Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу

12 наурыз 2017, Жексенбі
Категориясы: Математика
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу
6 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тік бұрышты координаталар жүйесін түсіндіре білу; координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталарын табу, координаталары бойынша нүктені салу.
Дамыту: оқушыларға Координаталық жазықтық тақырыбындағы есептерді шығара білуі мен есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілік: шығармашылыққа, жылдамдыққа және алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Түсіндірмелі - жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Блум - таксономиясы.
Көрнекі құралдар: презентация, сызғыш түрлері, тапсырмалар.

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Жаңа сабақты бекіту. Талдау
5. Қолдану. Жұптық есептер шығару
6. Үй тапсырмасы
7. Қорытындылау
8. Бағалау

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіздер ме оқушылар?
- Бүгін бізде кім кезекші? Орныңнан тұра қой.
Сыныпта кім жоқ?
- Сабаққа дайындаламыз.
- Сабақты бастаймыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақ:
Санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі түзу тік бұрышты координаталар жүйесін құрайды.
Берілген нүктенің абсциссасы (х) мен ординатасы (у) координаталары. Абсциссиялар осі мен ординаталар осьінің қиылысу нүктесін координаталар басы деп атайды.
Нүктенің координаталық түзудегі орны бір ғана санмен анықталады. Енді нүктенің жазықтықтағы орнын анықтауды үйренеміз. Нүктенің жазықтықтағы орнын анықтау үшін бір - бірімен санақ басы нүктелерінде қиылысатын өзара ⊥ екі координаталық түзуден, тік бұрышты координаталық жүйе құрастырамыз.

М (- 5; 2) координаталары бойынша нүктені салу үшін:
1. абсциссалар осінен - 5 нүктесін тауып, осы нүкте арқылы Ох - ке ⊥ түсіреміз;
2. ординатасы 2 болатын нүктені тауып, осы нүкте арқылы Оу осьіне ⊥ жүргіземіз;
3. түзулердің қиылысу нүктесі – ізделінді нүкте; М (- 5; 2)

4. Жаңа сабақты бекіту:
№ 1163.(Тақтада орындалады)
Есеп шығарылып болған соң түсіндірмелі - талдау жұмысы жүргізіледі.

5. Қолдану. Жұптық есептер шығару
Оқушылар қасындағы оқушылармен жұптасып шығарады.
№ 1165, № 1168

V. Қорытынды:
1. Координаталық жазықтықтағы Оу және Ох остері қалай аталады?
2. Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық қалай аталады?
6. Үйге тапсырма: № 1173.
7. Оқушыларды бағалау.

Қостанай облысы, Амангелді ауданы,
Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі
математика пәнінің мұғалімі Зайкенова Бекзада Жумадилкызы
4 501
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені салу тақырыбына Есептер шығару.
Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені салу тақырыбына Есептер шығару.
Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені сала білуге, берілген нүктелердің координаталарын табу біліктіліктерін пысықтау.
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу.
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу.
Координаталық жазықтықтықтағы нүктенің абсцисса осі мен ордината осін ажырата алуы тиіс; Координаталық жазықтықтағы берілген нүктенің координаталарын табуды және оны жазуды үйренуге тиіс.
Координаталары бойынша нүктені салуға есептер шығару
Координаталары бойынша нүктені салуға есептер шығару
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Айтасова Зауреш Сәлімқызы
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктелерді белгілеу
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктелерді белгілеу
Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Қуанышбекова Самал Көшкенқызы
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктелер салу
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктелер салу
Атырау қаласы Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жұмашева Зоя Сарсенбайқызы
Координаталары бойынша нүктелерді салу тақырыбына есептер шығару
Координаталары бойынша нүктелерді салу тақырыбына есептер шығару
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катон ауылы "Ленин атындағы орта мектебі" КММ матемаика пәнінің мұғалімі Жанузакова Аяулым Жанатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×