Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұлтанмахмұт Торайғыров «Кім жазықты?» поэмасы

17 ақпан 2012, Жұма
Категориясы: Оқушыларға
Сабақтың тақырыбы: Сыныптан тыс оқу
С. Торайғыров «Кім жазықты?» поэмасы
Мақсаты: Романның мазмұнын толық меңгеру барысында негізгі кейіпкерлердің іс - әрекеті арқылы мінез – құлқын ажыратып, әйелдер тағдырын тану; оқушыны өз бетінше роман туралы ой жинақтауда ізденіске дағдылау; оқушыны жаманнан жақсыны тани білуге үйретіп тәрбиелеу; әйел мен ер адамдар құқығы, әдет – ғұрыптағы қалыңмал, көп әйел алуды заң жүзінде тану.

Сабақ түрі: сот сабағы
Көрнекілік: Слайд арқылы С. Торайғыров суреті, жинақтары, салт – дәстүр, отбасы туралы суреттер мен нақыл сөздер, нормативті құжаттар папкасы.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, құқық және қоғам, әдеп, орыс тілі
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Ақынның өміріне аукцион сұрақтар арқылы шолу жасау.

Сұрақтар.
1. Троицк қаласында қай жылы, қандай медреседе білім алды? (Ахун Рахманқұлы
татар медресесі 1912 ж)
2. Білім тақырыбына жазған өлеңдерін ата. ( «Оқып жүрген жастарға», «Оқуда
мақсат не?», «Талиптерге» )
3. Троицкіде қандай журналда қызмет істеді? ( «Айқап» )
4. «Айқап» редакциясынан жұмыстан шығуының себебі не? ( әлеуметтік
теңсіздік, тартыс, ел ішіндегі қайшылық)
5. Баянауылда қандай ұйым құруды ойлады? ( «Шоң серіктестігі»)
6. Алтайда қай жылдары болды? Немен шұғылданды? ( 1914 – 16 ж.
Ағартушылық, жазушылық жұмыспен)
7. Семейде не себепті оқуға қабылданбады? ( қаражаты, жатар орны болмады,
төменгі сыныпқа жасы келмеді, жоғары сыныпқа білімі болмады)
8. « ... Жұмасына екі рет ет жеймін. Құр шай, нан жеймін. Киім алғаным жоқ.
Кино, кештерге барғаным жоқ. Айналдырғаным ала қағаз беті. Бір тиыным қалғанша оқимын...» сөзін қай жылы, қайда оқып жүргенде жазды? (1916 – 17ж Томск )
9. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметіне арнаған қандай өлеңін білесіз? (
«Алаш ұраны», «Таныстыру» )
10. «Таныстыру» өлеңі кімдерге арналған, оларды неге теңейді? (А.Байтұрсынов,
Ә. Бөкей, М.Дулатов, Абай, Шәкәрім. Оларды айға, күнге, Шолпанға)
11. 1918 ж қандай поэмалары жарық көрді? ( «Айтыс» аяқталмаған, «Кедей»,
«Адасқан өмір»)

3. Жаңа сабақ
І. Кіріспе сөз
Мұғалім сөзі.
Біз «Кім жазықты?» романымен толық танысып, мазмұнын меңгердік. Кейіпкерлермен жақын танысып, олардың іс – әрекеті арқылы мінез – құлқын аша білдік. Романның негізгі тақырыбы – әйел теңсіздігі, өз заманының әлеуметтік мәселесі. Ендеше, «Кім жазықты?» романы бойынша сот сабағын бастаймыз.
Сот –
Халық кеңесшілері –
Қорғаушы –
Айыптаушы –
Жазаланушы –
Әйелдері –

Мұғалім сөзі. Бүгінгі сабақта бірінші сөз кезегі айыптаушыға беріледі. Айыптаушы Әжібайдың іс – әрекеттері арқылы сөйлей отырып, Әжібайды айыпты деп табады.

