Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шертпе күйдің шебері - Тәттімбет

18 қазан 2019, Жұма
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Шертпе күйдің шебері - Тәттімбет
Сабақтың мақсаты:
Тәттімбет Қазанғапұлының өмірін әңгімелеу арқылы күйші композитормен таныстыру.
Сабақтың міндеті:
Күй түрлерімен таныстыру; Шертпе төкпе күйлердің орындалу ерекшелігімен таныстыру;
Музыкалық қабілеттерін ашу, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру;
Оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке, туған жердің табиғатын сүюге халық композиторларының күйлері арқылы тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: музыка тыңдау, ән айту. Музыкалық сауаттылық, шығармашылық
тапсырмалар, т. б.

Сабақтың барысы:
Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Күй – күйші – күй тарихы деген сөздерді қалай түсіндіңдер?
Құрманғазының күйлері білезік буынымен ойналатын күйлер, үстірмелете, жылдам екпінде қолдың қағыс қағар тұсында бас бармақ сұқ саусаққа жақын орналасады.

Жаңа сабақ.
Тәттімбет Қазанғапұлы – Қазақстанның орталық, шығыс, оңтүстік өңірлеріне кеңінен танымал, шертпе күй өнеріндегі ең ірі, көрнекті күйші – композитор. Тәттімбет ұлы күйші болумен бірге, өз дәуірінің көкірек көзі ашық азаматы ретінде әлеуметтік өмірге өз көзқарасын білдіріп, музыка тілімен үн қатып отырған композитор.
Күйлер орындалу мәнері мен құрылымдық ерекшеліктерге қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді.
Біз танитын Құрманғазы күйші – төкпе күй иесі болса, бүгінгі танысып отырған күйші композиторымыз Тәттімбет - шертпе күйдің шебері.
Тәттімбет шертпе күйдің шебері атанған. Ол күйші, әрі ақын, сөзге шебер адам болған. Тәттімбет ел аралап, алыс сапарларда көп жүреді. Бірде Тәттімбет елін, жерін сағынып, қайтып келе жатады. Сол сапарларда бір ауылда айтысып жатқан екі ақынға кездеседі. Сонда ақынның бірі: «Бұл дүниеде не өлмейді?» - деп сұрайды, екінші ақын: «Өлмейтін тау, су, ай, күн, жер», - деп жауап береді. Ақынның жауабына риза болмаған Тәттімбет сөз сұрайды:
Асқар таудың өлгені –
Басын мұнар шалғаны,
Ағын судың өлгені –
Ағыны тоқтап қалғаны,
Қара жердің өлгені –
Үстін ақ қар басқаны,
Ай мен күннің өлгені –
Қарайып барып батқаны,
Тек өлмейтін шын асыл
Данышпан адам айтқаны.

Ақынның екеуі де Тәттімбеттің айтқан жауабын мойындады. Екі ақын Тәттімбеттің қонақ болуын сұрайды.
«Құрмет сыйларыңызға рахмет! Елім мен жерімді сағынып келем. Мені жолымнан қалдырмаңыздар», - дейді.
Тәттімбет өзінің туған жеріне арнап күй шығарған. Ол күйдің атын «Саржайлау» - деп атайды.

Музыка тыңдайық.
Тәттімбеттің күйі «Саржйлау».

Музыка сауаттылығы.
Шертпе күй – оң қол саусақтарымен шертіп орындалатын музыкалық шығарма.

Біліп ал!
Тәттімбет Қазанғапұлы – қазақтың көрнекті күйші – композиторы, шертпе күйдің шебері. Тәттімбеттің«Саржайлау»,«Сылқылдақ», «Бестөре», «Көкейкесті», «Бестөре»,
«Сылқылдақ», сияқты күйлері көпке танымал. Тәттімбеттің күйлерін атақты күйші Әбікен Хасенов жеткізген.

Қорытындылау.
Күйдің қандай түрін білесің?
Біз қандай күйшімен таныстық?
«Шертпе күй» дегеніміз не?
Тәттімбет ел аралап жүріп кімдерге кезігеді?
Тәттімбет сөзге шешендігін қалай танытады?
Тәттімбет туған жеріне арнап шығарған күйі қалай аталады?

Бағалау.
Үйге тапсырма.
14 300
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күмбірлеген күміс күй. Дәулеткерей Шығайұлы
Күмбірлеген күміс күй. Дәулеткерей Шығайұлы
Шығайұлы Дәулеткерей (1814 - 1887 ) — қазақтың әйгілі күйші композиторы, төкпе күйлерінің негізін қалыптастырушы.
Көгершін – бейбітшілік құсы «Ақ көгершін» әнін үйрету
Көгершін – бейбітшілік құсы «Ақ көгершін» әнін үйрету
Оқушыларға табиғаттың бір бөлшегі құстардың түрлерімен таныстыра отырып, құстарға деген аяушылығын, қамқорлық сезімдерін арттыру.
Халық күйімен жұмыс
Халық күйімен жұмыс
Қазақ халқының күй өнері арқылы оқушының бойындағы туған еліне, жеріне деген сезімін ояту арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу, рухани жан дүниесін байыту.
Күй атасы - Құрманғазы
Күй атасы - Құрманғазы
Қаратөбе балалар саз мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Қайырлиева Оралай
5-6 сыныптарға арналған сауалнама
5-6 сыныптарға арналған сауалнама
5-6 сыныптарға арналған сауалнама 5 - класс I - тоқсан 1. Қорқыттың соңғы күйі? а) « Ұшардың ұлуы» ә) « Қорқыт» б) « Башпай»
Аспаптық музыка
Аспаптық музыка
Шымкент қаласы, № 42 Хамза атындағы жалпы орта мектебі музыка пәні мұғалімі Мараимова Ақбота
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×