Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Дарабоз» танымдық сайыстың бағдарламасы

12 желтоқсан 2014, Жұма
Категориясы: Математика
«Дарабоз» танымдық сайыстың бағдарламасы

Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісі математикалық қабілетін дамыта отырып, пәнге деген белсенділігін арттыру. Тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алу қасиеттерін ашып көрсету. Іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін қалыптастыру.
Жүргізуші:
«Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса қалт айтпайды
Әрқашанда нанымды» деп Абай атамыз айтқандай – өмірдің өзі сайыс, ойын. Бүгін мектебімізде математика пәнінен алғырлары күш сынасып өздерінің білім деңгейін көрсетпекші.
Шақырамыз келіңдер жарысуға
Күш, өнер, біліммен сайысуға,
Бар өнерді салайық, ортамызға
Қанекей, кім шығады сайысуға.

Сайысымыздың алғашқы туры - «Бәйге» деп аталады.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйге бір көріңіз
Бұл тур бойынша сайысқа қатысушы тұлпарларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші белгі берсе, сол жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.

1. Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар. (натурал сан)
2. 1 минут 1 сағаттан неше минут кем (59 минут)
3. 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы керек (5 баланың)
4. Ең кіші натурал сан (1)
5. Ең кіші жай сан (2)
6. 4 санының кубы (64)
7. Ең кіші үш таңбалы сан (100)
8. 11 санының квадраты (121)
9. Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді. Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп. Стақанды үстелге қойды. үстелдің үстінде неше стақан қалды? (5)
10. Бірлігі мен ондығын қосқанда 2 - ге тең болатын екі таңбалы сандарды ата. (11, 20)
11. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың тура ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұруы керек? (8)
12. Бір тоннада неше килограмм бар? (1000кг)
13. Кит 250000кг. Ол неше тонна? (250 тонна)
14. Барыс бір секіргенде 288см ұзындыққа секіреді. Неше метр, неше дециметр, неше сантиметр? (2м 8дм 8см)
15. Үстелде 4 алма жатыр, оның біреуі 2 - ге бөлінген, үстелде неше алма жатыр? (4)

Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.
Жүргізуші:
Кездесті қандай формула
Айтып жібер ойланып тез
Формула қандай кез.
Берілген формула бойынша нені табуға болатын айту керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай
S=a•b, S=а², Р=4а, V=аbc, S=πR²

Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
Жүргізуші:
Сайысымыздың келесі бөлімі «Ғажайып үштік»
Оймен кәне көк теңіз кешіңдер,
Жарқ – жұрқ еткен неше түрлі есімдер.
Айтылғанда неше түрлі есімдер,
Зейін салып зердеменен шешіңдер, бұл бөлімде оқушылар төмендегі ұпай бойынша сұрақтар таңдайды.
20 20 20
30 30 30
40 40 40
Сайысушыларға ескертетініміз, осы бөлімнен кейін ұпайы аз 4 оқушымен қоштасамыз.
20. Отбасында 7 қыз және әр қыздың бір - бірден бауыры бар. Отбасында барлығы неше бала? (8)
20. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, аңшы оның 2 - ін атып түсірді. Торғайлардың қаншауы қалды? (2 - уі қалды, қалғандары ұшып кетті)
20. Қосарланып жегілген 3 ат бір сағаттың ішінде 14 км жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді? (14)
30. Үш түйе құс ұшып келе жатыр. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйе құс ұшпайды)
30. Тек 6 цифрын 3 рет пайдаланып 30 санын өрнекте (6•6 - 6)
30. Қандай санның жазылуында қанша әріп бар болса сонша цифр бар?
(10 және 100)
40. Бүтін сан, бөлшек сандар,
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі осында
(Рационал сандар)

40. Санға қосып, алсаң,
Сол санның өзі шығады.
Санды оған бөлуге болмайтынын
Математиктер ұғады.
Көп адамдар сол санға
Шекесінен қараған
Сан өсінен қақ бөлуге
Сол саныңыз жараған. (нөл)

40. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген. Ал баласы Банни 12 сәбіз жеген. Шешесі неше сәбіз жеген. Х+х+5+12=73
2х=73 - 17
х=56: 2
х=28 (28)

Келесі кезекте Викториналық сұрақтар
1. 30 - ұпай Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір - бірден бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады. (бір бала тәрелкесімен алады)
2. 40 - ұпай. Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1сағ 20мин үшады да, сол жолмен қайтарда 80 мин ұшты. Себебін түсіндір. (1сағ 20мин =80 мин)
3. 50 - ұпай. Төрт дрс бала мейрамханаға жие барып әрқашан бір үстелге отырады. Жалғастың әрқашан бір орынға отыра беретіні белгілі болса, достар неше түрлі тәсілмен үстелге отыра алады. (3)

Ұпайы аз 2
оқушы ойыннан шығады
Келесі турымызда жасырылған математиктің аты, жөнін табу.
Профессор Қанат Мақашұлы. Бүгінгі күні Қанат Мақашұлы космостық сәулелердің атмосферамен әсерлесуі кезінде өтетін, аса қуатты найзағай туындаған кезде пайда болатын жаңа да күрделі процестерді зерттеумен шұғылдануда.

Соңғы бөліміміз «Тапқырлық» деп аталады.
Біздің үйдегі қоңырау сағаты қоңыраулы, ол әрбір жарты сағатта 1 рет, ал толық сағат сайын сол уақытты көрсету санына тең қоңырау соғады. Сонда ол тәулігіне неше рет қоңырау соғады?
(1+2+3+4+5+6+7+8+9+10+11+12)*2+24*2=204
А. 204,
В. 200,
С. 24,
Жеңімпазды анықтау үшін әділқазы мүшелеріне сөз кезегін берейік
Көңіл бөліп бұл кешке
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!
4 645
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дарындылар додасы
Дарындылар додасы
Математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру. Оқушылардың есеп шығаруға ынтасын арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Ойлы болсаң, озып көр
Ойлы болсаң, озып көр
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сазды ауылы, № 60 Ж. Түменебаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Изкенова Мәншүк Боранбайқызы
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
География және әлем
География және әлем
ШҚО, Аягөз ауданы «Горный ЖББОМ» КММ география пәні мұғалімі Омарбаев Нұрлан Нұрахымұлы
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "Дарын" мектеп - лицейі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мусина Камшат Мажитқызы
Дарындылар додасы
Дарындылар додасы
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов ауылы № 1 жалпы білім беретін мектеп –лицейінің математика пәні мұғалімі Токаева Айтбиби «Дарындылар додасы» Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын,ынтасын,зейінін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×