Айыптаушы: Романның мазмұны бойынша негізгі кейіпкер Әжібайдың іс – әрекеті әділетсіздік, жағымсыз іс деп танимын. Бұған романдағы дәйектерді айғақ ете аламын.
1.Әжібай жасынан бұзық жолмен өсті, ол тым еркелікті перде етіп ұстап, айтқанын орындата білді.
2.Қалаға оқуға барды, бірақ оқуы ұзаққа бармады, еркелік өтіп кетті.
3.Ол әйелдерін тастап, ел кезіп, кезбе атанды.
4.Байлықты арқа сүйеп, мағынасыз өмір сүрді.
5.Туған ата – анасына қарсы шығып, тіл тигізген, қол жұмсаған кездері болды.
6.Үй шаруашылығына қарамай, жұтқа ұрынды. Себебі, ол отбасының қамын ойламады.
7.Қала тұрғынына еліктеп, бой – басын жасанды түзеп, Аппақайды өзіне қаратпақшы болды. Аппақай мен фельдшер жігіттің арасына түсіп, шынайы махаббаттың жауына айналды.
8.Жұттан кейін ұры ұстап, ауылдың малын ұрлатты, істі болды.
9.Әжібай халқына пайдалы еңбек ету мақсатын білмеді. Керісінше, зорлық, үстемдік көрсетті.
Сонымен бірге, романда осы Әжібайды толықтыра түсетін кейіпкер – әкесі Тасболат. Тасболат кім?
1.Тасболат - ескі ауылдың байы. Ол байлығын жанынан үстем ұстайды.
2.Ел ішіне өзгеріс ене бастаған кезде ел билеу ісінен айырылып қалу кезеңін сезіп, дереу өз басының қамына кіріседі.
3.Әжібайды оқудан шығарып алады.
4.Ескі салт – дәстүрді берік ұстап, балаларына бесіктен бастап ауқатты, беделділермен құда түседі.
5.Әжібайды зорлықпен Жаңылға үйлендіреді.
6.Өз балаларына дұрыс тәрбие бере алмайды.

Мұғалім сөзі. – Балалар, хрестоматия оқулығынан Әжібайдың бейнесін
ақын тілімен суреттелуін тауып оқиық. ( 419б, 5 – шумақ . 420 б. 3 – шумақ).

Айыптаушы: Әжібай – Тасболаттың кенже баласы. Ол байлықтың арқасында бірнеше әйел алды. Әмеңгерлік салтымен, әке ұйғарымымен алған алғашқы әйелі – жеңгесі – Жаңыл, жасы 18 – де, ал Әжібай бұл кезде 13 – те еді.

Мұғалім сөзі: Ақын тілімен Жаңылдың бейнесі қалай берілген? ( 421б. 2 - шумақ).

Айыптаушы: Екінші әйелі – Жамила. Оның әкесі Жұмағұл мен Тасболат Меккеге қажылыққа барғанда, бесік бесік құда болып қойған. Жамила Әжібайдан алты жас үлкен. Яғни Жамиланы алғанда Әжібайдың жасы 14 –те еді.

Мұғалім сөзі: Ақын тілімен Жамиланың бейнесі қалай берілген? ( 420 б. 2 - шумақ).

Айыптаушы: Арада 3 - 4 жыл өтіп, Әжібай 18 – ге толады. Арақ пен темекіге бірдей үйір болады. Үйде сырдаң, түзде мырзаң күй кешеді. Қала қызы Аппақайға көзі түсіп, сөз салады. Қызды қарата алмай жүргенде, үйінің жағдайы нашарлайды. Әжібайдың онымен ісі болмайды. Әке мен бала арасында ұрыс болады. Елге мазақ болады. «Өз әйелдеріңді сүймесең, қалаған қызыңды айт, алып беремін, малым жетеді», - деп әкесі ұлына тағы екі әйел алып береді. Бірақ ел кезуін қоймайды. Үйіне келсе, төрт әйелі мен балалары шулап, мазасы кетеді. Отбасында береке болмайды. Мұның бәріне кім кінәлі? Әрине. Әжібай.
Мұғалім сөзі: Ақын тілімен отбасының береке кетуін тауып оқиық. ( 428 – 429 б).

Айыптаушы: Әжібай дәурен өмір сүрді, үй ісіне қарамады. Қыс қамын ойламады. Ұрлықпен байимын деп қылмысты болды. Бірақ Байболдың арқасында құтылып кетті. Ол «қызымды теңіне, ұлыма сүйгенін алып беремін» деген сөзінен тайды.Ұлдары мен қыздарына бай жерден құда болды, қалыңмал алды. Әжібай өз әкесінің алдына келтірген абыройсыздық пен қиянаттың бәрін өз ұлы Қабыштан көрді. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келер» дегеннің кебін киді. Мұндай әжібайшылдық ұрпақтан – ұрпаққа жалғасты.
Құрметті сот, сотқа қатысушылар! Мен, айыптаушы, Әжібай іс – әрекетін түгел баяндай отырып, бүкіл Тасболат ұрпағының бұзылуына, өмірге, болашаққа жеңіл көзбен қарауына, Әжібай әйелдерінің үйінен бақыт таба алмауына не басқа біреумен бақытты отбасын құра алмауына «кім жазықты?» деген сауалды қоя отырып, жігерсіз Әжібайды жазықты деп танимын, оны айыптаймын, тиісті жазасын алуы керек деп ойлаймын.
Құрметті сот, мен өз міндетімді атқардым.

