Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Күйді жаттау әдісі

03 наурыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Музыка
Күйді жаттау әдісі.
Жоспар:
Сабақтың тақырыбы: Күйді жаттау әдісі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыға күймен жұмыс жасауға, күйді тезірек жаттау әдісін үйретуге, оны сезініп ойнауға, түсінуге баулу.
Білімділік: Оқушыға домбыраны меңгерту арқылы оның музыкалық білімін арттыру, есте сақтау қабілетін жетілдіру.
Дамытушылық: Нотаны оқушы сауатты оқып, оны орындауға, әсерлігін, сезінуін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыны күйге деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, өнерпаздыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Қазақ музыка әдебиеті, сольфеджио.
Көрнекілік: Сабақты слайд арқылы көрсету, бейне таспа арқылы күйлерден үзінділер тыңдату.
Оқытудың формасы: Оқушымен жеке жұмыс жасау.

Сабақтың жоспары:

I. Бөлім: Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру.
б) Үй тапсырмасы: Этюд - №1 - Л. Хамиди оқушының қолын жүргізу үшін жаттығу ретінде қайталату. (5мин)
II. Бөлім: Негізгі бөлім:
а) Күй туралы түсінік беру. (5мин)
б) Дәулеткерей Шығайұлының өмірі мен күйлерін атап өту. (10мин)
в) Тақырыпқа байланысты Дәулеткерей Шығайұлының күйі «Қыз Ақжелең». (10мин)
III. Бөлім: Қорытынды:
а) Оқушыға тест шештіру (5мин)
б) Сабақты пысықтау. (5мин)
в) Үй тапсырмасын бекіту. (3мин)
г) Оқушыны бағалау. (2мин)

Сабақтың барысы:
I. Саламатсыздар ма құрметті оқытушылар!
Мен бүгін ашық сабағымды 2 класс оқушысына өткіземін. Сабақты бастамас бұрын оқу құралдарын тексеремін. Дұрыс отырып, домбыраны дұрыс ұстауын қадағалаймын. Үй тапсырмасы: Этюд №1 - Л. Хамиди жаттығу ретінде қайталатамын.

II. Енді бүгінгі сабағымыздың негізгі тақырыбы «Күйді жаттау әдісі» Күй туралы түсінік беріп өтемін.
Күй – қазақ халқының рухани мәдениетінің аса маңызды саласы.
Қазақ халқының күйшілік өнері сонау көне заманнан халқымызбен бірге жасасып, біте қайнасып, көзіміздің қарашығындай сақтап келе жатқан асыл қазыналарымыздың бірі.
Күй ұлы оқиғаларды, өмір шындығын, қазақ жерінде болған айтыс - тартысты, той - думанды, тұрмыс - тіршілікті, табиғатты суреттейді.
Осы тақырыпқа байланысты бүгінгі өтетініміз Д. Шығайұлының күйі «Қыз Ақжелең».
Д. Шығайұлының өмірбаяны, шығармашылығы туралы айтып өтемін.
Өмірбаяны

Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылдар шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Шығай да, Бөкей одасының ханы Жәңгір де оны бала жасынан ел билеуге, төрелік салтанат құруға тәрбиелеген. Алғашқы уақытта ол сол елдегі жеке - жеке руларды басқарады. Бірақ билікте жүрген адамның амалсыздан қатіез болатынын ол нәзік жүрегімен ерте түсінеді. Туысы Жәңгір ханның қарапайым қазақтардың жерін тартып алып, шұрайлы, өзен - сулы жайылымдарды, қыстауларды кең даламызға бойлай еніп келе жатқан орыс отаршылдарына беруі Дәулеткерейдің де ызасын келтірген. Тікелей қатыспаса да XIX ғасырдың орта тұсындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне тілектес болған деген дерек те бар. Мұны оның «Жігер» атты күйінен байқауға болады. Атақты музыка зерттеушісі, академик Ахмет Жұбановтың айтуына қарағанда, Дәулеткерейдің туған жиені, Кеңес өкіметінің тұсында өмір сүрген Науша Бөкейханов күйшінің елу шақты күйін тартады екен. Даңқты сазгер туралы, құнды деректер берген де сол кісі көрінеді. Дәулеткерей бала кезінде молдадан оқып, мұсылманша хат таныған. Ресейде білім алып, кейін генерал дәрежесіне дейін жеткен хан Жәңгір Ордада балалардың орысша білім алуына да жағдай туғызыпты. Дәулеткерей орысша үйреніп, оқи да, жаза да алатын болған. Кішкентайынан - ақ оқымысты бала атанған. Домбыраны тамаша орындаушы Мүсірәлі деген күйшіден шеберлікті үйренген.
Дәулеткерейдің халық тағдырын, елдің еркіндікке ұмтылу сезімін бейнелеген «Топан», «Жігер» атты күйлері тегеуріндігімен қоса тақсірет көрген ержүрек адамның салмақты, салиқалы тебіреніс - толғанысын бейнелейді.
Өткен ғасырдың 70 жылдары қайтыс болған Дәулеткерей, ұзақ уақыт өмір сүрмесе де артына өлмес, өшпес мұра қалдырып кеткен ұлы күйшілердің бірі.
Күйлері: «Желдірме», «Тартыс», «Ысқырма», «Қос алқа», «Көркем ханым», «Құдаша», «Жеңгем сүйер» т. б.
Үнтаспадан Д. Шығайұлының «Қос алқа», және «Құдаша», «Түрікмен» күйлерінен үзінді тыңдатамын.
Мысалы: Бұрын өткен «Қос алқа» күйін - оқушыға ойнатамын.
Күйді буынға бөлемін:
1. Бас буын
2. Орта буын
3. Орта буынның дамуы
4. Саға
5. Сағаның дамуы
6. Орта буын
7. Қорытынды
Осы тақырыпқа байланысты бүгін Д. Шығайұлының күйі
«Қыз Ақжелеңді» - алып отырмын. Күйді өзім ойнап көрсетемін.
Бұл күйді де буынға бөлемін.
1) Өлшем бірлігін, екпінін қағыстарын нотаға қарап, ауызша талдап аламыз.
2) Домбыраны қолға алып, ерекше жерлерін көрсетіп, құйма құлақтық әдісімен жаттығу ретінде, ерекше жерлерін өзім ойнап, оқушыға қайталату.
3) I – сағаны нотаны тікелей оқу арқылы баяу екпінмен тартып шығу.
4) Нотаны тікелей оқу арқылы мұғаліммен тоқтамай қосылып орындау.

III. Сұрақ - жауап арқылы өтілген сабағымды пысықтап, қайталап өтемін. Тест шештіремін.
Қ Ы З А Қ Ж Е Л Е Ң

1. Қайталау белгісі:
а) кварта
б) нота
қ) реприза
2. Әртүрлі дыбыс ұзақтықтарының белгілі мерзімде алма - кезек ауысуы
в) нота
ы) ырғақ
и) сызық
3. Музыкалық дыбыс
з) нота
а) белгі
д) сызық
4. 1 - ге саналатын нота
а) төрттік
в) сегіздік
ғ) бүтін
5. Қатты ойнау белгісі
б) р
в) m f
қ) f
6. Мажор қалай ойналады?
м) көңілсіз
ж) көңілді
и) әуенді
7. Қозғау белгісін ата.
т) тоника
е) диез
в) кварта
8. Музыкада неше нота бар?
в) үш
г) бір
л) жеті
9. Бірінші сызықтың бойындағы нота
ф) си
е) ми
г) до

10. «До» мен «ре» нотасының арасы қандай интервалға тең
с) кварта
ң) үлкен секунда
д) квинта

1) Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
2) Оған байланысты біз қандай күй алып, талдадық?
3) Авторы кім?
4) Тестте қандай күйдің аты шықты?
Оқушыны сабаққа белсене қатысқаны үшін бағалап, үйге тапсырма беріп, күнделігіне жазып беремін.

Қызылорда облысы,
Қазалы аудандық балалар әуез мектебінің
домбыра класының І санатты оқытушысы
Мұстафа Алтынгүл Қанафияқызы
4 049
0
4 дауыс
Оқи отырыңыз
Foreign language in our life (Шетел тілі біздің өмірімізде)
Foreign language in our life (Шетел тілі біздің өмірімізде)
Студенттердің шетел тілі пәні бойынша білім деңгейін анықтау, танымдық қабілетін, білім - білік дағдысын, эстетикалық - өнегелік ортасын қалыптастыру, шетел тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамын үрмелі және ұрмалы аспаптарсыз елестету мүмкін емес. Қазақ халқында көне үрмелі сыбызғы аспабы сақталған. Сыбызғы аспабы ешқандай өзгеріске ұшырамай, өзінің о бастағы табиғи түпнұсқа қалпын сақтап қалды.
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Шылау
Шылау
Шылаудың басқа сөз таптарынан мынандай айырмашылықтары бар екні түсіндіріледі. - Шылаудың толық мағынасы болмайды. - Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды. - Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. - Шылаулар өзі
Күй сандықты ашамыз
Күй сандықты ашамыз
БҚО, Ақсай қаласы №3 МДБҰ Жоғары санатты музыка жетекшісі Нуралиева Галия Аленовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.