Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ACTIV studio программасындағы кітапхана ресурсы арқылы музыкалық аспаптардың түрлері мен дыбыстарының ерекшеліктерімен танысу

19 наурыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: ACTIVstudio программасындағы кітапхана ресурсы арқылы музыкалық аспаптардың түрлері мен дыбыстарының ерекшеліктерімен танысу.

Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Оқушылардың кітапхана ресурсының мүмкіндіктерін флипчарт құрғанда пайдалануға, аспаптар туралы білімдерін жетілдіру, аспаптардың дыбыстарын ажырата білуге үйрену. тақырып бойынша алған білімдерін қорыту, бекіту.
• Дамытушылық: ACTIVpen қаламымен жұмыс істеп, пәнге деген информатика мен музыка пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
• Тәрбиелік: Ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу. ACTIVstudio программасын сабақ барысында қолдануға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар, слайдтар, ашық тест, жабық тест.
Техникалық құрылғылар: интерактивті тақта, музыкалық аспаптар.
Сабақтың түрі: кіріктірілген.
Сабақтың әдісі: Суретті – түсіндірмелі, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру. (Сұрақ - жауап)
III. Жаңа сабақ.
IV. Компьютермен жұмыс.
V. «Компьютердің сиқырлы құрылғылары» ойыны.
VI. «ACTIVstudio бағдарламасының қызықты құралдары» ойыны.
VII. Жаңа сабақты бекіту.
VIII. Үйге тапсырма.

I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу.
- Сабақтың мақсатын, барысын айту.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ - жауап:
Музыка пәні динамикалық белгілер бойынша сұрақтар.
1. Форте таңбасын айт.
2. Пиано таңбасын айт.
3. Меццо - форте таңбасын айт.
4. Меццо - пиано таңбасын айт.
5. Крешендо таңбасын айт.
6. Сфорцандо таңбасын айт.
Информатика пәні бойынша сұрақтар.
1. Негізгі құралдар тақтасы.
2. Арнайы құралдар тақтасы.
3. Флипчарттың құралдар тақтасы.
4. Интерактивті тақта – дегеніміз не?
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар.
5. Активті қалам – дегеніміз не?
Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

III. Жаңа сабақ.
Музыкалық аспаптардың түрлерін көру және дыбыстарын тыңдау (слайд).
Скрипка - ысқылы ішекті музыкалық аспап.
Виолончель – ысқымен тартылатын скрипка тектес төрт ішекті аспап.
Контрабас – ысқымен тартылатын қыл ішекті музыкалық аспап.
Қобыз. Қобыздың атасы Қорқыт. Ішектері ат қылынан тағылады. Астыңғы жағы терімен қапталады. Мұндай қылқобызда көбінде жыршылар, әншілер және бақсылар ойнайтын болған.
Домбыра - XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Үйдің төрінде тұрады.
Сыбызғы - үрлеп ойнайтын ескі музыкалық аспап. Бармақ басатын үш тесігі бар. Үрлеу арқылы дыбыстардың жиырмадан астам түрлері пайда болады. Сыбызғы негізінен ағаштан және қурайдан жасалады. Бақташылар арасына көп тараған.
Сазсырнай. Саздан жасалған үрмелі аспап. Қазба жұмыстары кезінде Отырардан табылған
Саксафон - үрмелі аспап.
Дауылпаз – қазақтың ойналатын көне аспабы. Ертеде бұл құрал соғыс құрал ретінде пайдаланған.
Сылдырмақ – сылдырлап ойналатын аспап.
Асатаяқ – тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер ілінген, сілкіп ойнайтын аспап.

