Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Артық, кем, тең түсініктері

12 қараша 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Пән мұғалімі: Сагинбаева Жанар

Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Артық», «кем», «тең» түсініктері.
Мақсаты: «артық», «кем», «тең» түсініктерімен таныстыру; заттар "киынын саны бойынша салыстыруға үйрету; «», «=» таңбаларын дұрыс қолдана білу. Зейіндерін салыстыра алу дағдыларын дамыту. Бұрынғы алған білімдерін жетілдіру.
Түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: заттық, сюжеттік суреттер, флипчарт.

Сабақтың барысы:
Кіріспе бөлім. Бұрынғы алған білімдерін жетілдіру үшін ауызша есептеуге заттардың екі тобын салыстыруды енгізу қажет. Заттар тобын салыстыру үшін, тақтаға қатарды өзара сәйкестендіруге болатындай жұп заттарды қоямын. Тақтаға 4 үлкен дөңгелек, одан төмен тақтада аз орын алатындай 5 кішкентай дөңгелек бейнеленеді.
Жаңа материалмен таныстыру.

Жаңа материалмен таныстыру үшін ауызша жаттығулардан бастау. Мысалы, тақтаға 4 шар және 2 доп суретін қоямын. Содан кейін балалар тапсырманы орындап, оның сұрақтарына жауап береді: «Шар көп пе, доп көп пе? Сендер неге олай ойлайсыңдар? Цифрмен доптың санын көрсет. Осы цифрды үстелдің бетіне қой. 4 цифрының оң жағына қой (шаршылардың астына цифрларды бекітемін). Қандай цифр заттардың санының артық екенін көрсетеді? Математикада бұл «>» таңбасымен белгіленеді ( «>» таңбасын тақтаға ілемін) және былай оқылады: «4 саны 2-ден артық». «», «<». «=» таңбаларымен берілген математикалық жазуларды оқуды, теңсіздік. теңдік құруды үйренеді (терминдер келесі сабақта беріледі). №1 слайд
Оқулықпен жұмыс.
№1 тапсырманы орындау сурет бойынша теңдік, теңсіздік құру және оларды оқу дағдыларын бекітуге арналған. №2 слайд
Дәптермен жұмыс.
Оқулықтағы №2 тапсырманы жазбаша орындамас бұрын теңсіздік белгісін жазуға (№1) жаттығу керек. №3 слайд
Жаңа материалды бекіту.

Дәптердегі №3 тапсырманы орындау. Алдымен берілген сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. Үстелдің бетіндегі заттарды санайды. Содан кейін қоршаудың ішіне салынатын заттың саны анықталады. Суретті сызба түрінде беруге болады. . №4 слайд
Сурет салынып болғаннан кейін торкөзге сәйкес сандар жазылып, балалар қандай таңба қойылатынын айтады. Таңбаны сандар арасындағы жұлдызшаның үстіне жазады. Сәйкес математикалық жазу алынғаннан кейін балалар оны дұрыс оқуға жаттығады. Тапсырманы орындау барысында балалар заттарды санау, есептеу нәтижесін санмен жазу; заттар тобын және сандарды салыстыру дағдыларын бекітеді.
Мұндай тапсырмаларды жылдам орындайтын балалар үшін үстел бетіне суретті толықтырып, қасықтар мен пышақтардың санын теңестіру жұмысын ұсынамын.

Сабақты қорытындылау.
№4 тапсырманы өз беттерінше орындағаннан кейін жаңа сабақты қанша-лықты меңгергендіктерін тексеру керек.
Өтілген материал бойынша істелетін жұмыс.
Оқулықтағы №3 тапсырманы орындау кезінде оқушылар фигураларды атайды, содан кейін суреттен кесінділерді тауып, сызғыштың көмегімен олардың ұзындығын өлшейді. №5 слайд
№4тапсырма зейіндерін, салыстыра алу дағдыларын дамыту үшін берілген. Фигураларды белгілеріне қарай топтарға бөлу жұмысын әртүрлі тәсілдермен орындауға болатынына назарларын аудару. №6 слайд
Сабаққа қатынасқан оқушыларды мадақтау.
Қосымша материал

Математикадағы ең алғашқы түсініктер - «артық», «кем», «тең» түсініктері болды. Егер бір тайпа ұстаған балықтарын басқа тайпаның
адамдары жасаған тас пышақтарға ауыстыратын болса, неше балық, неше пышақ әкелгенін санаудың қажеті болмады. Тайпалар өзара айырбас жасау үшін әр балықтың жанына бір пышақтан қойып шығу жеткілікті еді. Ауыл шаруашылығымен табысты айналысу үшін арифметикалық білім керек болды. Санаусыз күнді ажырату қиын болды(егісті қай кезде егу керек; суаруды қашан бастау қажет; малдардың төлдеуін қашан күту керек). Отарда неше қой бар екенін, қоймада неше ҚАП астық тұрғанын білу қажет болды.

Міне, осылайша сегіз мың жыл бұрын ежелгі малшылар сазбалшықтан әр қой үшін бір кружкадан жасады. Қойдың түгел екенін әр қой қораға кірген сайын бір кружкадан алып қойып отыру арқылы білді. Кружка мен қойдың саны тең болса, малының түгелдігіне қуанып, ұйқыға жататын. Бірақ олар қой ғана емес, сиыр, ешкі, есек те баққан. Сондықтан сазбалшықтан басқа да фигураларды жасауға тура келді. Ал диқандар қыш фигуралардың көмегімен жинаған өнімдеріне есеп жүргізді: қамбаға неше қап астық -салынды; зәйтүннен неше құмыра май сығылып алынды, т. б. Егер қой қозы туса, малшы жаңа кружка қосты, егер олардың бір бөлігі сойылып кетсе, бірнеше кружканы алып қоюларына тура келді. Осылайши ертедегі адамдар санауды білмесе де, арифметикамен айналысты.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
103 942
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заттар тобын салыстыру
Заттар тобын салыстыру
балаларды заттарды салыстыруға үйрету. «Қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.
Артық, кем, тең
Артық, кем, тең
Заттарды санына қарай салыстыру, артық, кем, тең таңбаларын бекіту. 5 санының құрамын қайталау. Сан мен санды салыстыруда артық, кем, тең таңбаларын қолдануға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. Жинақылыққа тәрбиелеу.
Заттар тобын салыстыру
Заттар тобын салыстыру
Балаларды заттарды салыстыруға үйрету. «Қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.
Артық, кем, тең түсініктері
Артық, кем, тең түсініктері
Оқушыларға артық, кем, тең түсініктерін таныстырып, заттар жиынын саны бойынша салыстыруға үйрету; Артық, кем, тең таңбаларын дұрыс қолдануға дағдыландырып отырып, баланың логикалық ой - өрісін дамыту;
Қайталау. Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Қайталау. Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы Теңіз негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қарымсақова Зияш Ғайдоллақызы
Өрнектерді салыстыру
Өрнектерді салыстыру
Жаңа сабақпен таныстыру жұмысын тақтада көрсету арқылы бастаған жөн. Мұғалім жинақ полотносына 4 шаршы мен 2 дөңгелекті қояды және теңсіздік құрастыруды сұрайды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×