Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы

15 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Павлодар облысы, Павлодар қаласы
№ 2 жалпы орта білім беру мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Жүнісова Сәуле Қапанқызы

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы

Сабақтың мақсаты:
Біліимділік: 1) Үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы ұғымдарын қалыптастыру;
2) практикалық есептеу дағдыларын бекiту;
Дамытушылық: Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге,
практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге баулу.

Әдіс - тәсілдері: 1. Электронды оқулық
2. Іздендіру тәсілі
3. Сұрақ - жауап.

Сабақтың түрi: Біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы.
Көрнекілік: слайдтар «әңгімелесуші оқулық», интербелсенді тақта.

Сабақтың жүргiзiлу барысы:
I кезең: Ұйымдастыру кезеңі:

II кезең: Білімді жан - жақты тексеру кезеңі
Оқушыдан сұрау барысында барлық оқушының ынта - ықыласын, назарын белсенді түрде сабаққа жұмылдыру, бүкіл класты табысты жұмыс істеуге мәжбүр ету.
1. Өткен сабақта біз қандай тақырып меңгердік есімізге түсірейік?
2. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неше градусқа тең?
3. Доғал бұрышты үшбұрышта неше сүйір бұрыш болады? Неге?
4. Тік бұрышты үшбұрышта неше сүйір бұрыш болады? Неге?
5. Интербелсенді тақтаға алдын ала сызылған сызбалар бойынша ауызша есептер шығару

Сызбада көрсетілген үшбұрыштардың белгiсiз бұрыштарын анықта
6. Есептер шығару: Әр нұсқаға бір есептен ұсынылады жазбаша орындауға. Оқушылар өз жұмыстарын тақтамен тексереді.

1) Үшбұрыштың бұрыштары мына сандарға пропорционал 4, 5, 9. Бұрыштарды
табыңдар.
Берiлгенi:
АВС
<1:<2:<3=4: 5: 9
табу керек: <1;<2;<3
Шешу: <1=4х;<2=5х;<3=9х
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы теоремасы бойынша <1+<2+<3=1800
4х+5х+9х=1800
18х=1800
х=100
<1=400;<2=500;<3=900

2) АВС үшбұрыштың А бұрышы С бұрышынан 600 үлкен. Егер В бұрышы 460 тең болса, үшбұрыштың бұрыштары неге тең?
Берiлгенi:
АВС
<В=460
<А=<С + 600
Табу керек: <А,<В,<С=?

Шешуi:
<С=х
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы теоремасы бойынша <А+<В+<С=1800
Х+60+х+46=180
2х=180 - 106
х=37 0
<С=370,<В=460,<А=970

III кезең. Жаңа білімді меңгерту кезеңі: /іздендіру тәсілі/
Балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз үшбұрыштың сыртқы бұрышы. Дәптерлеріне тақырыпты жазыңдар. Компьютердің көмегімен оқушылар сұрақтарға жауап беру барысында жаңа тақырыпты өздiгiнен меңгередi.

1. Берiлген үшбұрыштың бұрыштарын ата.
2. берiлген үшбұрыштың бұрыштарына сыбайлас бұрыштар салыңдар.
3. үшбұрыштың сыртқы бұрышы деген не?
4. қалай үшбұрыштың сыртқы бұрышын саламыз?
5. үшбұрыштың бiр төбесiнде қанша сыртқы бұрыш салуға болады? Олардың градустык өлшемі қандай?
6. АВС үшбұрыштың В төбесiндегi сыртқы бұрышы 1250 тең. <АВС =?
7. үшбұрыштың iшкi бұрышы мен сыртқы бұрышына тең бола ала ма?
8. егер <А және <С белгiлi болса, <СВД=?

Қорытынды: үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екi iшкi бұрыштың қосындысына тең.
9. Теореманы дәлелдеу:
теоремадан шығатын салдар: үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес кез келген iшкi бұрыштан үлкен болады.

IV кезең: Жаңа сабақты меңгеруін тексеру:
Интербелсенді тақтаға алдын - ала дайындалған сызбалардан белгiсiз бұрыштарды анықта, дәлелдеген теорема бойынша.

V кезең. Оқушылар білімін бекіту:
- Үшбұрыштың екі сыртқы бұрышы 1000 және 1500 – қа тең. Үшінші төбесіндегі сыртқы бұрышын анықтаңдар./ жазбаша шығару/
Қорытындылау сабақты: /жаңа материалдың негізгі идеяларын қайта айтып бере алу, негізгі ұғымдардың түйінді мәселелерін бөліп ала білу/
- Сабақтан не алдық? Не білдік?

VI кезең. Оқушыларды үй тапсырмасы туралы информация беру, оны орындауға нұсқаулар беру. Үй тапсырмасы / дараланған / №156, 170 есептер; сұрақтары.

Толық нұсқасын жүктеу
11 143
0
7 дауыс
Оқи отырыңыз
Зат есім
Зат есім
Балалар, бүгін МОРФОЛОГИЯ патшалығына ЗАТ ЕСІМ еліне барамыз. Ол жерде барлық заттың атауын білдіретін сөздердің басын қосып, олардың қалай айтылып, қай жерде жүретініне басшылық жасап, жөн сілтеп, жол көрсетіп, ақыл айтып отырған ақылшы хан болыпты.
412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Бекболат ауылы, 1 Май орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джанкенова Анаргуль Куанышевна
Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есімнен өткенді қайталау
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі Шынаргуль Сагиндыковна Мальшубаева
Геометриялық прогрессияның алғашқы n – ші мүшесінің формуласы
Геометриялық прогрессияның алғашқы n – ші мүшесінің формуласы
Аңыз бойынша үнді ханзадасы Сирам шахмат ойынын ойлап тапқан өнертапқыштан сыйлыққа не қалайтынын сұрайды.
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыс
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыс
Ойын ережесі Ойынды бастамас бұрын банктен 25 пайыздық жылдық үстемемен 2000 теңгеден несие аласыңдар. Жыл соңында, яғни сабақ аяқталарда банкке несиелеріңізді үстемесімен қайтаруларың керек.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.