Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу.

28 қаңтар 2018, Жексенбі
Категориясы: Математика
Математика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға берілген координаталары бойынша нүктені және берілген нүкте бойынша нүктенің координаталарын таба білуді үйрету.
Міндеттері:
- Тік бұрышты координаталар жүйесі және координаталық жазықтық туралы түсінікті білуі тиіс;
- Координаталық жазықтықтықтағы нүктенің абсцисса осі мен ордината осін ажырата алуы тиіс;
- Координаталық жазықтықтағы берілген нүктенің координаталарын табуды және оны жазуды үйренуге тиіс.
Күтілетін нәтиже:
- тік бұрышты координаталар жүйесі және координаталық жазықтық туралы біледі;
- координаталық жазықтықтықтағы нүктенің абсцисса осі мен ордината осін ажырата алады;
- координаталық жазықтықтағы берілген нүктенің координаталарын таба алады;
- берілген нүкте бойынша оның координаталарын жаза алады.
- алған білімін сабақ барысында пайдалануды, есеп шығаруды белгілі тәртіппен орындауды игереді;
- тапсырманың мазмұнын толық түсініп, оны орындауда өз пікірін айтады, ұқыптылыққа, өз жұмысына дұрыс талап қоюға және баға беруге үйренеді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Қолданылатын әдіс – тәсілдер:
Сыни тұрғысынан ойлау: «Серпілген сауал», «Жадыны дамытуға арналған жаттығулар».
Жаңа әдіс - тәсілдер: түрткі сұрақ, сұрақ - жауап әдісі, жұптық, топтық әңгіме, қайта бағыттау сұрақтары.
Оқыту формасы: жеке, жұптық, топтық жұмыс.
Бағалау: «Бағдаршам», «Басбармақ»арқылы өзін - өзі және өзара бағалау, критериалды бағалау.
Рефлексия: «Бағдаршам» сигналдары
Ресурстар: Алдамұратова Т. А. «Математика, 6 сынып», Алматы: Атамұра, 2011.
«Дидактикалық үлестірме материалдар», Алматы: Атамұра, 2003.
АКТ, топтарға арналған тапсырма парақтары, ғаламтор желісінен алынған тапсырмалар, қарындаш, маркерлер, стикерлер, ватмендер, проэктор, ноутбуктер, электрондық оқулық

Кіріспе
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Сыныпты түгендеу.
Топтастыру.
Оқушылар екі түсті фигуралар арқылы 2 топқа бөлінеді. Әр топ өз орындарына орналасады.
Топтағы оқушылар ашық журнал арқылы бағаланады.
Әр критерийге жауап беруі 5 ұпаймен бағаланады.

Тұсау - кесер
Слайд - 2
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 2мин
(жұптық жұмыс)
Үй тапсырмасының орындалуын жұптық жұмыс арқылы тексеремін, ол үшін үй тапсырмасының дұрыс жауабын слайд арқылы көрсетемін.

ІІІ. Білімді жан - жақты тексеру. (оқушылар шеңбер құрып тұрады) 3мин
(ұжымдық жұмыс)
«Серпілген сауал» әдісі бойынша оқушылар бір - біріне допты лақтыру арқылы сұрақтар қояды және келесі оқушы жауап береді.

Негізгі бөлім
ІV. Жаңа тақырыпты түсіну. Мұғалім оқушыларға электрондық оқулықтың көмегімен бүгінгі тақырып бойынша қысқа ақпарат береді. 2 мин

Жадыны дамытуға арналған жаттығу. 5 мин
(топтық жұмыс)
Екі топқа тапсырмалар үлестіру, яғни оқулық және тыңдалған ақпаратты пайдаланып бүгінгі тақырып бойынша постер құрастыру. Постерге бүгінгі тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді жазу, түсіндіру.

Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу. жүктеу
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу. слайдын жүктеу
4 274
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені салу тақырыбына Есептер шығару.
Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені салу тақырыбына Есептер шығару.
Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені сала білуге, берілген нүктелердің координаталарын табу біліктіліктерін пысықтау.
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу
Тік бұрышты координаталар жүйесін түсіндіре білу; координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталарын табу, координаталары бойынша нүктені салу.
Координаталары бойынша нүктені салуға есептер шығару
Координаталары бойынша нүктені салуға есептер шығару
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Айтасова Зауреш Сәлімқызы
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктелерді белгілеу
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктелерді белгілеу
Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Қуанышбекова Самал Көшкенқызы
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктелер салу
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктелер салу
Атырау қаласы Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жұмашева Зоя Сарсенбайқызы
Жазықтағы нүктенің координаталары. Кесінді ортасының координаталары
Жазықтағы нүктенің координаталары. Кесінді ортасының координаталары
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қайнар ауылы, №32 В. В. Маяковский атындағы орта мектеп математика пәні мұғалімі Өтеубаева Жанар Абдибаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×