Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан тарихынан ЕНТ сұрақтары мен жауаптары

16 ақпан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Қазақстан тарихынан ЕНТ сұрақтары мен жауаптары

$$$001
Жоңғар шапқыншылығынан зардап шеккен аймақ:
Е) Жетісу
$$$002
1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы:
А) Қазақстанның солтүстік - батысы азат етілді
$$$003
1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға:
В) «Қалмақ қырылған»
$$$004
Болат хан өлгеннен кейін, аға хандыққа таласқан қазақ хандары:
В) Сәмеке мен Әбілқайыр
$$$005
Жоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алуы:
Е) 1724 - 1725жылы
$$$001
Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы:
С) 1731жылы
$$$002
Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша:
В) Анна Иоанновна
$$$003
XVIII ғ. 1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы:
D) Әбілқайыр хан
$$$004
Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер:
D) Құндағұлұлы, Қоштайұлы
$$$005
1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны:
А) 29 старшын
$$$006
1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс
В) Ор
$$$007
1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы:
В) В. Татищев
$$$008
Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген:
D) Барақ сұлтан
$$$009
Орынбор қаласының салынуы
С) 1743 жылы
$$$010
1714 - 1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты:
С) Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу
$$$011
1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған хан:
В) Қайып сұлтан
$$$012
XVIII ғ. 50 ж. Солтүстік – Шығыс Қазақстандағы ұзындығы 723 верст болатын шеп
С) Колыван шебі
$$$013
XVIII ғ. II ж. қазақ – орыс саудасының белгілі орталықтары
А) Семей, Өскемен, Бұқтырма
$$$014
1766 жылы Әбілмәмбет ханның II Екатеринаға хат жолдау себебі
С) Түркістан арқылы өтетін керундерді Семей Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу
$$$015
1756 жылы қыркүйекте патша әкімшілігі Кіші Жүз қазақтарына ресми шек қойды:
В) Жайық жағалауына мал жаюға
$$$016
Жайық бойында қазақтарға мал жаюға патша өкіметі алғаш рет шек қойды
А) 1756 жылы
$$$017
1766 жылы Екатерина патшадан Түркістан арқылы өтетін ірі керуендерді Семей, Жәміш бекіністерінде қабылдауға рұқсат алған хан
С) Әбілмәмбет
$$$001
1741 - 1743 ж. Абылай сұлтан тұтқында болды:
С) Жоңғарияның
$$$002
1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер:
В) Әбілпайыз
$$$003
Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып, қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан
Е) Абылай
$$$004
Абылайдың бас мирасқоры
А) Уәли
$$$001
XVIIІ ғасырда шығармаларын аңызға айналған сардарлар Қабанбай мен Бөгенбай батырларға арналған халық ауыз әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі
D) Ақтамберді
$$$002
«Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы
С) П. Рычков
$$$001
Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі болған жылдар:
В) 1773 - 1775 жж.
$$$002
Е. Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері
В) Кіші және Орта жүз
$$$003
Қазақтардың Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына түрткі болған
С) Жер мәселесі
$$$004
Е. Пугачевті ашық қолдап, оған қарулы топ жіберген Кіші жүз сұлтаны
С) Досалы
$$$005
Е. Пугачев көтерілісінде басты күш қазақтардан құралып, басып алған бекініс
А) Кулагин
$$$006
1773 жылы 17 - 18 қарашада Усиха өзені бойында Пугачевке жолыққан Нұралы ханның арнайы өкілі
Е) Зәбір
$$$007
Кіші жүз қазақтарының Е. Пугачев көтерілісіне қатысуын Нұралы хан қалай түсіндірді
А) Қазақтардың өзіне бағынбай кетуінен
$$$008
Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі, Пугачев көтерілісіне қатысқан батыр
С) Сырым
$$$009
Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде Кіші жүз қазақтары қатысқан ұрыстар
А) Жайықты қоршауға, Кулагинді алуға
$$$010
Орта жүз қазақтарының Пугачев көтерілісі кезінде 1773 жылы қазан айында шабуыл жасау үшін жиналған бекінісі
С) Пресногорьковск
$$$011
Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысын ашық қолдаған қазақ сұлтаны
С) Досалы
$$$001
С. Датұлы старшын болған ру:
С) Байбақты
$$$002
1802 жыл С. Датұлы қаза болған жер
А) Хиуа хандығы
$$$003
1797 жылы Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі бекіткен хан
А) Айшуақ
$$$004
1797 жылы 17 наурызда С. Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады
В) Хан сарайына
$$$005
1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды
С) Ералы
$$$006
С. Датұлы бастаған көтерілісі созылды:
В) 14 жылға
$$$007
