Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сақтардың мәдениеті

27 сәуір 2018, Жұма
Категориясы: Оқушыларға
Сақтардың мәдениеті
Конспект
Б. з. б. VII ғасырдан бастап “аң стилі” пайда болды. “Аң стилінің” негізгі тақырыбы аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу болса, негізі адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсінікпен байланысты болған. Ру, тайпалар өздерінің шыққан тегін аңдармен байланыстырған және оларды қасиетті тұмар деп санаған.
Бұл өнердің дәстүрімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысқан. Осы жерлерден сақтарға “өмір ағашы” дейтін арыстан бейнесі тараған.
Қызылордадан 300 шақырым жерде, апасиак - сақтардың астанасы Шірік - Рабат орналасқан. Қаланың орталығынан күзет мұнаралары бар қамал (цитадел) табылды. Археологтар цитадел орталығынан жебе ұштарын, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар тапты. Бұл заттардың жасалған мерзімі б. з. б. 4 - 2 ғасырларға жатады.
Есік обасынан табылған қыштан, ағаштан, металдан жасалған ыдыстардың арасынан 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша ерекшеленеді. Камал Ақышевтің пікірінше, бұл сақтардың өзіндік жазуы болғандығын дәлелдейді.
Есік обасына 17 - 18 жас шамасындағы сақ ханзадасы жерленген. Оның киімі басынан аяғына дейін алтын түймешелер, қаптырмалармен апталған. Есік қорғанынан табылған алтын бұйымдардың молдығына байланысты “Алтын киімді адам” - деп аталды.
Сақ ханзадасының жанынан семсер, қанжар - акинак, алтын ұшты жебе, қамшы, жібек қоржын, алтын түймешелер, алтынмен апталған қола теңгелер, мөр - жүзік табылды. Барлығының саны – 4000 - нан астам.
Алматының күншығысында 50 шақырым жерде, Іле Алатауының баурайында 40 - тан астам оба табылды. Соның бірі – Есік обасы, диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр.
Бәбіш - Молда қаласының қамал қабырғалары және айналдыра қазылған орлары болған. Қала ішінен қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылды. Бұл заттық деректер қала тұрғындарының егіншілікпен айналысқанын дәлелдейді.
Іле өзенінің оң жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан Бесшатыр қорымы 31 обадан тұрады. Обалар солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км, шығыстан батысқа қарай 1 км аймақты алып жатыр. Қорым б. з. б. 5 - 4 ғасырларға жатады.
Ғалымдар үлкен Бесшатыр обасын “патша” қорғандары деп атайды. Себебі бұл обаларда патшалар, даңқты адамдар жерленген.
Оба үйіндісінің айналасындағы тас дуалдың маңайына ірі тас бағандар – менгирлер орнатылған. Кейбір менгирлерге қазақ ру - тайпаларының таңбалары қашалып салынған.
Сағана 3 бөліктен тұрады: дәліз (дромос), қабір алдына кірер ауыз, жерлеу бөлмесі. Сағананың қабырғасы 16 қатар бөренеден қиып салынған.
Жетісу сақтарының кіші обалары қарапайым адамдардың қабірлері болып есептеледі. Сақ дәуірінің бас кезінде қола кезіндегі сияқты мәйітті тас сандықшаларға, кейін жер қабірге жерлеген.

Конспект сұрақтар
1. Үлкен Бесшатыр обасының атауы:
2. Бесшатыр обасындағы ірі тас бағандар атауы:
3. Бесшатыр сағанасының бөліктері:
4. Бесшатыр қорымындағы обалар саны:
5. Тұрғындары егіншілікпен айналысқан сақ қаласы:
6. Алматының күншығысында орналасқан қорған:
7. Есік қорғанынан табылған бұйымдар саны:
8. Есік обасынан табылған “Алтын адам”:
9. 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша табылған оба:
10. Апасиак - сақтардың астанасы:
11. Сақтарға “аң стилі” өнері тарады:
12. Б. з. б. 7 ғасырдағы сақ өнері:
13. Сақ дәуірінің бас кезінде мәйітті жерледі:
Тақырыптың тесті

Сақтардың мәдениеті. жүктеу
6 042
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сақтардың мәдениеті
Сақтардың мәдениеті
Сақ мәдениетінің мұраларымен таныса отырып, сақ мәдениетінің әлемдік мәдениеттен алатын орнын, қазақ мәдениетінің дамуындағы ықпалын ашып көрсету.
Түріктердің рухани мәдениеті
Түріктердің рухани мәдениеті
Түріктердің рухани мәдениеті Конспект Ежелгі түрік тайпалары көне түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру - тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Жерімізде түрік жазуының пайда болған
Қазақстан көшпелілерінің мәдени жетістіктері. Ежелгі Қазақстан мәдениеті
Қазақстан көшпелілерінің мәдени жетістіктері. Ежелгі Қазақстан мәдениеті
III БӨЛІМ. Қазақстан көшпелілерінің мәдени жетістіктері. Ежелгі қазақстан мәдениеті Конспект Парсы сарайында ұзақ уақыт тұрған Ксенофонт сақтардың тәрбиелілігі туралы мына оқиғаны жазған: “Парсы патшасы әр елден келген салт аттылардың ат жарысын
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы Конспект Ерте заманда кеншілер темірді арнайы пеш - көрікпен өндірген. Тастан немесе шикі саз балшықтан салынған пештің астынан ауа үрлейтін көрік орнатылды. Пештің ішіне бірнеше қатар етіп салынған отын мен кен
Орталық Қазақстан
Орталық Қазақстан
Орталық Қазақстан аймағының Сарыарқа деп аталу себебін, орналасқан аймағын картадан көрсету
Сақтардың мәдениеті
Сақтардың мәдениеті
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу лицейі» мемлекеттік мекемесінің тарих пәні мұғалімі Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шәудірбаева Гүлнар Иманғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×