ACTIVstudio программасындағы кітапхана ресурсы арқылы музыкалық аспаптардың түрлерін көрсету және музыкаларды есту.
Кітапхана ресурсы
кітапхана ресурсының толық мүмкіндіктерін флипчарт құрғанда пайдалануға болады. Мұнда суреттер мен дыбыстардан бастап аяқталған іс - әрекеттер, оқу жоспарлары да бар. Ол мыңдаған дайын ресурстармен қамтамасыз етілген. Кітапхана ресурсын іске қосу үшін, флипчарттың құралдар тақтасынан «Кітапхана ресурсы» батырмасын басу керек.
Кітапхана ресурсын ашу.
Флипчарт құралдар тақтасынан «Кітапхана ресурсы» батырмасын басыңдар. Кітапхана ресурсы терезесі іске қосылады. Кітапхана ресурсы ACTIVstudio бағдарламасында өте маңызды бөлімнің бірі.
Көмекші сөздерді қолдану.
Егер де меңзер ACTIVstudio батырмасының астында болса, көмекші сөздер шығады. Бұл құрал әрбір батырманың функцияларын еске түсіріп отырады.
Жалпы кітапхана ресурсы.
ACTIVstudio бағдарламасы орналастырығаннан кейін «Жалпы кітапхана ресурсы» мыңдаған ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді. батырмасын іске қосыңдар.
Ресурс тірегін қолдану.
Кітапхана ресурсының сол жағындағы батырмада көптеген қажетті ресурс түрлерін таңдауға болады. «Жалпы кескіндер» батырмасын басыңдар. Тақтада бірнеше кішкентай картиналар шығады. Көптеген суреттерді табу үшін Ресурс тірегін қолданыңдар. Мұнда барлық жалпы кескіндер орналастырылған бумалар бар. Ресурс Тірегінен + таңбасы, мұнда тағы да кіріктірілген бумалардың бар екенін көрсетеді. Ресурс тірегімен жұмыс жасап көрейік.
Кітапхана ресурсынан жалпы кескіндерді таңдау.
Қазір кейбір құстарды іздестіріп көрейік. «Жалпы кескіндер» батырмасынан «Музыка» бумасын табыңдар. Ондағы + батырмасын шерт. «Аспаптар» бумасын ашыңдар. Тақтада буманың мазмұнын көреміз. Әрбір суреттің астында аттары жазылады. Егер де жазу жоқ болса, «Меню» батырмасының жоғарғы сол жақ шетіндегі Кітапхана ресурсы терезесіндегі менюден «жазбалар» командасын таңда.
Флипчарт бетіне Кітапхана ресурсының объектілерін қосу.
Кітапхана ресурсы терезесінің төменгі бөлімінде төрт бөлім бар. «Түссіздендірілген» бөлімі белгіленгенін тексер. Бұл суреттің фонын түссіздендіреді. Енді «Тасымалдау» бөлімі белгіленіп алғанын тексер. Бұл суреттерді флипчарт бетіне тасымалдауға мүмкіндік береді. Енді құстарды флипчарт бетіне тасымалдаңдар.
Кітапхана ресурсын бүктеу.
Суреттерді флипчарт бетіне қойғаннан кейін, Кітапхана ресурсын беттің сол жақтың жоғарғы жағына «Бүктеу» батырмасын басып орналастырыңдар. Бүктеулі күйінде Кітапхана ресурсы экранда аз ғана орын алады және де оны кез келген мезетте қалпына келтіруге болады.
Объектіні редакторлеу құралы тақтасын қолданып суреттердің көшірмесін алу.
Бөліп алу құралының көмегімен суреттің ортасына шертіңдер. Объектіні редакторлеу құралы тақтасы іске қосылғанда, «Көшірмелеу» батырмасын үш рет шертіңдер, сонда бір суреттің үш көшірмесі пайда болады. Суреттерді жеке - жеке қойыңдар.
Объектінің көлемін өзгертіп және оны айналдыру.
Объектіні редакторлеу тақтасының құралын қолданып, суреттердің сыртқы түрін өзгертуге болады. Үш суреттің бірін белгілеп алып, объектіні редакторлеу тақтасының көмегімен «Көлемін үлкейту» батырмасымен суреттің көлемін үлкейтеміз. Келесі суретті «Көлемін кішірейту» батырмасымен кішірейтеміз. Енді үш суреттің көлемі әр түрлі. Ал үшінші суретті «Бөліп алу» батырмасын шертіп көмегімен айналдырамыз.
«Өшіру» батырмасын қолдану.
Кез келген суретте екі рет шерткенде объектіні редакторлеу тақтасынан «Өшіру» батырмасының көмегімен қажетсіз суреттерді өшіруге болады. Ескерту: Суретті флипчарттағы қоржынға салуға болады. Бірақ та объектіні редакторлеу тақтасындағы құралды пайдалану ыңғайлы және де ол бөліп алынған суреттің жанында тұрады.