Сырым Датұлы көтерілісінің нәтижесі
В) Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді
$$$008
1797 жылы Сырым Датұлын қудалаған Кіші жүз билеушісі:
В) Қаратай
$$$009
Орынбор әкімшілігінің Сырымды өзіне тарту үшін жасаған әрекеті
А) Айшуақ бастаған «Хан кеңесін» құрды
$$$010
Кіші жүзде хандық билікті жойып, отаршылдықты күшейту туралы реформаның жобасын дайындаған
D) барон Игельстром
$$$001
Бөкей Ордасының территориясы
D) Еділ мен Жайықтың аралығы
$$$002
Ішкі Ордадағы хан сарайы орналасты:
А) Жасқұста
$$$003
Ішкі Ордада «Хандық кеңес» құрылған жыл
Е) 1827 жыл
$$$004
1836 - 1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтерілістің басты қозғаушы күші
А) шаруалар
$$$005
ХІХ ғасырдың І жартысында Кіші жүздің территориясы қамтыған алқап
В) 850 000 шақырым
$$$006
Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді:
А) Махамбеттің өлеңдерінде
$$$007
1836 - 1838 жылдары көтеріліс бойынша сот жазалау ісін басқарған
D) полковник Геке
$$$008
Исатай көтерілісін тездетіп басуға әсер еткен жағдай
А) Кенесары қозғалысының Кіші жүзді шарпуы
$$$009
Патша үкіметінің Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері
В) 1000 сом
$$$010
1837 жылы қазанның 15 де Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда кімнің ауылын ойрандады
С) Балқы бидің
$$$011
Бөкей Ордасындағы 1842 жылғы көтерілістің басшылары
В) А. Қошайұлы мен Л. Мантайұлы
$$$001
1836 жылы Кенесарының ағасы Саржан өлтіруге бұйрық берген хан:
А) Қоқан ханы
$$$002
К. Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды
D) Үш жүзді
$$$003
Кенесары көтерілісіне қатысқан сұлтан, би, старшындар саны
В) 80 нен астам
$$$004
1845 жылы Кенесары ауылына келген патша елшілері
А) Долгов пен поручик Герн
$$$005
Кенесары және оның Қоқанға қарсы күресін қолдаған Ұлы жүз батырлары
А) Тайшыбек, Саурық, Сұраншы
$$$006
Кенесарының соңғы шайқасы өткен жер
D) 1847 жылы Майтөбеде
$$$007
ХІХ ғасырдың 20 - 30 жылдарында Сыр өзені бойында бекініс тұрғызған мемлекет:
А) Хиуа хандығы
$$$008
Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған белгілі батыр, Амангелдінің атасы
D) Иман батыр
$$$009
Көтеріліс барысында Кенесарыға одақ жасауды ұсынған хан
А) Қоқан ханы
$$$010
Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді
В) хандық сотты
$$$011
Кенесары хандық билікті қолына алған жыл:
В) 1841 жылы
$$$012
Кенесары Қасымұлы ерекше көңіл бөлген шаруашылық саласы:
С) егіншілік
$$$013
Кенесары Қасымұлы көтерілісінің негізгі мақсаттарының бірі
Е) Патша өкіметінің қазақ жерін отарлауын тежеу
$$$001
Сыр бойы қазақтарының XIX ғасырдың 50 жылғы азаттық күресін басқарған
В) Ж. Нұрмұхамедұлы
$$$002
Ж. Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жыл
Е) 1843 жыл
$$$003
XIX ғасырдың 50 жылдарында Арал теңізінің солтүстік жағалауында көтерілісті бастаған
D) Есет батыр
$$$004
Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісті басуға қатысқан сұлтан:
Е) Арыстан Жантөреұлы
$$$001
1868 - 1869 жылдардағы қазақ шаруаларының көтерілісі болған облыстар:
С) Орал, Торғай
$$$002
XIX ғасырдың ІІ жартысында «Уақытша ережеге» сәйкес енгізілген міндетті салық
В) Шаңырақ салығы
$$$003
XIX ғасырдың 60 жылдарында «Уақытша Ереже» бойынша шаңырақ салығының мөлшері көбейді:
А) 1 сомнан 3 сомға дейін
$$$004
1869 жылы көтерілісшілер 20000 қолмен фон Штемпельдің әскеріне шабуыл жасаған жер:
В) Жамансай көлі маңында
$$$005
1869 жылы наурыз, маусым айларында көтерілісшілер феодалдық топтарға қарсы жасаған шабуылдарының саны:
С) 41
$$$006
1870 жылы Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген оқиға:
А) Подполковник Рукиннің отрядының талқандалуы
$$$007
1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің жеңілуіне байланысты Хиуа хандығына көшіп кеткен адай қазақтары шаңырақтарының саны:
D) 3000
$$$008
1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі
В) Қазақ жалдамалы жұмысшыларының қатысуы
$$$009
1870 жылы мамырда Маңғыстаудағы көтерілісті басу үшін қосымша жазалаушы келді:
В) Кавказдан
$$$010
1870 жылы Маңғыстауда болған көтерілістің антифеодалдық сипатының әлсіз болу себебі:
Е) Адайлықтардың арасында рулық - патриархалдық құбылыстар сақталып қалды
$$$011
«Бұларды келістіріп жазалау керек» деген соғыс министрі Милютиннің сөзі аталған көтеріліске қатысты айтылды:
В) Маңғыстау көтерілісі
$$$001
XIX ғасырдың І жартысында Қазақстан экономикасындағы ірі өзгеріс
А) Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің пайда болуы
$$$002
Тау - кен өндірісіне жұмысқа жалданған кедей қазақ - орыс еңбекшілері аталды:
D) Жатақтар
$$$003
