Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Музыка және қолданбалы өнер

13 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Тарих
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,
Сарыкемер орта орта мектептің тарих пәні мұғалімі
Бесбаева Анара Сауытбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Музыка және қолданбалы өнер

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән - күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.
Дамытушылық: рухани мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастыру, өз беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: рухани құндылықты құрметтеуге үйрету, халқымыздың ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, жасырын ұяшықтар, «иә, жоқ» тесті
Пән аралық байланыс: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, буклеттер, рефераттар.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Оқушыларды топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын сұрау

«Тұлғаны таны»
Бұл кезеңде тарихымызда елеулі із қалдырған тарихи тұлғаға сипаттама беріліп, сіздер оны табуларыңыз керек. Екі топ кезекпен жауап береді.
Ойлануға 30 секунд беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпайға бағаланады.
Жауап қате болған жағдайда келесі топ жауап беріп, ұпай жеңіп ала алады.

1. Отырар ойшылдарының ең атақтысы, топ жарғаны, “Шығыстың Аристотелі” атанған ұлы ғұлама (Әль - Фараби)
2. Туылған жылы белгісіз, 1166 жылы қайтыс болған, “Диуани Хикмет” еңбегінің авторы кім? (М. Қашқари)
3. 85 тараудан, 6500 - ден астам бәйіттен тұратын (Бәйіт – екі жолды өлең) және үш қосымшасы бар еңбектің авторы. «Хас - хажип» деген үлкен атаққа ие болған көрнекті ғалымдардың бірі. (Ж. Баласағұни)
4. 1544 - 1546 жылдар шамасында Кашмирде жазған “Тарихи Рашиди” еңбегінің авторы, түркі халықтарының ортақ мақтанышы, тұңғыш тарихшы. (М. Х. Дулати)
5. 1971 жылы Кеңес өкіметі тұсында “Алдараспан” антологиясына табылған шығармалары толық жарияланған, “Қоғалы көлдер, құм сулар”, “Азау, Азау дегенім”, «Айналайын Ақ Жайық» өлеңдерімен белгілі жыраушысы (Доспамбет жырау)
6. XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретін, көптеген нақыл сөздердің, философиялық толғаулардың авторы. (Асан қайғы)
7. IХ - Х ғасырларда өмір сүрген, оғыз тайпасынан шыққан жырау, қобызшы. (Қорқыт ата)
8. Ей - Абылай, Абылай!
Сені мен көргенде,
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің.
Әбілмәмбет патшаға
Қызметші болып тұр едің -
Қалтақтап жүрген күнелтіп,
Үйсін Төле билердің
Түйесін баққан құл едің...- деп жырлаған, 1693 - 1787 жылдар аралығында өмір сүрген жыршы кім? (Бұқар жырау)

Сәйкестендіру тесті
Қ. А. Йассауи ---------------“Жылнамалар жинағы”
М. Қашқари ---------------- Жапырағы жасыл жаутерек
Қ. Жалайри ------------------“Диуани хикмет”
Қазтуған Сүйінішұлы -----“Құдатғу білік”
Ж. Баласағұни --------------“Диуани лұғат ат - түрік”
Шалкиіз жырау ------------“Туған жермен қоштасу”

ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақ жоспары: постермен жұмыс
1. Музыка тарихына шолу
2. Ән - күй өнеріндегі белгілі тұлғалар
3. Ұлттық музыка аспаптары

1 - топ. Музыка өнері халқымыздың дамыған ежелгі рухани мәдениеттерінің бір саласы болып табылады. Қазақ халқында барлық той - думан, мерекелер ән - күйсіз өтпеген. Әншілер мен күйшілер қашанда халықтың арасында жүріп, олардың арман - тілектерін, мақсат - мүдделерін әндері мен күйлеріне қосты.
Этнограф ғалым Ақселеу Сейдімбетов қазақтың музыкалық фольклорын бес кезеңге бөледі.
1 кезең. Б. з. б. VIII - VI ғасыр аралығы. Сақ заманынан түркілік тайпалардың қиял - ғажайып тақырыптарға арналған күйлері. “Қос мүйізді Ескендір”, “Көк төбет”, “Аққу” секілді күйлері жатады.
2 - кезең. VI - XIIғғ. Оғыз қыпшақ күйлері. Қорқыттың күйлері - “Қорқыт”, “Тарғыл тана” т. б.
3 - кезең. XIII - XVIғғ. Ноғайлы дәуірінің күй жырлары. Ауызша және әуенмен айтылатын батырлық, ғашықтық жырлары.
4 - кезең. XVII - XVIIIғғ. Жоңғар шапқыншылығы кезеңі. “Қалмақ биі”, “Беласар” т. б.
5 - кезең. XVIII - XIX ғасырларда және ХХ ғасырлардың басында туған музыкалық мұраларымыз. Оған: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Кенен, Жамбыл өлеңдерін айтуға болады.
Қазақтың әдет - ғұрыптық фольклорына
• Жар - жар -
• Беташар -
• Тойбастар -
• Сыңсу -
• Бесік жыры -
• Жоқтау -

