Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ғылым мен білімнің дамуы

12 наурыз 2016, Сенбі
Категориясы: Тарих
Ғылым мен білімнің дамуы
Қазақстан тарихы 7 сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Орта ғасырда ғылымның дамуы мен оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен оқушыларды жан - жақты таныстыра отырып, шығармалардың тарихи маңызы туралы түсінікті қалыптастыру;
2. Оқушылардың тарихи - ғылыми еңбектерді талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
3. Қазақ халқына қатысты тарихи шығармаларды өмірде орынды қолдана білуге, олардан тәлім - тағылым, білім алуға, өз Отанына қатысты деректерді ізденуге,
тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, уақыт шеңбері, шығармашылық жұмыс, гармошка әдісі, санадағы кинофильм, интернет желісімен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Орта ғасырлық Қазақстанның картасы, интерактивті тақта, суреттер

І. Ұйымдастыру
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу
2. Оқушыларды топқа бөлу (алма, мандарин, банан)
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (уақыт шеңбері арқылы)
Оқушылар ортаға шығып дөңеленіп тұрады
1. Мұсылманша жерлеу салты (адамның басы құбылаға қаратылып, жанына ешбір зат бірге қойылмай жерленеді
2. Христиандық крестің таңбасы салынған кірпіштер табылды? (Ақтөбе)
3. 714 жылы Шашты басып алған араб қолбасшысы? (Кутейба ибн Муслим)
4. Зороастра ілімі қай ғасырда қалыптасты? (ҮІІ - ІҮ)
5. "Дін үшін соғыс" ұранымен араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр Қазақстанның Оңтүстігіне басып кірді? (737 - 748жж)
6. Х ғ. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағанын жазған ғалым (Әл - Макдиси)
7. Арабтардың Қазақстанның оңтүстігіне басып кірген уақыты? (ҮІІІ ғ. ортасында)
8. Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным - сенім (тотемизм)
9. Ұлы Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай қандай дін таралған? (христиан)
10. Ислам дінінің нығаюы қазақ жерінде қандай салаларының дамуына ықпал етті? (ғылым мен білім)

ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбын білу үшін сіздерге мақал - мәтелдің жалғасын табамыз.
Ғылым - теңіз.... (Білім - қайық)
Ақыл азбайды......(Білім тозбайды)
Тіліңмен жүгірме.....(біліммен жүгір)
Наданмен қос болғанша.....(кітаппен дос бол)
Байлықтың кілті.....(ғылым)
Ілім бұлақ....(білім шырақ)
Көп оқыған білмейді.....(Көп тоқыған біледі)
Оқу - білім азығы.....(Білім - ырыс қазығы)

Жаңа сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы
Жоспары:
Ғылымның дамуы
Әбу Насыр әл - Фараби (870 - 950жж)
Әбу Райхан әл - Бируни (973 - 1050жж)
Тіл білімнің дамуы
Махмуд Қашғари (1030 - 1090жж)
Жүсіп Баласағұни (1021 - 1075жж)
Әдебиет
Ахмет Иүгнеки
Қожа Ахмет Йасауи (1103 - 1167жж)

Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" ретінде белгілі болған Әбу Насыр Мұхамед ибн Мұхаммед Үзлағ ибн Тархан әл - Фараби Шығыс пен Батысқа Х ғасырдың 1 - жартысында мәлім болды. Ол 870 жылы Отырар (Фараб) қаласында дүниеге келген. Руы - қыпшақ, әкесі әскери басшы адам болған.
Әл - Фараби музыканың заңдылықтарын зерттеп, оны екі тараудан тұратын "Музыканың үлкен кітабы" атты күрделі еңбегін жазған. Әл - Фарабидың жазуынша, "Табиғат көркі - аспан шырақтары, жердегі көрік - музыка, дыбыс" Тоғыз ішекті музыка аспабын сипаттап жазған. Ол туралы Мағжан Жұмабаевтың мынадай өлеңі бар:
Тұранның кім кеміткен музыкасын,
Фараби тоғыз ішекті домбырасын.
Күңірентіп тоқсан тоғыз күй таратқанда,
Тебіреніп кім көкпеген көзден жасын.
Әл - Фараби 950 жылы Дамаскі қаласында қайтыс болды.
Дамаскідегі әл - Фараби кесенесі мен тарихи - мәдени орталығы - мешті, оқу залы мен интернет - кафесі, кітапханасы, конференц залы, қонақ үйі бар көп салалы нысан.

