Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өнер-білім, тіл туралы қанатты сөздер

20 қыркүйек 2016, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
1.Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж.Баласағұн.
***********
2.Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.
Сенека.
***********
3.Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.
Т.Фуллер.
***********
4.Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен силата білмесең, құр қаталдықтан түкте шықпайды.
А.П.Чехов.
************
5. «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін ~ тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын»
Альберт Эйнштейн
****************
6."Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет".
Шоқан Уәлиханов.
***************
7.Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.
А.С. Макаренко
*************
8.«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі"
К.Д.Ушинский
*************
9.Құт берекең- атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың- әкең қымбат.
Қазыбек би
*************
10.Бiр әрiп үйреткенге 40 жыл сәлем бер.
*************
11.Ұстаз – анаңдай ұлы.
**************
12.Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi ұшiн күймесе,шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе.
**************
13.Ана мейiрiмiмен ұстаз мейiрiмi егiз.
*************
14.Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
************
15.Мектеп –кеме,бiлiм – теңiз. Барар жерге тез жетемiз.
**************
16.Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі .
Жүсіпбек Аймауытұлы
***********
17.Ана тілің – асылың, оны білмеген – масылың.
Қадыр Мырза Әлі
*************
18…Ал екінші бақытым – тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім…
Мұқағали Мақатаев
****************
19.Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!
Ғабиден Мұстафин
****************
20.Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.
Ғабит Мүсірепов
***************
21.Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады.
Мұхтар Әуезов
****************
22.Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…
Жүсіпбек Аймауытов
****************
23.Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.
Халел Досмұхамедұлы
***************
24.Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
Ғабит Мүсірепов
*************
25.Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт.Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.
Мұхтар Әуезов
*************
26.Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық міндң интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.
Мұхтар Әуезов
**************
27.Тіліңді жоғалту,су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да өткен қасірет.
Жалау Мыңбаев
************
28. «Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші,яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі»
С. Аманжолов
************
29. “Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?”
Мұхтар Әуезов
************
30.Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
***********
31.Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген де бір.
Тоқсары
***********
32.Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
*************

33.Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын.
Абай
*************
34.Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.
************
35.Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
Абай
*************
36.Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Төле би
***********
37.Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.
Бұқар жыра
************
38.Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
Жүсіпбек Аймауытұлы
**************
39.Кісінің көркі - жүз,
Жүздің көркі - көз,
Ойдың көркі - тіл,
Тілдің көркі - сөз.
****************
40.“ Адамды жөн бiлетiн дана деп бiл,
Iстерiн жалқау жанның шала деп бiл.
Құр жасы елулерге келсе-дағы,
Бiлiмсiз сондай жанды бала деп бiл”-
*************
41.Жомарттық пен мәрттік. Бұлардың негізінде үш нәрсе бар: бірі – өз айтқан сөзіңді өзің орындау; екіншісі — әділдік пен туралыққа нұқсан келтірмеу; үшіншісі — қайырымдылықты есіңе ұстап ұмытпау. Егер мәрттік пен жомарттық жолында жүрмек болсаң, әр уақытта үш нәрседен сақтанғайсың: көзді — жаман назардан, қолды — жаман істен, тілді — жаман сөзден.
Қабуснамадан
*******************
42.Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт.
Халел Досмұхаммедұлы
***************

43.Көрінеді тілден түйсік, білім де,
Біле білсек жарылқаушы – тілінде.
***************
44.Білімсіздер тіліне берік болсын,
Білімдінің тіліне ерік болсын.
*******************

45.Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі — тіл, бірі — ділің жүректегі.
**************
46. Тіл – елшінің қылышы, тіл қылыштан да өткір.
*****************
47.Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік.
Жүсіп Баласағұн
**************
48.Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл.
Махмұд Қашқари
**************
49.Әдеп басы — тіл.
*************
50.Ердің жүзін күйдіретін нәрсе –– тіл.
Ахмет Йүгінеки
*************
51.Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкин қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе.
Ыбырай Алтынсарин
*************
52.Ақылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпай сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар.
**************
53.Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Ақылдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.
***********
53.Шешеннің тілі
Шебердің бізі.
Абай Құнанбайұлы
************
54.Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.
Ахмет Байтұрсынұлы
*************
55.Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
“Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғандығын кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз”
Ахмет Байтұрсынұлы
*****************
56.Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.
Ахмет Байтұрсынұлы
***************
57.Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын.
Ахмет Байтұрсынұлы
**************
58.Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.
Ахмет Байтұрсынұлы
******************
59.Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек.
Ахмет Байтұрсынұлы
*************
60.Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт.
**************
61.“Біздің тәжірибемізде қазақ тілі — бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе, ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз керек”.
**************
62.Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйініш.
Халел Досмұхаммедұлы
***************
63.Сүйемін туған тілді — анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім!
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
***************
64.Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
************
65.“Қазақ тілі бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз… Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да түу басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық… Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдардың да оқып қайтқандарымыз бар. Солардың бәрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр… Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде бұлардың бәрінің негізі “Тіл құралы” екенін ұмытпасқа керек”.
Міржақып Дулатов
*************
66.“Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз бәрі жақсы болып, әулие болып өтті”, “Дүниедегі ең асыл тіл — араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары — қазақ тілі”.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
*************
67.“Тіл — адам жанының тілмәші. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт — тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмыс, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі — бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең. Тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлейміз деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші, қазақ тілін қолданбақшы. Күндерде бір күн түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік тілінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік”.
************
68.Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ.
Мағжан Жұмабаев
*************

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
271 337
1
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Адам деген ардақты ат
Адам деген ардақты ат
Адамгершілік ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Атадан қалған асыл сөз
Атадан қалған асыл сөз
Қазақ даласында өмір сүрген, от ауызды орақ тілді шешендер сөздерінің мәнін оқушыларға түсіндіру және асыл сөздермен таныстыра отырып, сөз қадірін түсінуге, үлкеннің ақылын тыңдау парыз екенін ұғындыру.
Отбасы шаңырақ берекесі
Отбасы шаңырақ берекесі
Отбасын құрайтын адамдар, әр адамның отбасында алатын орны мен маңызын түсіндіру. Оқушыларды мейірімділікке, қамқорлыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Мен қандай ұстазбын (эссе )
Мен қандай ұстазбын (эссе )
Текелі қаласы, № 5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Биембаева Жанар Бақытқызы
"Жылу" Фариза Оңғарсынова
"Жылу" Фариза Оңғарсынова
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Ана тілі – халықтың қымбаттан-қымбат кені!
Ана тілі – халықтың қымбаттан-қымбат кені!
Ана тілі – халықтың қымбаттан-қымбат кені!
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×