ІҮ. Компьютермен жұмыс. ACTIVstudio программасындағы кітапхана ресурсы арқылы музыкалық аспаптардың түрлерін жұмыс парағында көрсету.
Ү. «Компьютердің сиқырлы құрылғылары» ойыны.
Ойынның шарты: Интерактивті тақтадан берілген суреттердің атауын айтып, артындағы жасырын сұрақтарға жауап беру.
1. Қаланы тышқандардан азат еткен аспап.
2. Флейта аспабын сүйіп тыңдайтын бауырымен жоргалаушы
3. Ең жалақы көп төленетін аспапта ойнайтын музыкант.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының авторлары:
5. Аң аулауға қолданған музыкалық аспап.
(слайд) Тапсырманы тыңдаймыз:
ҮІ. «ACTIVstudio бағдарламасының қызықты құралдары» ойыны.
Ойынның шарты: Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз.
- құралдар тақтасы және баптау параметрлерін баптауға ACTIVstudio функцияларының кілті болып табылады.
- флипчарт батырмасы
- жұмыс үстеліне өту.
- түстер Палитрасы. Флипчарттың объектілерінің түсін таңдау.

- прожектор құралы. Көрсетілген аймақтың ортасынан басқаның бәрін де бүркемелеп көрсетеді.
ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Музыкалық аспаптардың қандай түрлерімен таныстық?
2. Олардың дыбыстары бір - біріне ұқсай ма?
3. Аспаптардың жануарларға қатысы бар ма?
4. ACTIVstudio программасындағы кітапхана ресурсының мүмкіндіктері қандай?
5. Кескіндер жиынтығы батырмасының қызметі қандай?
6. ACTIVstudio программасындағы музыкаларды қалай табамыз?
VІІІ. Үйге тапсырма.
ACTIVstudio программасындағы кітапхана ресурсының мүмкіндіктері.
Аспаптардың дыбыстарын дұрыс ажыратып, аспаптар туралы реферат жазу.

Музыка пәнінен ашық тест
1. Үйдің төрінде тұратын аспапты табыңыз.
А) асатаяқ
Б) домбыра
В) дәптер

2. Домбыраға ұқсас аспапты табыңыз.
А) сыбызғы
Б) асатаяқ
В) шертер

3. Ішекті аспаптарды табыңыз.
А) домбыра, қобыз, жетіген
Б) дабыл, асатаяқ
В) ауызсырнай, сырнай

4. «Ақсақ құлан» күйінің авторы кім?
А) Дина Нұрпейісова
Б) Құрманғазы Сағырбайұлы
В) Нұрғиса Тілендиев

5. «Отрар сазы» оркестрін кім құрған?
А) Құрманғазы Сағырбайұлы
Б) Нұрғиса Тілендиев
В) Дина Нұрпейісова

6. Қазақтың ұлттық ойындарын табыңыз.
А) алтыбақан, асық, арқан тарту
Б) сурет салу, дойбы
В) футбол, шахмат

7. Шылау сөздерді табыңыз.
А) туралы, арқылы
Б) қалам, дәптер
В) отыр, жатыр

8. Барыс септіктің септеулігін табыңыз.
А) үшін, туралы
Б) қатар, басқа
В) дейін, шейін

9. Демеулік шылауларды табыңыз.
А) әйтпесе, егер
Б) арқылы, шейін
В) ба, бе
7 453
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көңілді дыбыстар
Көңілді дыбыстар
Музыка әлемінде көңілді дыбыстар көп кездеседі. Көңілді дыбыстар бізге шаттыққа толы көңіл күй сыйлайды. Көңілді әуен тыңдағанда көтеріңкі көңілде боламыз. Шалқып ән салып, би билегіміз келеді. Музыкалық дыбыстарға – ән, әуен, музыкалық аспаптардың
Оркестр
Оркестр
Оркестр - музыкалық шығарманы әртүрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы және оны басқаратын дирижер болады. Музыкалық шығармалардың түріне қарай симфониялық оркестр, ішекті аспаптар оркестрі, үрлемелі аспаптар оркестрі, эстрада
Музыкалық аспаптардың құрылыс ерекшеліктері
Музыкалық аспаптардың құрылыс ерекшеліктері
Музыкалық аспаптардың құрылыс ерекшеліктерімен таныстыру. Музыкалық аспаптар туралы толық мәлімет беру
Ұлттық музыкалық аспап
Ұлттық музыкалық аспап
«Алтын кілт» балабақшасының саз жетекшісі Тынысбаева Айнаш Ажигалиевна
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Зырян қаласының № 9 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Серғазина Ақерке Алтайқызы
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Үшқұдық мектеп – бақшасының музыка пәні мұғалімі Тулепова Гулайна Жаркынбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×