Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аңыз күйлермен жұмыс жасау

19 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Музыка
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, Балалар әуез мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі
Байдаулетова Мирамкүл

Сабақтың тақырыбы: Аңыз күйлермен жұмыс жасау
Сабақтың мақсаты: Оқушыға домбырада орындалатын аңыз күйлер жайында терең мағлұмат беріп, аңыз күйлерді орындай білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Аңыз күйлердің шығу тарихымен таныстыра отырып, күй туралы теориялық білім беру.
Тәрбиелік: Күйдің шығу тарихын түсіндіре отырып, өнерді құрметтеуге, бабалар мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Күйлерді тыңдата отырып, есту қабілеті мен күйге деген қызығушылығын ояту, әдебиет пәнімен, этнографиямен байланысын арттыру.
Сабақтың әдісі: Тақырыпты түсіндіру, үнтаспаларды тыңдау, сұрақ - жауап арқылы оқушының кәсіби ойлауын дамыту.
Формасы: жеке сабақ
Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты жазылған ережелер, күйдің аңызына байланысты суреттер, үнтаспа, домбыра аспабы.
Пәнаралық байланыс: қазақ музыка әдебиеті

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ Үй тапсырмасы
IIІ Жаңа сабақ:
(Халық күйлерінің түрлі жанрларына, оның ішінде аңыз күйлерге терең мағлұмат беру).
( «Нар идірген» күйінің аңызын баяндап, күйдің үш тармағын үнтаспадан тыңдату).
(«Нар идірген» (жігіттің тартқаны) күйін талдау).
IV Сабақты бекіту
а) Сабақты пысықтау.
б) Үйге тапсырма беру.
ІІ. Динаның «Бұлбұл» күйін жатқа ойнатамын. Кемшіліктерін түзеп, қайталатамын.

ІІІ. Қазақ халқының күйшілік өнері сонау көне заманнан халқымызбен бірге жасасып, біте қайнасып, көзіміздің қарашығындай сақтап келе жатқан асыл қазыналарымыздың бірі.

Қазақтың аспаптық музыкасы яғни, халық күйлері өзінің орындаушылық ерекшеліктеріне қарай «төкпе» және «шертпе» күйлер болып бөлінсе, жанрлық тұрғыдан алты топқа бөлінеді.

Атап айтар болсақ, аңыз күйлер, арнау күйлер, тарихи күйлер, тұрмыс - салт күйлері, лирикалық күйлер және тартыс күйлер.

Аңыз күйлер - халықтық музыка өнерінде ежелден қалыптасқан шығармалар қатарына жатады. Бұл күйлерден халықтың өткен тұрмыс - тіршілігі, болмыс - бітімі мен ой - арманы туралы деректерді танып білуге болады. Мұндай күйлердің күмбірлеген сырлы сазымен бірге егіздің сыңарындай болып ауызша айтылатын терең мағыналы аңыз әңгімелері бар. Халық аспаптық музыкасында мұндай жанрды біртұтас синкретикалық форма деп атайды, яғни күйдегі ауызша әңгіме мен күй сазының бір - бірінен ажырамай, бөлінбей, біртұтас болып орындалатындығын көрсетеді.

Аңыз күйлер негізінен, домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптарында орындалады.
Аңыз күйлердің ең көне түрлеріне аң - құстардың, жан - жануарлардың атымен аталатын күйлерін жатқызуға болады. Мысалы: «Аққу», «Қаз», «Нар», «Қасқыр», «Жорға аю», сияқты күйлер қылқобыз аспабында орындалады. Бұл күйлерді тыңдағанда аққудың сұңқылдағаны, нардың боздағаны, қасқырдың ұлыған үні қылқобыз аспабында айқын көрініс табады.

Сыбызғы аспабы да халқымыздың көне аспаптары қатарына жатады. Сондықтан бұл аспапта да «Сал құла», «Кербез қыз», «Аңшының зары», «Арбиян қоңыр» атты аңыз күйлер біздің заманымызға орындаушылар арқылы жетіп отыр.

Ал, домбыра аспабында «Ақсақ құлан», «Сары өзен», «Салкүрең» «Бозайғыр», «Бозінген», «Нар идірген», «Бұлғын - сусар» және т. б көптеген күйлер аңыздарымен орындалуда.

Осы тақырыпқа байланысты біз «Нар идірген» күйіне тоқталамыз. Бұл күй негізінен Маңғыстау өңірінде болған оқиғадан шыққан күй делінеді. Маңғыстау жеріне Арал, Каспий маңында болған көшпелі тайпалардың көбі ат ізін салған. Мұнда ежелгі сақтардан бастап, каспилер мен алаңдар, қыпшақтар мен оғыздар, моңғолдар мен қалмақтар, ноғайлар болған. Бұл күйді Тмат Мерғалиев 1963 жылы Маңғыстау түбегінде тұратын Борашев Орлыбайдан жазып алған. Бұл күй үш тармақтан тұрады.

