Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту

15 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Алматы облысы, Қарасай ауданы,
Бекболат ауылы, 1 Май орта мектептің
бастауыш пәні мұғалімі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Джанкенова Анаргуль Куанышевна

Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: 412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Санның ондық жүйесі мен амал қасиеттері жайлы білімге сүйеніп, үш таңбалы сандарды, жазбаша қосу және азайту амалдарын орындау. Жазбаша есептеу тәсілдерін орындаудың алгоритмімен танысады. ұзындық, уақыт өлшемдері арасындағы қатынас жайлы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойы мен математикалық тілін дамыту. Есепті шығару және түрлендіру, қарапайым өрнектің мәнін табу және ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс.
Көрнекілік: Қосу және азайту кестесі, геометриялық фигуралар, бұрыш түрлері кестесі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз,
Апайларды көргенде,
Достарымды көргенде,
Қуана қуана амандасамыз,
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Сәлеметсіз бе, апай!
Сәлем, сәлем, сәлем!
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

ІІ. Сабақтың мақсатын қою кезеңі. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен үш дидактикалық мақсатын хабарлау.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Ауызша есептеу.
1. Ойын «Чипполинаға көмектес!» берілген екі таңбалы сандардың құрамын жазып, кейіпкерге «үйшік» салады.

2. Математикалық диктант
8 бен 7 сандарының көбейтіндісінің мәнін тап; 8х7=56
2 мен 8 сандарының көбейтіндісінің мәнін тап 2х8=16
23 санын 6 ға арттыр 23+6=29
18 саны шығу үшін 9 санын неше есе арттыру керек? 18: 9=2
Қай саннан 5 - ті азайтқанда 23 шығады 28 - 5=23
Қай сан 14 тен 7 есе кем? 2 саны
3. Өрнекте:
4дм=40см
18дм=180см
2дм7см=27см
57см=5дм 7см

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі.
1 - тапсырма Түсіндірме мәтінмен жұмыс.
412+279=691

... жазамын
Бірліктерді қосамын, сонда бір ондық шықты оны есте сақтаймын
Ондықтарды қосамын... және тағы 1 онд. қосамын.... Жүздіктерді қосамын Жауапты оқимын...

Жазамын
... бірліктерді азайтамын, бірақ та 1<9, сондықтан 9 бірлікті 1 ондықтан және 1 бірліктен азайтамын (1 ондықты 9 ондықтан алдық, ұмытып кетпес үшін, оның үстіне нүкте қоямын) Ондықтарды азайтамын... Жүздіктерді азайтамын... Жауапты оқимын...

523+268=791
684 - 327=357
318+536=854
435+329=764
775 - 516=259
634 - 318=316
627+128=755
851 - 426=434
854 - 417=437

2 - тапсырма

Бағбан - 354
1 күн - 117
2 күні - 97
қалды?
Ш: 354 -(117+97) =140
Жауабы: 140 түп қалды

Лагерьде - 264
Ұл - 138
Қыз -?
Неше ұл бала артық?
Ш: 264 - 138=126қыз
138 - 126=12 ұл артық

ІҮ. Түсінгендерін тексеру кезеңі.

3 - тапсырма
Оқушыларды топқа бөлеміз
Қызыл түс
Бір креслоның 4 аяғы бар. 5 креслоның неше аяғы бар? 4х5=20

Жасыл түс
Сәкенде 8 марка бар, ал Мағжанда 3 есе артық. Мағжанда неше марка бар? 8х3=24

Сары топ
Қарағай қалқаны 2 жыл, ал шыршаныкі 6 есе артық уақыт өсіп тұрады. Шыршаның қылқаны неше жыл өсіп тұрады? 2х6=12

Көк топ
6 шақпақ қант 3 стаканға салынды. Әр стаканға неше шақпақ қант салынды?
3х6=18

Күлгін топ
Серік 27 ақ көгершін және 9 сұр көгершін өсірді. Серік өсірген ақ көгершіндер сұр көгершіндерден неше есе артық?
27: 9=3

4 тапсырма
7х6+6=48
3х10+9=39
9х6+18=72
6х8+12=60
5х6+5=35
7х6+4=46
3х9+27=54
5х6+22=52

Ү. Бекіту кезеңі

5 тапсырма
380 см=3м 80см
60дм=6 м
8м 3 см=803см
4м 8 дм=480см
630см=6м 3дм
5м 3 дм 6 см=536см

6 тапсырма
48: 8+32 - 54: 6=29
(35+65)- 21 -(16+8) =55
8х6+35: 5 - 19+2х5=46
18: 3х4+27+40: 8=56

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 7 – тапсырма
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу
11 912
0
4 дауыс
Оқи отырыңыз
Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақсан ауылы, Баянауыл аудандық білім бөлімінің Ақсан жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Информатика пәнінің мұғалімі Абылкасова Балкен Көкенқызы
XVIII ғасырдағы Солтүстік Америка
XVIII ғасырдағы Солтүстік Америка
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп - гимназия Тарих пәні мұғалімі Абуева Гүлжамал Серікбайқызы
Шылау
Шылау
Шылаудың басқа сөз таптарынан мынандай айырмашылықтары бар екні түсіндіріледі. - Шылаудың толық мағынасы болмайды. - Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды. - Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. - Шылаулар өзі
Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Тұрақты электр тоғы тарауын бойынша оқушылардың алған білім деңгейін анықтау. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың қарым - қатынасын дамытып, нашар үлгеретін оқушыларды ортаға тарту, тілдерін дамыту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.