Қазақ жеріндегі тұңғыш сауда жәрмеңкесі Бөкей ордасында ашылды
С) 1832 жылы
$$$004
1822 жылы «Сібір қазақтарының Жарғысының» басты мақсаты:
С) Әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту
$$$005
«Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша мұрагерлік жолмен тағайындалды:
D) Болыс сұлтаны
$$$006
1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша 12 класқа жататын шенеуніктерге теңелді
В) Болыс сұлтандар
$$$007
«Сібір қазақтарының Ереже» бойынша ауыл
D) 50 - 70 шаңырақтан
$$$008
«Сібір қазақтарының Ереже» бойынша болысқа кіретін ауыл саны:
С) 10 - 12 ауыл
$$$009
«Сібір қазақтарының Ереже» бойынша аға сұлтанды сайлаушылар
Е) Тек сұлтандар
$$$010
1822 жылғы «Жарғы» бойынша қылмыстық істер қаралатын орган:
А) округтік приказ
$$$011
1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша аға сұлтанға 10 жылғы еңбегі үшін берілген атақ:
В) Дворян
$$$012
Бөкей Ордасында хандық билік сақталды:
Е) 1845 жылға дейін
$$$023
«Орынбор қазақтарының Жарғысы» шықты
D) 1824 жылы
$$$001
XIX ғасырдың 60 жылдарында Қазақ жерін басқару жүйесін өзгерту үшін құрылған «Дала комиссиясын» басқарған
А) М. Сперанский
$$$002
1865 жылы 5 маусымда ІІ Александрдың бұйрығымен жүзеге асырылған
D) Қазақ жерін зерттеу сұрақтарын дайындау
$$$003
Әкімшілік басқару жүйесіне өз пікірлерін ұсынған қазақтың ағартушы - ғалымы:
В) Ш. Уалиханов
$$$004
«Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару» туралы Ереже бекітілген жыл:
С) 1867 ж. 11 шілде
$$$005
«Орынбор және батыс Сібір генерал - губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже бекітілген жыл
D) 1868 жылы 21 қазан
$$$006
1867 - 1868 жж. реформаларға сәйкес, әскери - губернаторлар басқарды
В) Облысты
$$$007
1867 - 1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес әр болыстың құрамындағы ауылдардың ішіндегі шаңырақ саны:
С) 100 - 200
$$$008
1867 - 1868 жылғы «Ережелер» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны
А) Билер мен қазылар соты
$$$009
1867 - 1868 жылғы «Ережелер» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны – билер мен қазылар сотын бекіткен
В) Әскери губернатор
$$$010
1867 - 1868 жылғы «Ережелердің» ең басты ауыртпалықтары
D) Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болып жарияланды
$$$011
1867 - 1868 жылдары бойынша облыстық басқармалары мынадай бөлімнен тұрды
А) Шаруашылық, сот, жарлықты іске асыру
$$$012
1867 - 1868 жылғы «Ереже» бойынша салықтан босатылғандар:
D) Шыңғыс тұқымдары
$$$013
1867 - 1868 жылғы «Ереже» бойынша Қазақстанда отырықшы елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс:
С) Сырдария
$$$014
1867 - 1868 жылғы «Ережеден» кейін Қазақстанның Закаспий облысына өткен жері
В) Маңғыстау приставтығы
$$$015
1867 - 1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес Иранмен, Қытаймен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берген әкімшілік
В) Түркістан генерал - губернаторлығы
$$$016
1867 - 1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес қазылар соты сақталған аймақ
В) Сырдария облысы
$$$017
1867 - 1868 жылғы «Ереже» бойынша облыстар бөлінген әкімшілік буыны
А) Уезд
$$$018
XIX ғасырдың 60 жылдары қазақ өлкесін реформалауға байланысты Ш. Уалиханов айтқан пікір
А) Халықтың өзін - өзі басқару негізінде қайта құруды талап етті
$$$019
1872 жылдан бастап Бөкей Ордасының жері қараған әкімшілік аймақ
В) Астрахань губерниясы
$$$020
1867 - 1868 жылғы «Ереже» бойынша Ақмола, Семей облыстары кіретін генерал - губернаторлық
С) Батыс - Сібір
$$$021
1867 - 1868 жылғы Ережеге сәйкес уезд бастығын тағайындайтын басшы
В) генерал - губернатор
$$$022
XIX ғасырдың 60 жылдарында И. И. Бутков ұсынған жоба бойынша қазақ өлкесі мынадай облыстарға бөлінуі тиіс болатын
В) Батыс, Шығыс
$$$001
Г. А. Колпаковскийдің ұсынысымен «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже қабылданған жыл:
С) 1868 жылы
$$$002
1883 жылдан бастап Жетісуда жаңадан қоныс аударушы шаруаларға берілген жеңілдік:
А) Салықтардан үш жылға босатылды
$$$003
«Шаруалардың Жетісуға қоныс аударуы туралы уақытша ережені» қабылдауға ұсыныс жасады:
С) Колпаковский
$$$004
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған өлке
С) Жетісу
$$$005
1884 - 98 жылдары Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде құрылған орыс - қазақ қоныстарының саны
Е) 37
$$$006
ХІХ ғасырдағы көшпелі қазақтарда отырықшылықтың кең тарауына себепші болған
С) Орыс, украин шаруаларының қоныстануы
$$$001
Хиуа ханы Мұхамед - Рахымның қазақтарға жасаған жойқын шабуылы
D) 1820 жылы
$$$002
Хиуа ханы қаңыратып кеткен қазақ ауылдарының саны