Енді күйдің аңызына тоқталайық:
Ертеде бір кедейдің жалғыз түйесі болыпты. Жазғытұрым түйесі боталап, екі күннен кейін ботасы өледі. Ботасыз қалған жануар иімей, желіні сыздап күңірене боздайды. Бұл жағдай кедейдің жанына қатты батады. Иесі бір күні сыртқа шығып қараса, түйенің екі көзінен жас парлап ағып тұр екен. Сол ауылда Әуелбек деген білгір адам болады. Түйенің иесі соған барады. Сонда Әуекең: «Оны тек сазбен иітуге болады. Бұл шебер домбырашының ғана қолынан келеді. Сен елге жар сал. Маяны иіткен адамға үлкен сый - тарту бересің», деп ақыл - кеңес береді. Содан әлгі кедей: «Егер сазбен маяны иіте алатындай өнерпаз табылса, тарту берумен бірге жалғыз қызымды да соған қосар едім», - деп елге жар салады. Қыздан үміткер болып, өздерінің бақтарын сынамақшы оймен хабар жеткен жерден талай домбырашы келеді. Бірақ мая иімейді.
Бірде түйені иітуге үш домбырашы келеді. Шарт бойынша маяны кім иітсе, қыз сол кісіге тұрмысқа шығуы керек. Қыз маяны құдықтың басына әкеліп, шелегін қолына алып, саууға дайын тұрады. Үш домбырашы келісіп, бірінші кезекті жасы үлкен шалға береді. Шал домбыраның үнін түйенің боздағанындай күңіренте тартқанда, маяның алпыс екі тамыры шымырлап ий бастайды.
Енді осы шалдың тартқан күйін Маңғыстаудың белгілі күйшісі Сержан Шәкіратовтың орындауында үнтаспадан тыңдайық:
Нардың иігенін сезсе де, қыз желінді қатты қысып тұрып, - Иімеді! Домбыраны келесі кісіге беріңіз, - деп шалға бұйырады. Бұл шалға бармау үшін қыздың істеген әрекеті екен. Екінші кезекті алған жігіт домбыраны күңіренте тартады. Қыз өз ісін сол жерде отырғандарға сездірмес үшін, күй біраз тартылғаннан кейін маяның желінін босатып, сауа беріпті.
Сондағы жігіттің тартқан күйін үнтаспадан тыңдаймыз.
Үшінші домбырашы балаға кезек жетпейді. Бұған қатты қиналған бала, қыздан айрылған өкінішіне арнап «Күйдім, жандым» деген күй тартыпты.
Енді баланың тартқан күйін үнтаспадан тыңдаймыз:
Осылайша үш домбырашы күйлерін тартып болған соң, өз өнеріне сенімі мол шал қызға қарап:
- Шырағым! Маяны иіткен мен едім, сіз зорлық жасап отырсыз. Егер осы айтқанымды бекер десеңіз, біз әлгі тартқан күйлерімізді тартып үш жаққа кетелік. Осы жануар кімге «ботам» деп еміне ерер екен, - дейді. Қыз маяны иіткен кім екенін біле тұрса да шалдың талабын орындауға мәжбүр болады.
Айтқандай - ақ, мая шалдың артынан қалмай, шапанын иіскелеп ере беріпті. Мұны көрген халық маяны кім иіткенін біледі. Бұл жағдайды жұртшылық тегіс көрген соң, шал қайта келіп қызға:
- Қарағым, бұдан былай өтірікке үйір болма, қалаған қосағыңмен бірге қартай, - деп батасын беріп, қызды жігітке қосып кетіпті.
Енді «Нар идірген» күйіндегі жігіттің тартқан нұсқасына тоқталамыз. Күйді оқушыға алдымен өзім орындап көрсетемін.
Күй формасы жағынан буындық формадағы күйлер қатарына жатады. Әдеттегідей бас буын, орта буын, сағадан тұрады. Күйдің өлшемі – 6/8; қағысы - ілме қағыс, қара қағыстардан тұрады.

IV. Сұрақ - жауап арқылы өтілген сабақты пысықтаймын.
1. Халық күйлері __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ жанрларына бөлінеді.
2. Аңыз күйлер _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ аспаптарында орындалған.
3. Аңыз күйлердің ішіндегі жан - жануарлар, аң - құстардың атымен аталатын күйлер _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
4. «Нар идірген» күйі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ өңірінде болған оқиғадан шыққан.
5. Бұл күйді Тмат Мерғалиев _ _ _ _ _ _ жылы Маңғыстау түбегінде тұратын _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ жазып алған.
6. «Нар идірген» күйі _ _ _ _ _ тармақтан тұрады.
7. Аңыз бойынша нарды _ _ _ _ _ _ _ _ шал иітеді, қыз _ _ _ _ _ _ _ __ _ тұрмысқа шығады.
8. Күйлерді үнтаспадан _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ орындауында тыңдадық.
Оқушыны бағалап, үйге «Нар идірген» күйін сағасына дейін талдауға беремін.
7 858
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Домбыра аспабының құрылысымен, шығу тарихымен таныстыра отырып, домбыраның ән - күй өнеріндегі алатын орнын түсіндіру. Оқушылардың ән - күй тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдап ойлау қабілеттерін дамыту. Өнер иелерін
Тартыс күйлер
Тартыс күйлер
Қазақ халқының күйшілік өнеріне, күй жанрларына, оның ішінде тартыс күйлерге ерекше тоқталып өтіп, толық түсінік беру. Жаңа сабақты талдау арқылы, оқушының күйшілік өнерін жетілдіру
Күй құдіреті
Күй құдіреті
Қарауылкелді орта мектебінің музыка пәні мұғалімі: Жазымова Задаш
Арнау күйімен жұмыс
Арнау күйімен жұмыс
Қазанғап атындағы Саз мектебінің мұғалімі Кемалова Зина Баймырзақызы
Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы
Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы
Қазанғап атындағы Саз мектебінің мұғалімі Кемалова Зина Баймырзақызы
Аспаптық музыка
Аспаптық музыка
Шымкент қаласы, № 42 Хамза атындағы жалпы орта мектебі музыка пәні мұғалімі Мараимова Ақбота
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×