Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу

04 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Ашық сабақ: 11 сынып: Алгебра және анализ бастамалары қоғамдық гуманитарлық бағыт
Интеллектуалдық ойын түрінде өткізілген сабақ.

Тақырыбы: Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу.
Сабақтың мақсаты: Білімдік: Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, өз бетінше жұмыстануға, алған теориялық білімін есеп шығаруға қолдана білуге тәрбиелеу,
Дамытушылық: Математика сабағына қызығушылығын арттыру, Оқушының ой - өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: Білік пен дағдыны қалыптастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: Жарыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, дәптермен жұмыс.
Сабақтың барысы:
1 - бөлім. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, оқу құралдарын қадағалау. Оқушы зейінін сабаққа аудару. Сабақтың мақсат – міндеттерімен таныстыру.
2 - бөлім. Ой сергіту: “Кім жылдам?” (Үй тапсырмасын сұрау)
Интерактивті тақтада алдын ала дайындалған сұрақтарға жауап беру.
1. Функция анықтамасын айтыңыз.
2. Теңдеу дегеніміз не?
3. Логарифмдік функцияның анықтамасын айтыңыз.
4. Логарифмді функцияның қандай қасиеттері бар?
5. Логарифмдік теңдеуді шешу ережесін айтыңыз.
6. Логарифмдік теңсіздікті шешу теоремасын айтыңыз.
3 - бөлім. “Біліміңді байқап көр”. Оқулықпен, дәптермен жұмыс. 145 бет: №334, №335, №343, №345 есептерді шығару.
4 - бөлім. Сергіту сәті: “Мақал жарыс”.
Санмен байланысты немесе ішінде сан кездесетін мақалдар айту,(Мысалға: 2 жарты 1 бүтін, 40 бір жақ, қыңыр 1жақ т. с. с)
5 - бөлім.”Біліміңді байқап көр”
Оқулықпен, дәптермен жұмысты әрі қарай жалғастыру. № 337, №340 есептерді шығару.
6 - бөлім. “Жекпе жек” (Сабақты қорытындылау.)
“Логарифмдік функция” тарауы бойынша оқушылар бір - біріне сұрақ қояды. Егер қойылған сұраққа жауап беретін оқушы табылмаса. Сұрақ қойған оқушы өзі жауап береді. Бұл оқушының жауапкершілік сезімін тәрбиелейді.
7. бөлім “Жеңімпаздарды атаңдар”
Кім қандай білім деңгейін көрсеткенін оқушылар көзімен, сабаққа жақсы қатыcқан оқушыларды бағалау. Мұндай бағалау оқушы мен мұғалім арасындағы достықты нығайтады.
Үйге тапсырма № 344, №341 есептер. ІІІ тарауды қайталау.
15 042
0
  • 60
3 дауыс


Жаңалықтар
Логарифмдік теңсіздіктерді шешу
Логарифмдік теңсіздіктерді шешу
Логарифмдік теңсіздіктің анықтамасымен таныстыру; логарифмдік теңсіздікті шешу дағдысын қалыптастыру.
11 – сынып оқушыларын математика пәнінен ҰБТ - ға дайындау жоспары
11 – сынып оқушыларын математика пәнінен ҰБТ - ға дайындау жоспары
11 – сынып оқушыларын математика пәнінен ҰБТ - ға дайындау жоспары
Қарапайым логорифмдік теңдеулер
Қарапайым логорифмдік теңдеулер
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, № 14 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Карлова Зина
Математикадан 11 сыныпқа арналған тақырыптық тест тапсырмалары
Математикадан 11 сыныпқа арналған тақырыптық тест тапсырмалары
1. Алғашқы функция. Анықталмаған интеграл 2. Иррационал көрсеткішті дəреже. Иррационал өрнектерді түрлендіру. Иррационал теңдеу және теңсіздік. Иррационал теңдеулер мен теңсіздік жүйелері.
Теңдеулер және теңдеулер жүйесі
Теңдеулер және теңдеулер жүйесі
ШҚО, Аягөз ауданы, Сарыарқа орта мектебі математика пәнінің мұғалімі Жанболатова Айгүл Армияшевна
Логарифмдік теңдеулер
Логарифмдік теңдеулер
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжінің математика пәні оқутышысы: Қалайдарова Ляззат Нурбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×