Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Координаталары бойынша нүктені салуға есептер шығару

28 наурыз 2015, Сенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Координаталары бойынша нүктені салуға есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
1. Нүктенің жазықтықтағы орнын анықтауды үйрету, білімдерін есеп шығарту барысында жетілдіру.
2. Оқушылардың ой өрісін, өздігімен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушылардың ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.

Сабақтың кезеңдері:
І. Ұйымдастыру.
Сабақтағы ұстанымымыз «Адамның алдында ақылға апаратын үш жол бар: ойлау жолы, бұл - ең жақсысы; ұқсау жолы, бұл ең жеңілі; жеке тәрбие жолы, бұл - өте жауаптысы»
Олай болса, біз сабақ барысында әрқайсысымыз өзіміз таңдаған жолмен жұмыс жасайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№1134
1) А(2; 1), В(2; 4), С(2;- 3),
2) Д(- 4; 4), Ғ(1; 4), Е(3; 4),

Оқушыларды математикалық фигуралар арқылы екі топқа бөлу.
ІІІ. Шығармашылық кезең.
Рене Декарт туралы оқушылардың пікірі.
Оқушылардың координаталық жазықтықта салған суреттері

ІV. Графиктік диктант.
Дұрыс тұжырымдамада (+), бұрыс тұжырымдамада (-) белгілеулері арқылы графиктік жауап береміз.
1. Тік бұрышты координаталар жүйесі француз философы және математигі Рене Декарттың құрметіне декарттық координаталар жүйесі деп аталады.
2. Түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы түзуге бірнеше параллель түзу жүргізуге болады.
3. Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық координаталық жүйе деп аталады.
4. Егер жазықтықтағы екі түзу үшінші түзуге перпендикуляр болса, онда олар өзара параллель болады.
5. Берілген нүктенің абсциссасы мен ординатасы нүктенің координаталары деп аталады.
6. Берілген нүктеден түзуге бірнеше перпендикуляр түсіруге болады.
7. Координата жазықтығы үш ширектен тұрады.
8. Нүктенің жазықтықтағы орны сандар жұбымен анықталады.
9. Қиылысатын екі түзудің ортақ екі нүктесі болады.
10. Абсциссалар осі мен ординаталар осінің қиылысу нүктесін координаталар басы деп атайды.

V. Орным қайда?
1. Горизонталь сызылған координаталық түзу... деп аталады.
2. Вертикаль сызылған координаталық түзу... деп аталады.
3. Графиктен анықта.
4. Нүктелерді координаталарымен жазындар.
А(2; 5), В(- 3; 2), С(1;- 4), Д(6;- 3), К(0;- 5), М(4; 0)

VІ. Оқулықпен жұмыс

№1136
1. Координаталық жазықтықта төбелерінің координаталары бойынша:
а) үшбұрышты салыңдар: А(- 3;- 1) В(2; 4) және С(6;- 2);
ә) тік төртбұрышты салыңдар: А(- 2;- 2) В(- 2; 1) С(4; 1) және Д(4;- 2).

№1137.
Координаталық жазықтықтағы АВСД квадратының үш төбесінің координаталары: А(- 3; 2); В(- 3;- 2); С(1; 2) бойынша төртінші төбесі Д - ның координаталарын тауып, квадрат салыңдар.
№1142
1. Координаталық жазықтықта АВСД тік төртбұрышының А(- 2;- 2), В(- 2; 2) және С(4; 2) төбелері бойынша оның Д төбесінің координаталарын анықтандар.
2. Берілген тік төртбұрыштың периметрін есептеп табыңдар. Бірлік кесінді 1 см - ге тең.

VІІ. Тест тапсырмалар.
1. Қай түзулер қиылыспайды?
2. Дұрыс сөйлемді таңдап ал.
а) Перпендикуляр түзулердің ортақ нүктелері жоқ.
ә) Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу параллель деп аталады
б) Шеңбердің екі симметрия осі бар
в) Абсциссалары оң нүктелер екінші ширекте орналасады

3. Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың біреуі 100градус. Қалған бұрыштарды тап.
а) 40, 160, 40
ә) 40, 140, 140
б) 100, 80, 80
в) 50, 90, 100

4. С(- 5; 4) және Д(- 4;- 5) нүктелері координаталық жазықтықтың қай ширектерінде орналасқан?
а) І, ІІ б) ІІ, ІІІ с) ІІ, І д) І, ІІІ

5. MNDC тіктөртбұрышының параллель қабырғаларын жаз.
а) MN және NC ә) NC және CD
б) MN және CD в) NC және MD

6. а түзуі m түзуіне параллель, m түзуі n түзуіне параллель. а және n түзулері.
а) Қиылысады ә) Қиылыспайды
б) Перпендикуляр в) Параллель

7. АВСД тіктөртбұрышының ауданы мен периметрін тап, егер А(- 3;- 2), В(- 3; 1), С(5; 1), Д(5;- 2) болса.
а) 24; 22 ә) 20; 21 б) 14; 12 в) 20; 24
Үйге тапсырма
54 630
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені салу тақырыбына Есептер шығару.
Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені салу тақырыбына Есептер шығару.
Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені сала білуге, берілген нүктелердің координаталарын табу біліктіліктерін пысықтау.
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу.
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу.
Координаталық жазықтықтықтағы нүктенің абсцисса осі мен ордината осін ажырата алуы тиіс; Координаталық жазықтықтағы берілген нүктенің координаталарын табуды және оны жазуды үйренуге тиіс.
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу
Тік бұрышты координаталар жүйесін түсіндіре білу; координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталарын табу, координаталары бойынша нүктені салу.
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу
Қызылорда қаласы, №11 орта мектептің математика пән мұғалімі Рсаева Айман
Екі нүктенің арақашықтығы
Екі нүктенің арақашықтығы
Пән мұғалімі: Мұхтарова Гүлдана Таңжарбайқызы
Координаталары бойынша нүктелерді салу тақырыбына есептер шығару
Координаталары бойынша нүктелерді салу тақырыбына есептер шығару
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катон ауылы "Ленин атындағы орта мектебі" КММ матемаика пәнінің мұғалімі Жанузакова Аяулым Жанатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×