В) 2000 жуық ауыл
$$$003
1817 жылы Сүйік Абылайханұлының патша үкіметіне жасаған мәлімдемесі
D) Қарамағындағы рулардың Ресей құрамына өтуді қалауы
$$$004
1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Ұлы Жүздегі шаруалар көтерілісін басқарған
С) Тентектөре батыр
$$$005
Ресей бодандығын 1817 жылы бірінші болып қабылдаған Ұлы жүздің руы
D) Жалайыр
$$$006
Қапал бекінісі салынды
С) 1847 жылы
$$$007
Ұлы Жүзді басқаратын пристав тағайындалған жыл:
D) 1848 жылы
$$$008
1825 жылы өз жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген Ұлы Жүздің руы
А) Үйсін
$$$009
Ресейдің экономикалық және саяси мү дделеріне орай көз тіккен аймақтары
С) Жетісу мен Іле өңірі
$$$010
Қаскелең өзені бойындағы Қоқан хандығының бекінісі
С) Таушүбек
$$$011
Ұлы Жүздегі Қоқан хандығының тірегі Таушүбек бекінісін орыс әскерлерінің қантөгіссіз басып алған жылы
С) 1851 жылы 7 шілде
$$$012
1853 жылы Ресейдің қол астына алынған қоқандықтардың бекінісі
D) Ақмешіт
$$$013
1854 жылы көктемде құрылған бекініс
В) Верный
$$$014
Ұлы Жүздің приставтығы Қапалдан Верныйға ауыстырылған жыл
В) 1855 жыл
$$$015
ХІХ ғасрдың 60 жылдары Верныйда тұрған ғалым, саяхатшы
Е) Ш. Уалиханов
$$$016
Кенесарының баласы Сыздық бастаған топ қарсы күресті:
С) Ресей патшасына
$$$017
1860 жылы 19 - 21 қазанда қоқандықтар мен орыс әскерлері шайқасқан жер
D) Ұзынағаш
$$$018
1860 жылғы Ұзынағаш шайқасының тарихи маңызы
А) Жетісудың Қоқан езгісінен құтылуына ықпал етті
$$$019
Верный бекінісінің негізін қалаған отрядты басқарған
В) М. Перемышельский
$$$020
Ресейден Верныйға қоныс аударушылар арасында аталған облыстан шыққандар басым болды:
D) Воронеж облысы
$$$021
ХІХ ғасырдың 50 - 60 жылдары Орта Азия үшін Ресейдің басты бәсекелесі
С) Англия
$$$022
1864 жылы көктемде Ресей үкіметі басып алған бекініс
D) Түркістан
$$$023
Орта Азияның ірі саяси экономикалық орталығы Ташкентті орыс әскерлерінің басып алған жылы
В) 1865 жыл
$$$024
1866 жылдың басында орыс әскерлері басып алған Орта Азия хандығы
С) Бұқар хандығы
$$$025
1868 жылы қаңтар айында келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты жерлер аталмыш генерал - губернаторлыққа бағындырылды:
D) Түркістан
$$$001
1812 ж. Отан соғысы кезінде ел достығы рухын көтеруге ат салысып, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған старшын
D) Б. Тілекұлы
$$$002
Бородино шайқасындағы ерлігі үшін күміс медалмен марапатталған жауынгер
Е) Майлыбайұлы
$$$003
Веймар, Ганау және Майнадағы Франкфурт қалалары түбінде ерлікпен шайқасты:
D) Жанжігітұлы, Байбатырұлы
$$$004
1837 жылы Александр княздің патшалық қабылдауында болған 1812 жылы Отан соғысына қатысқан жауынгер:
D) Н. Жанжігітұлы
$$$005
Тұз өндіруші қазақтардың 1812 жылғы соғыс кезінде орыс әскерлеріне жинаған қаржы мөлшері
Е) 22 000 сом
$$$001
1805 - 1806 жылдары Ресейдің Ю. Головкин бастаған елшілігіне сауда байланыстарын реттеу міндеті жүктелген мемлекет
Е) Қытай
$$$002
Найман руының сұлтаны Құдаймендінің Петербургке баласы Ғабдолланы жіберудегі мақсаты
С) Жәміш бекінісі арқылы Шыңжаңға керуен тартуға рұқсат сұрау
$$$003
ХІХ ғасырдың басында Қытай көпестерінің сауда жасайтын орталықтарының бірі
D) Бұқтырма
$$$004
ХІХ ғасырдың басында Қытайға өтетін сауда керуендерінің тоналуына шек қою мақсатында үкімет қабылдаған шешім
А) Қарулы казактар бөлінді
$$$005
ХІХ ғасырдың І ширегінде Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарда басты роль атқарған Қазақстан қалалары
D) Петропавл, Семей
$$$006
Ресейдің Шыңжаңның базар - жәрмеңкелерінде сатылатын тауарлары
D) өнеркәсіптік дайын бұйым
$$$007
ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстан арқылы Тибетпен байланыс жасауға бастама көтеріп, зор мән берген
В) Генерал - лейтенант Г. Глазенап
$$$008
Бірде - бір адам аяғы баспаған «Үлкен Тибетке» жеткен грузин көпесі
Е) С. Мадатов
$$$009
Кашмирде болып, 250 кашмир шәлісін Қазақстанға жеткізген көпес
А) С. Мадатов
$$$010
Қазақстанның шекаралық бекіністері арқылы өтетін керуендерге баж салығы көбейтілген мерзім
В) ХІХ ғ. 30 жылдары
$$$011
ХІХ ғасырда Қазақстанда жәрмеңкенің басты дамыған өңірі
D) Ақмола облысы
$$$012
1897 жылғы халық санағы бойынша халық ең көп қоныстанған ірі қалалар:
С) Орал, Верный
$$$013
1851 жылға дейін Ресей мен Цин империясы арасындағы сауда байланыстары осы қала арқылы жүзеге асырылды:
С) Кяхта
$$$014
Ресей мен Қытай арасындағы Құлжа келісіміне қол қойылды
D) 1851 жылы
$$$015
1855 жылы Шыңжаң мен Қазақстанның сауда байланыстарының уақытша тоқтатылу себебі
В) Шәуешектегі орыс көпестерінің сауда орындары талан - таражға салынды
