Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нүктелі нота

11 қараша 2014, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Музыка 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Нүктелі нота.
«Отаным - Қазақстан» әнін үйрену.
Сабақтың мақсаты:
1. Нота ұзақтығы туралы білімдерін кеңейту.
2. Әнге деген сүйіспеншілігін арттыру, ән айту дағдыларын дамыту.
3. Отанды сүюге, туған жерді аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: музыкалық тәрбие берудің басты міндеті – оқушыларға музыканы дұрыс тыңдатып, оны түсінуге және әсерлі орындай білуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, сұрақ - жауап, жаңылтпаштар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезең
ІІ. Жаңа тақырып
ІІІ. Шығармашылық жұмыс.
ІV. Жаңа ән үйрену.
V. Қорытынды.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма

Жаңа сабақ: Музыкада дыбыстардың ұзақтықтары әртүрлі болады. Бірі созылып, ұзақ айтылса, бірі қысқа айтылады. Дыбыстардың созылуының әртүрлі болып келуін ноталардың ұзақтылығы дейміз.
3 - сыныпта өткен ноталарды, оның ұзақтықтарын еске түсірейік
(ноталарды еске түсіру).
Енді осы ноталардың қасына нүкте қойылады. Мұндай ноталар – нүктелі нота деп аталады.
Ноталардың оң жағында нүкте тұрса, сол ноталардың ұзақтығының тең жартысындай ұзақтық қосылады. (интерактивті тақта арқылы нүктелі ноталармен таныстыру)
Шығармашылық жұмыс: Берілген сурет бойынша шағын әңгіме ұйымдастыру. Қазақ жерінің әсем табиғаты, биік таулары, жасыл жайлауы, төрт түлік малы, қазақтың киіз үйі – осының бәрі біз үйренетін «Отаным - Қазақстан» әнінде жырланады.
Ән үйрену: «Отаным - Қазақстан» әні – кең тынысты, жайдары, көңілді, ашық тембрде орындалады.
Ән орындағанда ашық дауысты дыбыстарға ережеге сай, жабыңқы, ақырын, айқайламай орындалуына көңіл бөлу керек. Мәтіндегі мағыналы сөздер мен екпін түсетін буындарды, әсерлі орындауға, ән айту ережелерін сақтауға дағдыландыру керек.
Сергіту жұмысы
Жұмбақ
Бес жолменен жүреді.
Бар әуенді біледі.
Темір тілді.
Күміс үнді.
Мен “Соль”- мын, тұз деме
Төменнен де іздеме.
(нота)

Жаңылтпаштар: Балалар жаңылтпаштар айтып жарысады.

Қорытынды сұрақтар:
1. Нүктелі нота деген не?
2. Нүкте нотаның қай жағына қойылады?
3.«Отаным - Қазақстан» әнінің мағынасы қандай?
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:
1. Еліміз, жеріміз туралы шағын шығарма жазу.
2.«Отаным - Қазақстан» әнін жаттау.
11 437
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көңілді ноталар
Көңілді ноталар
Музыкалық ойындар арқылы балалардың денсаулығын, шығармашылығын нығайту. Музыканы мұқият тыңдай отырып ести білуге, ырғақтарды айыра білуге үйрету. Музыкаға әсерлену, дыбыс жоғарылығын ажырату қабілетін дамыту.
Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы. С.Бәйтерековтің «Наурыз» әнін үйрену
Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы. С.Бәйтерековтің «Наурыз» әнін үйрену
ШҚО, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы, «Жарбұлақ орта мектебі» КММ - нің музыка пәні мұғалімі Байшойынов Ғазиз Сейілғазыұлы
Музыкалық дыбыстар
Музыкалық дыбыстар
ШҚО, Жарма ауданы, Қапай батыр ауылы Васильковка негізгі мектебінің музыка пәні мұғалімі Абильмажинов Нариман Талгатович
«Елімізді сүйеміз» әнін нақышына келтіріп орында
«Елімізді сүйеміз» әнін нақышына келтіріп орында
ШҚО, Аягөз қалалық № 3 жалпы орта білім беретін мектептің музыка пәні мұғалімі Садуақасов Марат Қасымұлы
Жар-жар айтысы
Жар-жар айтысы
Сабақтың мақсаты: Айтыс түрлерімен танысу. Әнді таза орындап, нота ұзақтықтары мен өлшемдерді меңгеру
Көңілді тапқырлар
Көңілді тапқырлар
Музыка пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс Мараимова Ақбота
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×