Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қола дәуірінің негізгі сипаты

26 сәуір 2018, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Қола дәуірінің негізгі сипаты

Конспект
Қола дәуірі б. з. б. 2800 жыл – б. з. б. 900 жыл аралығын қамтиды. Қола дәуірінде адамзат металл өңдеуді игерді. Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды. Қола мыс пен қалайының қосындысынан алынған. Қоладан жасалған бұйымдар тас және мыс еңбек құралдарын біртіндеп ығыстырды.
Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4 мың жыл бұрын, яғни б. з. б. 2 мыңжылдықта басталған.
Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері андрон мәдениеті деп аталады. Себебі қола дәуірінің алғашқы ескерткіштері Адроново селосы (Сібір, Ачинск қаласы) маңынан табылған. Андрон тектес қола мәдениеті таралған аумақ: Орал (Жайық) өзені, Енисей өзені, Батыс Сібір, Памир таулары.
Қола дәуіріндегі үйлер екі түрлі болды: жартылай жертөле және жер бетіне салынған үй. Жертөленің ішінде тас ошақ орнатылып, жер еденде сүт өнімдері мен ет сақтайтын шұңқыр қазылған. Үйдің жанына мал қамайтын қора салынған. Андрондықтар төрт түлік малдың барлық түрін өсірген.
Ғалымдар Cолтүстік және Батыс Қазақстан аймағынан 80 - нен астам қоныстарды тапқан. Олардың кейбірін ертедегі алғашқы қалалар деуге болады. Қостанай облысы мен Челябі облысының шекарасынан ескі қала – Арқайым табылды.
Мал өсіру отырықшылық, бақташылық түрінде болған. Мал жаюға ыңғайлы болу үшін шөбі шүйгін және желден ықтасын болатын жерлерді таңдап алған. Андрондықтар Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма өзендерін бойлай қоныстанған. Өзен аңғарларындағы тайпалар жерді тесемен өңдеген, жылқы, сиыр, қой, ешкі өсірген. Андрондықтардың қоныстарынан егіншілік құралдары – дән тартатын диірмен, жер өңдеуге арналған тесе, мыс пен қола орақтар табылды.
Металл кеніштері Зыряновск, Жезқазған, Қарқаралы, Ақшатаудан табылды. Қаныш Сәтбаевтың мәліметі бойынша, Жезқазғаннан 1 млн тонна кен өндіріліп, одан 100 мың тонна мыс қорытылған. Нарым мен Қалба (Шығыс Қазақстан) кен орнында 1100 тонна қалайы шығарылған.
Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандықтар салынды. Қазандыққа ауа үрлейтін көрік жасалды. Қорытып жасалған еңбек құралдары тастай қатты, әдемі сары түсті болды. Кен өндірушілердің қонысы кенішке жақын жерлерде орналасқан.
Мысты өндіру үшін кен орнының алдына от жағып, қызғаннан кейін су құйған. Шытынап, уатылған кенді тас және қола қайланың, ағаш сынаның көмегімен опырады. Кейін тас балғамен ұсақтаған. Еңбек құралдары тас немесе саз балшық қалыптарға құйылып, өңделген.
Андрон мәдениетінің ең негізгі сипаты – саз балшықты ыдыс жасауға пайдалану. Қыш ыдыстар арнаулы пештерде күйдіріліп, тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен өрнектелді. Көзе құмыралар түрінің әсемдігімен, өрнекті әшекейлерімен тамаша өнер туындысы болып саналады.
Академик В. П. Алексеевтің берген сипаттамасы: "Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін - кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған".
Андрондықтардың бойы онша биік емес, беті жалпақ, маңдайлары тайқылау болып келген. Дене құрылысы жағынан еуропеоидтерге ұқсайды.
Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне жататын 30 қоныс, 150 оба зерттелді.
Петровка мен Боголюбов қоныстары (Солтүстік Қазақстан) орлармен, дуалдармен қоршалған.
Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік - батысқа қаратқан. Андрондықтар табиғат күштеріне табынған.
Қола дәуіріндегі тасқа салынған суреттер Таңбалы, Жасыбай, Хантау жерлерінен табылған. Бұл суреттерде жабайы бұқа, қос өркешті түйелер, билеген адамдар салынған.
Чаглинка, Петровка (Солтүстік Қазақстан) қоныстарында үйлердің қабырғалары тік бағандардан тұрғызылып, киіз үйдің торкөз керегелері тәрізді етіп жасалған. Ғалымдар андрондықтардың дөңгелек, жеңіл баспаналары қазақтың киіз үйіне ұқсайды деп есептейді.

Конспект сұрақтар
1. Қола дәуірінің хронологиялық шеңбері:
2. Кенді қорыту үшін салынды:
3. Қола дәуіріне жататын металл кеніштері табылған аймақ:
4. Андрондықтардың басты кәсібі:
5. Қола дәуірінің ең алғашқы қалаларының бірі:
6. Андрондықтардың баспаналары:
7. Қола дәуірінің мәдениеті:
8. Еліміздің аумағында қола дәуірі басталды:
9. Қола дәуіріне жататын, Орталық Қазақстаннан табылған қоныстар саны:
10. Андрондықтардың бет - бейнесін сипаттаған антрополог - ғалым:
11. Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі:
12. Кенді опыруға арналған құралдар:
13. Андрондықтардың жерлеу ғұрпы:
14. Андрондықтардың тасқа салынған суреттері табылған жер:
15. Петровка қонысы орналасқан аймақ:

Тақырыптың тесті

Қола дәуірінің негізгі сипаты. жүктеу
4 347
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Андронов және Беғазы - Дәндібай мәдениеті
Андронов және Беғазы - Дәндібай мәдениеті
Археологиялық деректерге сүйене отырып, Андронов және Беғазы - Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау. Бағалау критерийлері
Қола дәуірінің қоныстары
Қола дәуірінің қоныстары
Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дәуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері туралы білім беру.
Қола дәуірі
Қола дәуірі
Қола дәуірінің адамзат баласының басынан кешірген тарихи кезеңдегі орны жөнінде, қола туралы түсініктері мен оның басқа металдардан артықшылығы мен ерекшелігін ашып көрсете білу, картаның көмегімен қола дәуірінің Қазақстан аумағындағы аймақтарын
Қазақ жеріндегі Қола дәуірі
Қазақ жеріндегі Қола дәуірі
Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дәуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері жөнінде түсіну.
Дәуірдің негізгі сипаты
Дәуірдің негізгі сипаты
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің құқықтану пәні мұғалімі Мыңбаева Айгүл Тұрарқызы
Қола дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша қайталау
Қола дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша қайталау
Қола дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау. Оқушылардың білім деңгейлерін анықтау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×