыптасуын, тілек - мақсатын ұқтық, жақсы мен жаманды айырып, өзімізге сын көзбен қарайтындай сабақ алдық. Қожа бар балаға үлгі болатындай тұлға екенін білдік.
ХІ. «Саржайлау» әні орындалады.
ХІІ. Үйге тапсырма
ХІІІ. Бағалау

Толық нұсқасын жүктеу
18 119
1
6 дауыс
Оқи отырыңыз
Динара Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол»
Динара Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол»
Мәтінді түсініп оқуға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету; қазіргі таңда ғаламторлық ойындардың адам денсаулығына зиянын тигізетінін оқушыларға жете түсіндіру.
Болымды және болымсыз етістіктер
Болымды және болымсыз етістіктер
Тыйым сөздермен жұмыс. Балалар, қазақтың ырым, тыйым сөздері – кез келген адамды жамандық жасамауға, әдепті болуға үйрететін тәлімі мол сөздер. Ендеше, тыйым сөздер айтып көрейік. 1. Бос бесікті тербетпе. 2. Малды теппе.
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
Ілияс Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу» шығармасын таныту, өлеңнің құрылысына назар аудартып, талдау, «Бесік жырымен үндестігін ұғындыру;
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы селосы, Н. С. Манаев атындағы жалпы орта мектебінің биология пән мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Омоним, синоним, антонимдер туралы түсініктерін тексеру, өткен тақырыптарға мысалдар келтіру.
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Дильназ Сактапбергенова
Дильназ Сактапбергенова Қонақ 13 ақпан 2018 12:07
2
Мен Дилназ маған бұл оқиға оте қатты ұнады.