Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көбейту және бөлу 6080•4, 60080•4; 24320: 4; 240320: 4

09 желтоқсан 2018, Жексенбі
Категориясы: Математика
Математика 4 сынып
Тақырыбы: Көбейту және бөлу 6080•4, 60080•4; 24320: 4; 240320: 4
Мақсаты: Көбейту және бөлудің тиімді тәсілдерін меңгерту.
Сабақтың міндеттері: 1. Көп таңбалы сандарды бөліп, көбейтуге байланысты есептер шығару.
2. Оқушылардың ақыл - ойын, логикалық ойлау жүйесін, дамыту, өздігінен қорытынды шығара білу қабілеттерін дамыту.
3. Ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктер: слайдтар, геометриялық фигуралар.
Күтілетін нәтиже: Көбейту, бөлу барысында өрнек мәндерін табуда
жылдамдық танытуға, уақытты тиімді пайдалануға
жаттығады.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
2. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
3. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткенді пысықтау.
1. Қосудың, азайтудың компоненттерін ата.
2. Көбейту, бөлудің компоненттерін ата.
3. Фигураның ауданы, периметрі деген не?
4. Ұзындық өлшем бірліктерін ата.
5. Масса бірліктерін ата.
6. Уақыт бірліктерін ата.

Қызығушылықты ояту.
- Балалар, желтоқсан айында қандай мерекелер болады?
- 1 – желтоқсан Тұңғыш президент мерекесі. 16 - 17 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі. Жаңа жыл мерекесі.
- Ендеше, балалар, сабағымызды жақсы оқып, тәртібіміз жақсы болса, осы мерекелердің бірінде Астана қаласына саяхатқа барамыз.
- Ал, балалар, саяхатқа шығуға дайынбыз ба? Олай болса:
Ойын, жұмбақ, есептің
Жауабын тез табайық.
Бір кісідей бәріміз,
Саяхатқа шығайық.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Күн ретін жазу, сабақтың тақырыбын жаздыру. Көркем жазуды жазу.
№1. Жазуларды пайдаланып, мысалдардың шығарылу жолын түсіндіру.
6080•4=24320 60080•4=240320 24320: 4=6080 240320: 4=60080
1. «Жамбыл теміржол вокзалы» аялдамасы.
Оқулықпен жұмыс №2
1 - топ ----------------------- 2 - топ -------------------- 3 - топ
4070•6=24420 ---------- 40070•6=240420 ---------- 3090•5=15450
24420: 6=4070 ----------- 240420: 6=40070 ------------ 15450: 5=3090

Сергіту сәті: Жұмбақтарды шешу.
1. Шырша басында 5 алма өсіп тұр еді, 2 - еуін үзіп алдым. Неше алма қалды? (Шыршада алма өспейді)
2. Тауық 1 аяғымен тұрса 3кг, 2 аяғымен тұрса неше килограмм?
3. Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек, 1 үйрек тығылды, қалғаны неше үйрек?
2. «Бәйтерек» аялдамасы.
№3 Қалдықпен бөлуді орындау және оны тексеру.
1 - топ ----------------------------------------------- 2 - топ ------------- 3 - топ
24321: 4=6080 қалд. 1 ---------- 240350: 4=60087 қалд. 2 ------ Орындарында орындау,
6080•4+1=24321 --------------------- 60087•2+2=240350 ---------- тексеру
3. «Ханшатыр» аялдамасы.
№4. Есептің шартын құрып шешу. Жазбаша орындалады.
Ақ шыт – 7м
18000тг төледі
Қызыл шыт – 3м
Әр түріне -? тг төленеді?
Ш: 18000:(7+3)=1800 1800•7=12600 1800•3=5400
Ж: 7м ақ шытқа 12600тг, 3м қызыл шытқа 5400тг төледі.
№5. Ауызша орындалады.
Шекпен – 4
36м мата жұмсалды
Қамзол – 5
Әрқайсысына -? м мата жұмсалды.
Ш: 36:(4+5) =4 4•4=16 5•4=20
Ж: 4 шекпенге 16м, 5 қамзолға 20м мата жұмсалды.
Ой сергіту: Жұмбақтар шешу.
1. Ең кіші үш таңбалы сан. (100)
2. Ең үлкен үш таңбалы сан. (999)
3. Екі ешкінің неше мүйізі бар?
4. 1кг тас ауырма, 1кг мақта ауырма?
5. «Думан» аялдамасы.

№6. Топта орындалады.
Шаршының, тіктөртбұрыштың ауданын, периметрін табу.
Көбейту және бөлу 6080•4, 60080•4; 24320: 4; 240320: 4 жүктеу
1 932
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру. 3 - 4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
7 - ге көбейту және бөлу
7 - ге көбейту және бөлу
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы №43 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мухаметжанова Д. Т.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×