Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сиқырлы әуен

04 қазан 2014, Сенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: «Сиқырлы әуен»
Мақсаты:
Білімділігі:
Оқушыларға музыка сиқыршысының хатындағы тапсырмалар және ән айтқызу барысында шәкірттердің өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы:
Балаларға музыка әуені арқылы олардың есту, қабылдау қабілеттерін бақылап дамыту. Оқушыларға музыка сауатын түсіндіре отырып, олардың музыкалық білімдерін дамыту.
Тәрбиелігі:
Композитор әндеріне балалардың сүйіспеншілігін оятып, оны құрметтеуге және жан дүниесі бай, эстетикалық талғамы жоғары болашақ ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Интегралды (аралас) сабақ.
Көрнекілігі: Портрет, интерактивті тақта, карточкалар, нота мәтіні.
Сабақта қолданатын әдістер: музыканы қабылдауға үйрету:
а) сұрақ - жауап, әңгімелесу, пікірлесу;
ә) іс - тәжірибе, вокалдық хормен ән айту;
б) компьютер арқылы білімін қалыптастыру;

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі;
Сәлемдесу; оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқу құралдарын әзірлеу;
2. Үй тапсырмасын сұрау. Ана туралы өлеңдер, тақпақтар және мақал - мәтелдерді оқып келу. «Ана тілін сүйеміз» әнін жатқа орындау.

Үй тапсырмасының сұрақтары:
1) «Ана кім?»
2) «Ана тілін сүйеміз» әні не туралы айтылады?
3) Қандай ана туралы мақал - мәтелдер білесің?
Жаттығу жасау: Ноталарды ережесі арқылы әнімен орындау.
«Ана тілін сүйеміз» әнін орындау.
(Есікті тоқылдатады. Поштасы хат әкеледі).
Бұл № 17 орта мектебіне? 3 «А» сынып? Сендерге хат.
Мұғалім: Жақын арада 8 наурыз, 22 наурыз мейрамы, ал мейрамдарда біз
сыйлықтар сыйлаймыз. Сондықтан музыка ханшайымы бізге мына сыйлық жәшігін беріп жіберген шығар! Ия, жанында хаты бар!
(Оқушы хатты ашып оқиды).

Қымбатты достар!
Мен сендерді бірнеше күн бойы зер салып бақылап жүрмін. Маған сендердің музыка мен қалай айналысып жүргендерің ұнайды. Сондықтан да мен сендерге музыкалық сыйлық дайындап әкелдім. Бірақ зұлым зиянкес жалмауыз кемпір менің сенімді қызметкерлерімді ұйықтатып тастады.
Ноталар қатты ұйықтап жатқандықтан, 7 сиқырлы нотаны білімділікпен, тапқырлық ояту үшін аса қажет. Бұл үшін қиын тапсырмаларды орындау қажет. Сонда ғана жалмауыз кемпірдің сиқыры қайтып, сиқырлы музыка сендер үшін ойналады. Мен сендердің тапсырманы орындай алатындарыңа сенімдімін! Іске сәт!.
(Музыка сиқыршысы)
Мұғалім: Қалай балалар? Мен ойлаймын біз міндетті түрде берілген қиын
тапсырмаларды орындап, 7 алтын нотаны және музыка сыйлығын оятып, «Алтын музыка» бүгінгі сабағымызда естіледі. Егер адам білім жағынан мықты болса, ол нағыз сиқыршы, ал достық, бізге нағыз ғажайып жасауға көмектеседі.
Мұғалім: Мінекей, музыка ханшайымы бізге 7 тапсырма беріпті. Біз осы
тапсырманы орындауымыз керек. Әрбір дұрыс орындалған тапсырма үшін біз алтын нота аламыз.
1 - 2 тапсырма: Музыка туралы не білесің?
• тест тапсырмалары
• аңдар айтысы
Мұғалім: Міне, балар біз До, Ре ноталарын ояттық

3 тапсырма. Мына суреттер арқылы ноталар өлшемін көрсет (қол соғу арқылы).
Мұғалім: Міне, тағы да біз Ми нотасын ояттық
Енді 4 тапсырманы ашсақ, біз жеңеміз.