$$$016
1881 жылы Ресей мен Қытай арасында болған шарт
D) Петербург келісімі

$$$017
ХІХ ғасырдың 2 жартысындағы орыс - қытай экономикалық қатынасындағы белді оқиға
А) Іле су жолының ашылуы
асуы
$$$018
1883 жылы ашылған Іле су жолының Шыңжаңдағы соңғы нүктесі
С) Сүйдін
$$$019
Ресейдегі Ірбіт жәрмеңкесі, Қазақстандағы Қоянды жәрмеңкесі сияқты ХІХ ғасырдың соңында Жетісуда ерекше көзге түскен жәрмеңке
А) Қарқара
$$$020
1890 жылы Шыңжанмен сауданы дамыту үшін ашылған сауда округі
С) Семей сауда округі
$$$001
1891 жылы «Ережеге» сай құрылған жергілікті мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны
В) Халық соттары
$$$002
1891 жыл 25 наурыздағы Ереже бойынша құрылған Дала генерал - губернаторлығына кірген облыстар:
А) Ақмола, Семей, Жетісу
$$$003
ХІХ ғасырдың аяғында өз еркімен өндіріс орындарын тастап кеткен жұмысшыларға қолданылатын жаза
Е) 3 ай абақтыға жабу
$$$001
Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудару себебі
Е) Цинь өкіметі қысым көрсетті
$$$002
Ұйғыр халқының дүние жүзілік мәдениет қорына жататын туындысы
Е) «Он екі мұқам»
$$$001
А. С. Пушкин Оралда қағазға түсірген поэма
Е) «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»
$$$002
1841 жылы татарша - орысша білім беретін мектеп ашылған хандық
D) Кіші Орда
$$$003
ХІХ ғасырдың І жартысында Каспий теңізінің жағалауын зерттеген ғалым
D) Г. Карелин
$$$004
Шаруалар толқуына қатысқаны үшін Махамбет қамауда отырған жыл
С) 1829 жылы
$$$005
1824 - 1829 жылдары М. Өтемісұлы тұрған қала
Е) Орынбор
$$$006
ХІХ ғасырдың І жартысындағы Қазақстан жайлы құнды еңбектер жазған орыс ғалымы
С) Левшин
$$$007
ХІХ ғасырдың І жартысында шығармашылығында суырып салма өнерді одан әрі дамытқан ақын
Е) Шернияз
$$$008
ХІХ ғасырдың І жартысында Шернияз ақынның әдебиет саласына қосқан жаңалығы
В) Суырып салма өнерді жетілдірді
$$$009
Махамбет Өтемісұлы өмір сүрген жылдар
С) 1804 - 1846 жылдары
$$$010
ХІХ ғасырдың І жартысындағы айтыс өнерінің жүйрігі, Қаракәстек жерінде дүниеге келген ақын
В) Сүйінбай Аронұлы
$$$001
Түркістан статистикалық комитеті ашылған жыл
В) 1868 жыл
$$$002
ХІХғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда ашылған тұңғыш қоғамдық кітапхана
D) Семейде
$$$003
Семей облыстық статистикалық комитетіне мүше болған ұлы ақын
С) Абай
$$$004
Орынбор губернаторы Крыжановскийдің «Ресейдің шығыс бөлігіндегі мұсылмандықпен күресу» жөніндегі шаралары жарияланған жыл
В) 1867 жыл
$$$005
Тұңғыш қазақ мұғалімдік мектебі ашылған қала
Е) Орск
$$$006
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Сырдария мен Жетісу облыстарындағы оқу орындарының қызметін қадағалау тапсырылған генерал - губернаторлық
С) Түркістан
$$$007
ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстанда теңізде жүзу ісін меңгертетін мектеп ашылған қала
С) Атырау
$$$008
Медресені бітіргендер өз білімдерін жалғастырған діни оқу орындары орналасқан қалалар
В) Бұхара мен Ташкент
$$$009
1870 жылы мұсылман мектептері туралы «Ереже» бойынша медресеге қабылданушының жасы
D) 16 жасқа дейін
$$$010
1870 жылғы мұсылман мектептері туралы «Ереже» бойынша оқу жылы осы айлар аралығында болды:
D) мамыр - тамыз
$$$011
Петропавлдағы мұсылмандар кітапханасы осы жылға дейін жұмыс істеді
D) 1910 жылға
$$$012
1896 жылы Ресейдің әр түрлі оқу орындарында оқыған Торғай облысының қазақ студенттерінің саны
D) 50 ге жуық
$$$013
Петербург университетінің стипендиаты, семейлік алғашқы қазақ заңгері
С) Ж. Ақбаев
$$$014
Шоқанмен саяхаттардың кейбір маршруттарында бірге болған көрнекті ғалым, географ
С) П. Семенов – Тянь - Шанский
$$$015
Ш. Уәлиханов қайтыс болған жер:
В) Алтын Емел жотасы
$$$016
Ш. Уалихановтың Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы соңғы еңбегі жарияланды:
А) 1865 жылы
$$$017
Ш. Уалихановтың туған жері
А) Құсмұрын бекінісі
$$$018
Шоқанды әлемге әйгілі еткен еңбегі
В) Қашғар сапарынан туған еңбегі
$$$019
Ш. Уәлихановтың білім алған орны
С) Сібір кадет корпусы
$$$020
1864 жылы Ш. Уалихановтың генерал Н. Черняевтің әскерімен басып алуға қатысқан бекініс
С) Әулиеата
$$$021
Ш. Уалихановтың шыққан тегі
Е) ақсүйек Шыңғыс тұқымы
$$$022
Шоқан Уәлиханов Сібір кадет корпусында білім алған жылдар
С) 1847 - 1853 жылдары
$$$023
Ш. Уәлихановтың шын есімі
D) Мұхамед - Қанапия
$$$024
Ш. Уәлихановтың Құлжаға барған жылы
D) 1856 жыл
$$$025
Абайдың оқуын аяқтатпай еліне әкесі Құнанбайдың алып кету себебі
А) Ел билеу ісіне тарту үшін.
$$$026
Семейдегі Абай білім алған оқу орны
В) «Ахмет Риза» медресесі
$$$027
Абай Құнанбаев өмір сүрген жылдар
А) 1845 - 1904 жж.