Әбу Райхан әл - Бируни 973ж қазан айының төртінде Қият қаласының маңында өмірге келген. Парсы, араб, грек, үнді тілдерін меңгерген оқымысты. Әбу Райхан әл - Бируни жалпы алғанда жүз елу еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған.

Жүсіп Хас Хажип Баласағұни (1021 - 1075 жж) түрік отбасынан шыққан, жас кезінен бастап білім алып, әдебиетпен шұғылданған. Парсы - тәжік әдебиетін көп оқыған.
Жүсіп "Құтадғу білік" ("Құт негізі - білім") деген 85 тараудан, 6500 - ден астам бәйіттен тұратын поэма жазған.
Ақынның көтерген мәселесі - адамның кемелдену жолдары. Автор осы жолда адамның жадында ұстауы тиіс деген негізгі төмендегідей шарттарды ұсынады
1. Баласағұни адам баласының қадір - қасиеті білім мен ақылда деп есептеп, халқын білімге үндейді.
175. Біліксіздер өзі нағыз басырдың,
Білім үйрен, надан. көзің ашылсың!
195 Білімді - аз, білімсіздер қаптағын,
Ақылсыз - көп, ақылдыны таптаған
150. Білік берді - адам бүгін жетілді,
Ақыл берді - талай түйін шешілді.
2. Тілдің пайдасы мен зияны туралы
170. Көп сөйлеме, аз айт бірер түйірін,
Біз сөзбен шеш түмен сөздің түйінін.
Сөз кісіні ұлы қылар, бек қылар,
Көп сөз басты иіп жерге, жеп тынар

Махмуд Қашғари (1030 - 1090жж) орта ғасырдағы түрік тайпаларынан шыққан ірі ғалым, ауыз әдебиетінің мол мұраларын жинаушы. Махмуд Қашғаридің "Диуани лұғат - ат - түрік" деген еңбек жазды. Өз еңбегін қалай жазғандығы туралы ғұлама былай дейді. "Мен түріктер, түркімендер, оғыздар, яғмалар, қырғыздардың қалаларын, қыстаулары мен жайлауларын көп жылдар бойы аралап шықтым, сөз жинадым, әр алуан тіл ерекшеліктерін үйреніп, оларды анықтап отырдым. Мен бұл істерді тіл білмегендігімнен емес, сол тілдердегі әрбір жеке айырым белгілерді бақылау үшін істедім. Әйтпесе, мен тілдерді өте жақсы, жетік білетін мамандардың, жіті аңғарып, ескі мен жаңаны жыға танитын білімпаздардың бірімін. "

Қала халқының мәдени өмірінде ислам дінін уағыздаушы, сопы ақындардың ішінде Ахмет Йасауидің (1103 - 1167) шығармалары елеулі орын алады. Қожа Ахметтің өлеңмен 1103 жылы Испиджабта туған Қожа Ахмет алғашқы білімді өз әкесі шейх Ибрагимнен алды.
Қожа Ахметтің өлеңімен жазылған "Диуани хикмет" ("Даналық жайындағы кітап") деген еңбегі бар.
Йасауидың даналық ойлары Баласағұни мен Абай көзқарастарымен өте ұқсас. Иасауи да бес нәрседен қашық болуды уағыздайды
1. Алланың ақ жолын мойындамаудан қашық бол
Өз көркіңе өзің мәз бола берме,
Өзіңе - өзің сұқтанғаның сәрі жөн бе?
Алланы айтып тәубе қылғын, жөнге кел де,
Түн ұйқыңды төрт бөліп алдыңды ойла.

