Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Квадраттық функция. y= ax2+n, y= a(x - m) 2 функциялары және олардың графиктері

25 қаңтар 2019, Жұма
Категориясы: Математика
Квадраттық функция. y= ax2+n, y= a(x - m) 2 функциялары және олардың графиктері
Сабақтың мақсаты: y= ax2+n y= a(x - m) 2 түрінде берілген квадраттық функциялармен таныстыру, графиктерін тұрғыза білу бейімділігін қалыптастыру, теориялық білімдерін шыңдау және есептер шығаруда іскерлікпен қолдана білуге үйрету.
Міндеттері: 1) Квадраттық функция формулаларын меңгеру, түрлі жұмыстар арқылы оқушының білімін жетілдіру
2) оқушылардың білім дағдыларын жинақтау, шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыта оқыту;
3) жинақылыққа, пікір айта білуге, белсенді жұмыс жасауға жұмылдыру
Күтілетін нәтиже: Барлық оқушылар
А. Квадраттық функция туралы біледі
Оқушылардың басым бөлігі
В. Квадраттық функцияларды айыра алады, графигін сала алады.
Кейбір оқушылар:
С. Квадраттық функцияға берілген есептерді шығара алады
Алдыңғы оқу: Квадрат үшмүше және оны көбейткіштерге жіктеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекіліктер мен құрал - жабдықтар: Оқулық, таратпа материалдар, тірек - сызбалар, интерактивті тақта, слайдтар
Әдіс - тәсілдер: Жеке, жұптық, топтық, диалог, сын тұрғысынан ойлау, өзіндік бағалау
Ұйымдастыру
а) Сәлемдесу;
ә) Түгендеу;
б) Жағымды психологиялық ахуал туғызу;
Үй тапсырмасын тексеру
№376, №377. Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою, кесте толтыру

Білу y= ax2+n y= a(x - m) 2 түрінде берілген квадраттық функциялармен таныстыру, графиктерін тұрғыза білу бейімділігін қалыптастыру, теориялық білімдерін шыңдау және есептер шығаруда іскерлікпен қолдана білуге үйрету.
Жаңа сабақтың мақсатын айқындайды. Квадраттық функция туралы өткендерді еске түсіріп, тапсырмаларды орындайды.
Жаңа сабақ
Оқушылар жаңа сабақпен танысады

Қолдану №248, №250, №255 есепте
Формуланы қолданып есептер шығарады, ізденеді, талдайды, түсінеді

Жинақтау тест тапсырмасы
1. Берілген көпмүшелердің қайсысы квадрат үшмүше болады?
А) 2х+3
В) х3 – х - 7
С) х2 - 19х
Д) 3х2 - 9х - 1
2. х2 - 9х+8 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер:
А)(х - 1)(х - 8)
В) (х+1)(х – 9)
С) (х+1)(х+8)
Д) жіктеуге болмайды.

3. Берілген функциялардың қайсысы квадраттық функция болады?
А) у=5х2 - 6
Б) у=4х2
С) у=7х - 1
Д) у=- 3х2+х+7
4. Суретте y=x2 - 4 функцияның графигі қандай түске боялған?
А) көк
В) қызыл
С) жасыл
Д) күлгін
5. y=(x+5) 2функцияның графигін y=x2функцияның графигінен қалай алуға болады?
А) Ох осі бойымен 5 бірлік оңға
В) Ох осі бойымен5 бірлік солға С) Оу осі бойымен 5 бірлік төмен
Д) Оу осі бойымен 5 бірлік жоғары жылжыту арқылы алуға болады.

“Тарихи мағлұматтар және әзіл - сұрақтар”
Функцияның ғылымға енуі және қазақша баламасы
Функция латынша - орындау, іске асыру деген мағынаны білдіреді. Функцияның ғылыми атауы 1692 жылы неміс математигі Готфрид Лейбництің (1646 - 1716) еңбектерінде аталған. 1718 жылы швейцар математигі Иоганн Бернулли (1667 - 1748) «Функция - айнымалылар мен тұрақтылардан құрылған шама»- деп тұжырымдаған.

Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы, №247 жалпы орта мектеп
Абсадыкова Бакыткул Мауленовна
Квадраттық функция. y= ax2+n, y= a(x - m) 2 функциялары және олардың графиктері жүктеу
3 684
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Квадраттық теңдеу. Толымсыз квадраттық теңдеу
Квадраттық теңдеу. Толымсыз квадраттық теңдеу
• Квадраттық теңдеудің коэффициенттерін анықтау; • толық және толымсыз квадрат теңдеулерді ажыратып шығарып білу;
Квадраттық функция және оның графигі тақырыбына жаттығулар орындау
Квадраттық функция және оның графигі тақырыбына жаттығулар орындау
Оқушылардың у=ax2+вx+c функциясының қасиеттерін пайдаланып, графигін тұрғыза білуді, бейімділіктерін қалыптастыру және осы арқылы функция графигінің түрлендірулерін білуді меңгерту.
Квадраттық функция және оның графигі
Квадраттық функция және оның графигі
Квадраттық функцияның y= ax2+n y= a(x - m) 2 дербес түрлерін қайталау және белгілі графиктердің көмегімен квадраттық фунцияның графиктерін салудағы оқушылардың білімдерін бекіту.
Квадраттық функция графигін сала білуге есептер шығару
Квадраттық функция графигін сала білуге есептер шығару
Квадраттық функцияларды айыра алады, графигін сала алады
Квадраттық фунция және оның графигі
Квадраттық фунция және оның графигі
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп» КММ - нің математика пәнінің мұғалімі Садыков Алалдун Анварұлы
Квадрат функция графигін салуға есептер шығару
Квадрат функция графигін салуға есептер шығару
Сабақтың мақсаты: 1. Квадраттық функцияның дербес түрлерін қайталау және белгілі графиктердің көмегімен квадраттық функцияның графиктерін салудағы білімдерін бекіту және өз беттерімен ізденуге, қорытындылай білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×