$$$028
Абайдың ұлы Әбдірахман бітірген Петербургтегі оқу орны
В) Артиллерия училищесі
$$$029
А. Құнанбаев тоғыз жыл басқарған болыс
D) Шыңғыс болысы
$$$030
Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
D) А. Құнанбайұлы
$$$031
Ы. Алтынсарин өмір сүрген жылдар
В) 1841 - 1889 жылдары
$$$032
Ы. Алтынсарин қазақ қыздарына арнап интернат ашқан қала
Е) Ырғыз
$$$033
Жас Ы. Алтынсарин қамқорлығында болды
D) Атасы Балғожаның
$$$034
1879 жылы Ыбырай мектеп инспекторлығына тағайындалған облыс
С) Торғай

$$$035
Ы. Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде уағыздаған кәсіп
В) Егіншілік
$$$036
Ы. Алтынсариннің негізгі оқу құралы
D) «Қырғыздарды орыс тілге үйретуге негізгі басшылық»
$$$037
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог:
В) Ы. Алтынсарин
$$$038
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Алтай, Жетісу өлкелерін жан - жақты зерттеген дүние жүзіне әйгілі ғалым
В) Семенов - Тянь - Шаньский
$$$039
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Жетісуды зерттеген халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырған шығыс зерттеушісі, академик
D) В. Радлов
$$$040
«Орынбор ведомствасының қырғыз даласы» еңбегінде Кіші Жүз тарихын жан - жақты сипаттаған көрнекті зерттеуші
Е) К. Мейер
$$$041
1847 - 1857 жылдары Қазақстанда айдауда болған украин ақыны
С) Шевченко
$$$042
Т. Шевченконың қазақ және украин халықтарының өмірін салыстыра жырлаған өлеңі
А) «Менің ойларым»
$$$043
Қазақстан тарихын зерттеуді ғылыми жолға қойған орыс географиялық қоғамының Орынбор, Омбы, Семейдегі бөлімдері ашылған жыл
С) 1845 жылы
$$$001
XIX ғ. қазақ музыка аспаптары қойылған көрме өткен қала
С) Мәскеу
$$$002
Күй атасы Құрманғазының алғашқы ұстазы
D) Ханбазар
$$$003
1855 жылы Петербургте күміс медальға ие болған күйші
С) Тәттімбет
$$$004
Тәттімбеттің төрелердің халықты жәбірлеуіне арнап шығарған күйі
D) «Бестөре»
$$$005
Ы. Алтынсаринның «Кел, балалар оқылық» өлеңіне ән шығарған сазгер
В) Жаяу Мұса
$$$006
Өз заманының азулы өкілдерін сынауға арналған ыза - кекке толы Біржанның өлеңі
D) «Жанбота»
$$$007
Құрманғазының дүниеге келген жері
С) Бөкей Ордасы
$$$008
Құрманғазының Исатай Тайманұлына арналған күйі
А) «Кішкентай»
$$$009
Құрманғазының туған жерді, кең байтақ даланы сипаттайтын күйі
С) «Сарыарқа»
$$$010
Құрманғазының би күйі
В) «Балбырауын»
$$$011
Домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы
В) Дәулеткерей
$$$012
Күйші Дәулеткерейдің көзқарасының қалыптасуына әсер еткен азаттық күрес
А) 1836 - 38 жж. Бөкей Ордасындағы көтеріліс
$$$013
ХІХ ғасырда өмір сүрген шертпе күйдің негізін салған күйші
В) Тәттімбет
$$$014
Шорман балаларының жаласымен Тобылға жер аударылған сазгер, әнші
С) Жаяу Мұса
$$$015
«Балқадиша», «Маңмаңкер», «Құлагер» әндерінің авторы
D) Ақан Сері
$$$016
XIX ғ. күйші Ықыластың патша шенеуніктерін сынап шығарған күйі
Е) «Жарым патша»
$$$001
ХІХ ғасырдың 60 жылдары қазақтарды Ресейге танытудағы кең тараған Г. Зелинскийдің шығармасы
В) «Қырғыз» поэмасы
$$$002
ХІХ ғасырдың 60 жылдарында поляк күресі өкілдерінің ішіндегі ерекше көзге түсетіні:
Е) С. Гросс
$$$003
Поляк А. Янушкевич Қазақстанда жүзбе - жүз кездескен:
С) Құнанбаймен
$$$004
XIX ғ. аяғында саяси жер аударылғандардың шоғырланған өңірі
С) Шығыс, Орталық Қазақстан
$$$005
Абайдың 1900 жылы жарық көрген «Орта жүз қазақ ордасының руларының шығу тарихы туралы жазбалар» деген еңбегінің мазмұны
А) Семей облысы қазақтарының рулық құрамы туралы
$$$006
ХІХ ғасырда Тарбағатай таулары мен Қалба жотасын зерттеген ғалым:
Е) Е. Михаэлис
$$$001
1905 жылы 21 қарашада патша билігіне қарсылық білдірген әскери гарнизон орналасқан жер
D) Жаркент
$$$002
Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «түземдік» халық арасынан екінші мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған
В) М. Тынышпайұлы
$$$003
ХХ ғасырдың басында Қазақстанда өнеркәсіптің жақсы дамыған түрі:
Е) кен өндірісі
$$$004
1905 - 1907 жылдардағы қазақ - орыс еңбекшілерінің интернационалдық бой көрсетуі болған жер
Е) Успен кеніші
$$$005
Ішкі істер министрі Дурново Қазақстандағы қарсылықтарды басуға тапсырма берген жыл
D) 1906 жыл 10 қаңтар
$$$006
Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «түземдік» халық арасында екінші мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан сайланған
Е) Ш. Қосшығұлов
$$$007
Семейден мемлекеттік Думаға сайланып, кейін өзінің сайлаушыларына берген уәдесінен бас тартқан зерттеуші
Е) Н. Коншин
$$$001
1910 жылғы Столыпин реформасының мақсаты
D) революцияны тұншықтыру
$$$002
«Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамы жұмысшыларының ереуілі болған жыл
D) 1911 жыл
$$$003
А. Байтұрсынов Орынборда тұрған жылдар
А) 1910 - 1917 жылдар
$$$004
М. Дулатұлының 1915 жылы жарық көрген туындысы
D) «Терме»
$$$005
1914 жылы қазақтардан жиналатын шаңырақ салығының мөлшері
Е) 600 мың сом
$$$006
ХХ ғасырдың басында өндіріс орындарында жасөспірімдерге күніне төленетін еңбек ақысы:
С) 20 тиын
$$$007
І дүниежүзілік соғыс жылдарында Семей, Ақмола облыстарынан майданға тартылған жұмысшылардың үлесі:
D) 50 % - ға дейін
$$$008