2. Менмен, тәкаппар болма:
Менмен болсаң, тамұқ күтіп алар алда,
Тәкаппардың халі ауыр, дозақ ол да.
3. Дүние мүлік үшін арыңды сатпа:
Дүние - мүлікке құмартып, жаөан малын жиғандар,
Құзын жемін жегендер арамға әбден батпақшы

4. Арамдықтан аулақ бол:
Арам жеген әкімдер, құныққандар параға,
Өз бармағын тістелеп, өкініш отқа жанбақшы.

5. Еріншек болмай оқуға, алыңдар білім кеңінен
Жоққа әрине, дауа жоқ, бардың жолын табыңдар.

ІҮ. Интернет желісімен жұмыс
а) Сәйкестендіру тапсырмасы
Мына тарихи есімдер мен шығармалардың арасындағы сәйкестіктерді табыңыз
Оқиға ----------------------------------------------- Уақыты
Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші -------------- Бируни
Құтадғу білік -------------------------------------- Жүсіп Баласағұни
Диуани лұғат ат - түрік ------------------------ Махмұд Қашғари
Диуани и - Хикмет ------------------------------ Ахмет Йасауи
Музыканың үлкен кітабы ---------------------- Әл – Фараби

ә) Мәтінмен жұмыс
Cіз мына тарихи тұлғаларды танисыз ба?
1. Қарахан әміршісі Насыр ибн Әли тұқымынан шыққан. Әкесі Ыстықкөлдің оңтүстігіндегі Барсханда тұрған. Барсхан әмірінің ұлы. Бұқара мен Нишапуда білім алған. Ол біраз уақыт Бағдад қаласында тұрған. Онда араб тілін оқып үйренеді. Ауыз әдебиетінің мол мұраларын жинаушы, тіл танушы және этнограф. Ол түріктердің тілі мен аңыз әдебиетіне ерекше көңіл бөліп, әрбір түрік тайпаларының қоныс жерлерін аралап сапар шеккен. Түріктердің сөздерінің мағынасын, өлеңдерін, жұмбақтарын, ертегілерін, әдет - ғұрыптарын жазып алады. Ортағасырлық түркі тілдес тайпалардың энциклопедиясы – «Түркі сөздерінің жинағын» мұраға қалдырған. Бұл еңбекті ерте орта ғасырлардағы түріктердің өмірінің нағыз энциклопедиясы деп атауға болады.
Махмуд Қашғари

2. 1103 жылы Испиджабта туған. Алғашқы білімді өз әкесі шейх Ибрагимнен алды. Ол Оңтүстік Қазақстандағы түрік халқының арасында ислам дінінің тарауына зор әсерін тигізді. Оның өлеңдері көпшілік арасында кеңінен тарады. Оның өлеңмен жазылған «Даналық жайындағы кітап» деген еңбегі бар. Еңбегінде ақиқатты, шындықты, адалдық пен тазалықты уағыздаған. Алғашқы ұстазы Отырардағы Арыстан Баб.
Қожа Ахмет Йасауи

3. Ол 973 жылы Қият қаласының маңында өмірге келген. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика, медицина, геология, минералогия, т. б. ғылым салаларын қамтиды. Ол Орта Азия мен Иран қалаларында болып, атақты астроном, математик Әбу Наср Мансур ибн Ирактан дәріс алды. Ол парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін меңгерген оқымысты. Ол 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «әл - Асар әл - Бақйия ән әл - Құрұн әл - Халийа» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. Жалпы алғанда ол жүз елу еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын) болжаған.
Әбу Райхан әл - Бируни

б) Өлең шумақты табу
Төмендегі өлең шумақтарының авторы мен кітапты атаңыз. Ол адам баласының қадір - қасиеті - білім мен ақылда деп есептеп, халқын білімге үндейді:
Біліксіздер өзі нағыз басырдың,
Білім үйрен, надан, көзің ашылсын!
Білімді - аз, білімсіздер қаптаған,
Ақылсыз - көп, ақылдыны таптаған
Білік берді - адам бүгін жетілді,
Ақыл берді - талай түйін шешілді.
Ақылды ұлы, біл, білімді білікті,
Қонса екеуі, ұлы етер жігітті.
Жүсіп Баласағұн (Құтадғу білік)