Қазақтың атақты әнші - күйшілері.

Құрманғазы Сағырбайұлы - 1806 - 1879 жж. Күйші, сазгер, аспаптық музыканың (күйдің) классигі
Күйлері: «Сарыарқа», «Ақсақкиік», «Көбікшашқан», «Ақбай», «Адай»

Тәттімбет Қазанғапұлы - 1815 - 1862 жж. Шертпекүй негізін қалаушылардың бірі
Күйлері: «Саржайлау» «Былқылдақ», «Балбырауын», «Салқоңыр», «Қосбасар»

3 - топ.
Ұлттық музыка аспаптары:
Домбыра, қобыз, шаңқобыз, шертер, сыбызғы, дауылпаз, асатаяқ, жетіген, даңғыра, қоңырау, сазсырнай, тайтұяқ т. б.

Шертер аспабы – аты айтып тұрғандай шертіп тартатын, саусақтың ұшымен ойналатын аспап. Аспаптың сырт пішіні домбыраға ұқсайды, бірақ оған қарағанда көлемі жағынан кіші. Үш ішегі бар. Шертер аспабына арналған күйлер халық арасында көп таралған.
Шаңқобыз – тілшікті музыкалық аспап. Темірден жасалады, тілшігін саусақпен әрі - бері қозғап орындайды.
Шығыс халықтары арасында кең тараған аспап.

Сыбызғы – үрмелі аспаптардың бірі. Ол қамыс - қурайдан, ағаштан, жезден жасалады.

Дауылпаз - ұрып ойналатын көне музыкалық аспап. Жаугершілік заманда шабуылға шығу немесе ұрысты тоқтату, халықты бір орталыққа жинау мақсатында қолданылған.

IV. Жаңа сабақты бекіту:
IV. Жаңа сабақты бекіту:
Тест тапсырмалары «Иә», «Жоқ»
“Біржан сал” Ақан серінің өлеңі
Дауылпаз - үрмелі аспап
Тойбастар - той басталар алдындағы тойшыларға арнап айтылатын ән
«Ақсиса» Жаяу Мұсаның әні

“Бәйге” ойыны
1. Ақан серінің өлеңдерін ата: «Маңмаңкер», «Сырымбет», «Балқадиша», «Еркем», «Мақпал» (1 ұпай)
2. Құрманғазы күйлерін ата: «Сарыарқа», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Ақбай», «Адай» (2 ұпай)

1. Құрманғазының «Адай» күйі (2 ұпай)
2. Құрманғазының «Балбырауын» күйі (2 ұпай)

V. Бағалау
VI. Үй тапсырмасы: Музыка және қолданбалы өнер тақырыбын оқып қосымша тың мәліметтер жинақтау.

Толық нұсқасын жүктеу
2 712
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір жұмбақ нәрсе екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы – теңдеу.
XVIII ғасырдағы Солтүстік Америка
XVIII ғасырдағы Солтүстік Америка
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп - гимназия Тарих пәні мұғалімі Абуева Гүлжамал Серікбайқызы
Компьютерлік графика және оның түрлері
Компьютерлік графика және оның түрлері
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №42 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Сатыбалдиева Индира Калдыбековна
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш пен дәуіт
Дәуіт – шегірткеге ұқсас, алдыңғы екі аяғы ұзын жәндік. - Қарлығаш балапанын қалай басып шығарады? - Ұяда қанша балапан бар дейді? - Бір күні қарлығаш ұяға жақындап қалған нені көрді? - Қарлығаш жыланнан қалай құтылады?
Күй сандықты ашамыз
Күй сандықты ашамыз
БҚО, Ақсай қаласы №3 МДБҰ Жоғары санатты музыка жетекшісі Нуралиева Галия Аленовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.