1915 жылы Автрия - Венгрия тұтқындарының ереуілі өткен жер
А) Риддер кен байыту орны
$$$009
ХХ ғасырдың басында жарыққа шыққан Ш. Құдайбердіұлының кітабы:
С) «Мұсылмандық шарты»
$$$010
ХХ ғасырдың басында ағарту ісін дамытуда, оны уағыздауда үлкен орын алған журнал
D) «Айқап»
$$$011
Халық дастандарының ел арасында кең тараған батырлар жырының түп нұсқаларын насихаттаған халық ақыны
D) Н. Байғанин
$$$012
ХХ ғасырдың басындағы «Майдақоңыр» әнінің авторы
А) Естай
$$$013
ХХ ғасырдың басындағы «Гәкку» әнінің авторы
С) Үкілі Ыбырай
$$$014
Абайдың аса дарынды шәкірті:
Е) Ш. Құдайбердіұлы
$$$015
ХХ ғасырдың басында музыка өнерін дамытуға үлес қосқан қазақтың әнші бұлбұлы
В) М. Шамсутдинова
$$$016
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағының баспадан шығуы
С) 1909 жылы
$$$001
Кеңестік биліктің 1921 жылы наурыз айында енгізген экономикалық саясаты
B) Жаңа экономикалық саясат
$$$002
Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жойылды
A) Еңбек міндеткерлігі
$$$003
1924 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген салықтың негізгі ауыртпалығы мойынына түсті
C) Кулактар мен байлардың
$$$004
Жаңа экономикалық саясат жылдарында кеңінен дамыған ауыл шаруашылығын қалпына келтіру мақсатында құрылған қоғам
A) «Қосшы одағы»
$$$005
1924 - 1925 жылдан бастап республикаға әкеліне бастаған ауылшаруашылық техникасы
C) Тракторлар
$$$006
1928 жылғы Қазақ АКСР - дегі мал саны
C) 41 млн
$$$007
Жаңа экономикалық саясат жылдарында республиканың түсті металлургияның басты ауданы болды
B) Кенді Алтай
$$$008
Жаңа экономикалық саясат жылдары пайдалануға беріліп, 1923 жылға қарай одақта өндірілетін қорғасынның 40%- ын берген өнеркәсіп
C) Риддер қорғасын зауыты
$$$009
Жаңа экономикалық саясат жылдарында дамытуға көбірек көңіл бөлінеген өнеркәсіп саласы:
D) Түсті металлургия
$$$010
Жаңа экономикалық саясат кезінде сауда, тауар айырбасы саласында рұқсат етілді
A) Жеке саудаға
$$$011
1927 жылдан бастап мыс өндіре бастаған комбинат
C) Қарсақбай комбинаты
$$$001
ХХ ғасырдың 20 - жылдарында халық бұқараның мәдени деңгейін көтеру мақсатында жүргізілген шара
C) Сауатсыздықты жою
$$$002
Халық бұқараның мәдени деңгейін көтеру мақсатында 1924 жылы ұйымдастырылған қоғам
E) «Сауатсыздықты жою» қоғамы
$$$003
Ұлы Отан соғысына дейінгі жылдары ндағы Қазақстанда маңызды мәдени өзгерістердің бірі
A) Халықты жаппай сауаттандыру
$$$004
ХХ ғасырдың 30 - жылдары сауатсыздықты жою, білім беру ісіне қамқорлық жасауды мойынына алды
A) Қазақстан комсомолы
$$$005
Қазақстанда көшпелі аудандарда жалпыға бірдей білім беру енгізілді
E) 1931 жылдың көктемінде
$$$006
1931 - 1932 жылдары балалар үйіне орналастырған бала санының көп болуының басты себебі
B) 1931 - 1932 жылдардағы аштық
$$$007
Қазақстанда ашылған тұңғыш жоғары оқу орны
D) Қазақ педагогикалық институты
$$$008
1931 - 1932 жылдары педагогикалық институттар ашылған Қазақстан қалалары
C) Орал, Қызылорда
$$$009
1929 - 1931 жылдары Алматыда ашылған жоғары оқу орындары
A) Ауылшаруашылық және медициналық
$$$010
Республикада инженер - техник кадрларды даярлауға негіз болған, 30 - жылдары ашылған жоғары оқу орны
B) Қазақ кен - металлургия институты
$$$011
Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі
D) 1920 - 1930 жылдар
$$$012
1926 жылы ежелгі Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген ғалым
A) М. Е. Массон
$$$013
1932 жылы құрылған КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасындағы алғашқы ғылыми секторлар
C) Зоологиялық, ботаникалық
$$$014
1935 жылы жарық көрген «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» еңбегінің авторы
B) С. Асфендияров
$$$015
ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдарында Қазақстан ғылымының штабын басқарған кеңестік ірі түрколог, академик
C) А. Н. Самойлович
$$$016
1913 жылы «Шолпан» атты алғашқы жыр жинағы жарық көрген белгілі ақын
B) М. Жұмабаев
$$$017
1920 - 1930 жылдары қазақ әдебиетінің туын ұстап, Абай дәстүрін жалғастырған, шығармалары арқылы позияға серпін берген ақын - жазушы
A) С. Сейфуллин
$$$018
М. Жұмабаевтың эпостық құлашпен жазылған, жоңғар шапқыншылығы кезіндегі тарихи оқиғаны суреттейтін дастаны
E) «Батыр Баян»
$$$019
С. Сейфуллиннің қазақ халқының 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс, Ақпан және Қазан төңкерістері, азамат соғысына қатысуын шынайы тұрғыда бейнелеген тарихи романы
B) «Тар жол, тайғақ кешу»
$$$020
С. Сейфуллиннің 1927 жылы жарық көрген «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи романында қазақтардың қатысуын суреттеген тарихи оқиғалардың бірі
A) Азамат соғысы
$$$021
1920 - 1930 жылдары қазақ әдебиетшілерінің қатарына қосылған дарынды жастар
A) Ж. Саин, Қ. Аманжолов
$$$022
ХХ ғасырдың бірінші жартысында төңкеріс, кеңестік Отан, бостандық, адамгершілік, махаббат туралы өлеңдер мен дастандар жазған көрнекті қазақ ақыны
A) Иса Байзақов
$$$023
М. Лермонтовтың, А. Пушкиннің шығармаларын және «Интернационалды» қазақ тіліне аударған белгілі ақын
C) Ж. Аймауытов
$$$024
1930 жылдары қазақ әдебиетінің дамуына орасан зор зиянын тигізген қасіретті оқиға
B) Сталиндік жазалау
$$$025