в) Сөзжұмбақ шешу "Ортағасырлардағы рухани мәдениет"

г) Тест жұмысы
1. "Әлемнің екінші ұстазы" әл - Фарабидің атақты трактатын атаңыз
А) Ғылымдардың пайда болуы
В) Даналық кітабы туралы
С) Ежелгі халықтар хронологиясы
Д) Түрік сөздерінің сөздігі
Е) Бақытты болу жайлы ілім

2. Әл - Фараби кесенесі мен тарихи - мәдени орталығы қай қалада орналасқан?
А) Бағдад
В) Самарқанд
С) Дамаск
Д) Бұқара
Е) Каир

3. Ежелгі түріктердің әйел құдайы:
А) Қыз - Емшек
В) Тенгри
С) Ыдұқ баш
Д) Йер - Су
Е) Ұмай
Ү. Жұмыс алгоритмі (оқушыларға әуе шарының суреті беріледі)
Ғылымның дамуына үлес қосқан: Әбу Насыр әл - Фараби
Тіл білімінің дамуына үлес қосқан: Жүсіп Баласағұни
Әдебиет саласына үлесін қосқан: Қожа Ахмет Йасауи

ҮІ. "Гармошка" әдісі (оқушылар сұрақ дайындайды, ұнаған бір оқушыға апарып береді сол оқушы сұрағына жауап береді)

ҮІІ. "Елші " Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Насыр әл - Фараби хикметтерін оқушыларға таратып, оқуға тапсырма беріледі. Оқушылар өлеңнің мазмұны бойынша тарихқа енеді.

“Үш от, үш су, үш жел түгел таралды,
Үш топырақ — ғалам солай жаралды,
Бір — біріне жаулар бұлар өлгенше,
Жауды жауға салып қойған сенгенше…
Қатыспас жаулар, іштей тынып жарасқан,
Көріспес жаулар, өшіп бүгін тарасқан.
Жаратушы хақ жаратты апарып,
Жаратты да, жарастырды қатарын”.
Төрт нәрсе бар, аз деп ұғып кейіме,
Дана айтқан сөзді түйгін зейінге,
Бұл төртеудің біреуі жау, бірі — өрт,
Үшіншісі тіршіліктің торы дерт,
Бұлардан басқа біреуі бар, ол — білім,
Осал көрме, төртеуінің ешбірін.
“Жамандық — от, от күйдіріп өтеді,
Жолын бөгер күш жоқ, күл қылдырып кетеді”.

ҮІІІ. Сабақты бекіту "Мәтін құрастыр"
І. Отырар Әбу Насыр әл - Фараби Қорқыт
ІІ. Шу өзені Жүсіп Хас Хажип Баласағұн "Құтадұғу білік"
ІІІ. Қожа Ахмет Йасауи "Даналық кітабы" Сүлеймен Бақырғани

ІХ. Бағалау
Х. Үйге тапсырма
Махмуд Қашғари
Сүлеймен Бақырғани
Жүсіп Баласағұн

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Көптоғай ауылы,
С. Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі
Тарих пәні мұғалімі Гүлдерім Мусина

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 783
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Ерліктің арқауы, Елдіктің бастауы – қазақ хандығы
Ерліктің арқауы, Елдіктің бастауы – қазақ хандығы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Аудандық Оқушылар Үйі «Өлкетану» үйірмесінің жетекшісі Алишева Жанаркуль Журсиналиевна
Маринистік жанрдың ерекшеліктері
Маринистік жанрдың ерекшеліктері
Бейнелеу өнері 5 түрге бөлінеді. Олар графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері. Графика - қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын бір түсті сурет. Живопись - қағаз, картон, кенеп бетіне әр түрлі
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің екі тобы белгілі. Олар: парсы патшаларының тастағы сына жазбалары және грек - рим авторларының шығармалары.
Музыка және қолданбалы өнер
Музыка және қолданбалы өнер
Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән - күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы селосы, Н. С. Манаев атындағы жалпы орта мектебінің биология пән мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.