4 тапсырма. Музыкалық сөзжұмбақ
Мұғалім: Міне, тағы да біз Фа нотасын ояттық
5 тапсырма. Музыкалық мысалдар.
♪ + ♪ = ♪ + ♪ =
ð + ð = ♪ + ð + ♪ =
0 – ð = ♪+ ♪ + ♪ =
Мұғалім. Жарайсыңдар, балалар! Міне, тағы да біз Соль нотасын ояттық
6 тапсырма:
1) Алпамыс батыр жырының кейіпкерлерін ата?
2) Отанын, елін қорғайтын батыр қандай болу керек? 3) Қазжақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің авторы мен композиторын ата?
4) Терме не туралы айтылады?
5) Жырау дегеніміз кім? Оларды ата. 6) Жыр алыбы – Жамбыл туралы не білесің?
Мұғалім: Міне, тағы да біз Ля нотасын ояттық

7 тапсырма:
Мұғалім: Өте жақсы балалар! Енді бір тапсырма ғана қалды. (жалмауыз
кемпір келеді).
Жалмауыз кемпір:
Бір нота ғана қалды дейді.... Оны сендерге ашуға кім рұқсат етеді? Сендерден түкте шықпайды.
Мұғалім: Сіз неге сондай сүйкімсіз? Қатыгезсіз?
- Сондаймын қатыгезгеде бола алам! Зұлым да бола аламын!
Мейірімді де бола аламын! Сендерден түкте шықпайды. Соңғы нота қатты ұйқыда жатыр, оны ешкім де оята аламайды!.
Мұғалім: Балалар біз ән айтып көрейікші. Мүмкін ол оянатын шығар!
(«Біздің ән» хормен орындалады).
Жалмауыз кемпір:
- Ха - ха - ха, айтыңдар. Бәрібір нәтиже шықпайды.
Мұғалім: Жалмауыз кемпір қалай сенің ұятың жоқ? Жақында 8 - және 22
наурыз мейрамы. Бұл айда біздің жаңа жылымыз келеді. Сен осы
жылға мейірімді апа болып кірсеңші. Наурыз ата бір қуанып
қалсын.
Жалмауыз кемпір:
- Ой мен Наурыз атадан қорқамын. Ал жарайды менің сүйікті ойынымды ойнайық. Ұтсаңдар ған ноталарың оянады.
Ойын. «Жасырынбақ»
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Сендер өте белсенді қатысып отырдыңдар. Сендердің білімдеріңнің арқасында және достықтарыңның арқасында 7 алтын нотаны таптыңдар. Ал енді сендерге арнап алтын ноталар әуені ойналады (музыка ойналады).
Мұғалім: Ұнады ма алтын әуен?

Үйге тапсырма:
7 нота ережелерін жаттқа айту, «Ана», «Наурыз» әндерінің ноталарын нота дәптеріне көшіру.
Мұғалім: Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Келесі кездесуімізді асыға күтемін алтын әуенмен сабағымызды аяқтайық..
7 753
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көңілді дыбыстар
Көңілді дыбыстар
Музыка әлемінде көңілді дыбыстар көп кездеседі. Көңілді дыбыстар бізге шаттыққа толы көңіл күй сыйлайды. Көңілді әуен тыңдағанда көтеріңкі көңілде боламыз. Шалқып ән салып, би билегіміз келеді. Музыкалық дыбыстарға – ән, әуен, музыкалық аспаптардың
Музыка - сезім тілі
Музыка - сезім тілі
Музыканың әсерлік белгілері (музыкалық бояуы) туралы баяндау. «Композитор» ұғымына түсінік беру. Жаңа ән үйрету. Бір үнділікпен ән салу дағдыларын жетілдіру.
Ән, күй, би, марш қайда жетелейді?
Ән, күй, би, марш қайда жетелейді?
Қызылорда обылысы, Байқоңыр қаласы, Тоқмұхамедов. Қ. Х атындағы №14орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Гулзира Кенесовна
Музыканың дамуы
Музыканың дамуы
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Тоқмұхамедов Қ. Х атындағы №14 мектептің музыка пәні мұғалімі Ильясова Гулзира Кенесовна
Музыкалық дыбыстар
Музыкалық дыбыстар
ШҚО, Жарма ауданы, Қапай батыр ауылы Васильковка негізгі мектебінің музыка пәні мұғалімі Абильмажинов Нариман Талгатович
Халық музыкасы және опера
Халық музыкасы және опера
Ақтөбе қаласы, №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясы Музыка пәнінің мұғалімі Қазиева Назгүл Жеңісқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×