«Қазақ халқының 500 әні мен күйі» атты жинақтың авторы
C) А. Затаевич
$$$026
1927 жылы Париж қаласында өткен концертке қатысып ән салған қазақ халқының әйгілі әншісі
A) Ә. Қашаубаев
$$$027
1926 жылы Қызылорда қаласында ашылған тұңғыш қазақ театрының алғашқы басшысы, дарынды режиссер
E) Ж. Шанин
$$$028
1926 жылы қаңтарда Қызылорда қаласында ашылған мәдени мекеме
B) Ұлттық қазақ театры
$$$029
1926 жылы Қызылордада ашылған қазақ театрында алғаш қойылған пьеса
A) «Еңлік – Кебек»
$$$030
1933 жылы Алматы қаласында ашылған аз ұлттар театры
B) Ұйғыр музыкалық - драма театры
$$$031
1937 жылы корей театры ұйымдастырылған қала
D) Қызылорда
$$$032
1938 жылы «Ленфильм» киностудиясы жасап шығарған қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі
C) «Амангелді»
$$$033
1934 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрған белгілі сазгер
D) А. Жұбанов
$$$034
П. Хлудовтың талантты шәкірттерінің бірі, қазақтың белгілі суретшісі
A) Ә. Қастеев
$$$035
1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігінде КСРО халық әртісі құрметті атағына ие болған әйгілі әнші
B) К. Байсейітова
$$$036
1936 жылғы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде көрсетілген опера
D) «Қыз Жібек»
$$$037
1930 жылдары театрлар ашылған Қазақстан қалалары
A) Семей, Қарағанды
$$$038
Қазақстан кино өнері бастау алатын кезең
C) 1930 жылдары
$$$039
А. Пушкин атындағы мемлекеттік көпшілік кітапхана ашылды
D) 1939 жылы
$$$040
Қ. И. Сәтбаевқа 1942 жылы мемлекеттік сыйлық берілді
C) Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген еңбегі үшін
$$$041
Қазақ КСР ғылым академиясы ашылды
C) 1946 жылы
$$$042
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда ашылған жоғары оқу орны
A) Шымкент технология институты
$$$043
Ұлы Отан соғысы жылдары Алматыға Мәскеуден көшіріліп орналастырылған жоғары оқу орны
A) Авиация институты
$$$043
Ұлы Отан соғысы кезінде әдебиетте пубилицистикалық мақалалары елеулі құбылыс болған майдангер - офицер
A) Б. Бұлқышев
$$$044
Ұлы Отан соғысы жылдарында түсірілген кино - картина
E) «Абай әндері»
$$$045
1942 - 1944 жылдары Қазақстанға майданнан келген делегациялар
C) 22 делегация
$$$046
Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған С. Мұқановтың повесі
C) «Өмір мектебі»
$$$047
Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматы қаласында ашылған жоғары оқу орны
A) Шет тілдер институты
$$$048
КСРО Ғылым академиясының кешенді экспедициясы Қазақстан аумағында статистикалық - экономикалық, топырақ - ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіді
C) 1926 - 1927 жылдары
$$$049
Революцияға дейінгі қазақ зиялылар өкілдерінің бірі, шебер аудармашы
A) Ә. Бөкейханов
$$$050
Ұлттық қазақ театрына көптеген шығармашылық жетістіктері үшін 1937 жылы берілген атақ
A) Қазақ академиялық драма театры
$$$051
Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына қатысқан ақын - жазушылар саны
D) 100 - ге жуық
$$$052
С. М. Киров атындағы (қазіргі Әл - Фараби атындағы Ұлттық университеті) Қазақ мемлекеттік университеті ашылды
E) 1934 жылы
$$$053
1920 - 1930 жылдары Қазақстанды ғылыми тұрғыда зерттеу үшін құрылған қоғам
D) Қазақстанды зерттеу қоғамы
$$$054
1920 - 1930 жылдары зерттелген Қазақстанның мұнайлы ауд
90 877
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан тарихының сабағынан сегізінші сыныпқа арналған тест
Қазақстан тарихының сабағынан сегізінші сыныпқа арналған тест
XVII ғасырдың 40 жылдарынан бастап, Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет: А) Қоқан В) Қытай С) Жоңғария D) Ресей Е) Иран
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары. (Конспект). Патша үкіметі Қоқан хандығын ығыстырып, өзінің жергілікті қазақтар арасындағы саяси билігін нығайту үшін бірқатар шараларды іске асырды.
Қазақстан – Ресей империясының отары (19 ғасырдың ІІ жартысы). Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
Қазақстан – Ресей империясының отары (19 ғасырдың ІІ жартысы). Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
Конспект. 18 ғасырдың cоңы мен 19 ғасырдың басында Кіші жəне Орта жүз аймағының Ресей құрамына өтуі аяқталғанымен, бірқатар қазақ жерлері Орта Азия хандықтарына тəуелді болды.
Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі
Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі
Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі Конспект Жоңғар қаупінің жойылмауы билеушілерден сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуді талап етті. Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1680 - 1748) Ресейдің құрамына енуді ойластырды.
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі Конспект 1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері Қарақұм жиынында жоңғарларға соққы берудің мүмкіндіктерін талқылады. Біріккен халық жасағы құрылып, жоңғар әскері шығысқа қарай ығыстырылды.
Қазақстан және Ресей
Қазақстан және Ресей
Қазақстан мен Ресейдің тарихи байланысы және Қазақстанның Ресейге қосылуы жайында оқушыларға мағлұмат беру, Ресей империясының Қазақ елін отарлау саясаты жайында түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×