Мұғалім сөзі: Бүгінгі жазаланушы Әжібай мен әйелдеріне сөз кезектерін берейік.
Жазаланушы: Айыптаушының сөздерін өтірікке шығара алмаймын. Бірақ менің жастығым мен жасықтығым осындай өмірге әкелді. Өз істерімді мойындаумен бірге, сол заманға қарғыс айтып, кейінгі келер ұрпағыма менің жолымды таңдамасын, болашаққа жаңа өмірге қол созсын, ескінің құрбаны болмасын деймін.Сот қандай шешім қабылдаса да , мен өз кінәмді көтеруге дайынмын.

Әйелдері: Әжібай маған әмеңгерлік салтымен қосылды. Ол мені ұнатқан емес, менің жасым да үлкен, сонымен менің салақтығым мен икемсіздігімді бетіме басумен болды.Мені жаны ашыған ене тәрбиесі аялауды білмеді. Мен өз басым Әжібайға қосылғаныма разы емеспін, тек ойлағаным өз төркінімнің беделі, абыройы. Қазақтың салтына қарғыс айтамын.
Жамила. «Бай байға құяды» деген сөз рас екен. Менің жастық дәуреніме балта шапқан бесік құда болып отыр, қалыңмал салты құрсын демекпін.
Зылиқа мен Ырысты. «Бай мен бай құда болса, араларында жорға жүрер» дегендей, біз де қалыңмал құрбаны болдық. Растаймыз.
Мұғалім. Сөз қорғаушыға беріледі.

Қорғаушы. Құрметті сот! С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романындағы Әжібайдың іс – әрекеттері бойынша айыптаушының сөзінен кінәлі деп айтқанын мен қорғаушы тарапынан қостамаймын. Оған мына дәлелдер негіз болады деп ойлаймын.

1-ден: айыптаушы Әжібайды ерке, бейпіл сөйлейді деп айыптады. Бұған
қарсымын. Және оқудан шығып кетті, құлқы жоқ деді, ал романда Әжібай ойы жүйрік, жасынан зерек деп суреттеледі. Бірнеше әйел алуы, сүймегеніне жастай үйленуі, ол – әкесінің Әжібайдың жеке басының құқығына қол сұғуы деп дәлелдеймін.

2 – ден: әйелдерін ұрып соғуы, баласына әкелік мейіріммен қарамауы, ол сол кездегі жастардың баласын ата – әже бауырына салуы десем, «әйелді бастан» деген қазақтың ата салты себепкер болып тұр деп дәлелдеймін.

3 – ден: шаруашылыққа қарамауы байлардың құл, күң ұстауы дер едім.

4 – ден: Әжібай өз басы әйел құмар емес, қай кезде де жастар үйлену мәселесін өз құқықтары бойынша шешу керек. Ол қазақтың салты бойынша әке – шешенің сөзін жерге тастамады, сондықтан үйленді. Бұл жерде де ол кінәлі емес.

5 – ден: Тасболат ұрпағының бұзылуына сол кездегі солар жасаған орта, дәуір, қоғам жазықты деп танимын. Қазақтың ескі салт – дәстүрі жазықты.
Құрметті сот! Қорғаушы тарапынан айтарым, осы айтылған ұсыныстарымды әділ қарауыңызды сұраймын.

Мұғалім сөзі. Соттың шешуі бойынша сөз халық кеңесшілеріне беріледі.
Халық кеңесшілері:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн көрер,
Аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер.
Басшысы жоқ, биі жоқ, елім қайтіп күн көрер, -
Асан қайғы айтқандай ол заманда басшысы да, биі де байлар жағында болды. Ал қазақ қыздары үшін қазылған ор - қалыңмал еді. Әжібай әйелдерінің өмірінің қорлықта өтуіне бас себепкер де қоғам, сол қоғамда тәрбиеленген Әжібай деп білемін. Әжібай айрандай ұйып тұрған ата – баба салтымызды бұза алмады. Оны бұзу жолы есіңе де келмеді. Себебі, халық әлі оянбаған, тек алдыңғылар соның ізімен жүрді. Сол себепті мен де Әжібай, Тасболат, Қабыш жазықты емес, қоғам жазықты, - деп білемін.
2 – халық кеңесшісі: - «Адам - құл өзін жеңіп ұстамаған» деген Сократ.Бұл істе Әжібай әйелдері де кінәлі. Олар өз бақыты үшін күресе алмады. Қалыңмалдың құрбаны болды. Олар отбасының тазалығы мен берекесін келістіре білсе, Әжібайды жылы қабақпен қарсы алса, Әжібай бұл жолға түспес еді. Жазушы романда үстем таптық кезеңдегі әйелдердің кемшілігін көрсете білген. Бұл істе әйелдері де жазықты, - деп ойлаймын.

Соттың шешімі: - Бүгін сотта «Кім жазықты?» романындағы негізгі кейіпкер Әжібайдың ісі қаралып отыр. Әрбір куәнің айтуымен, романның мазмұны бойынша Әжібай ісімен жете таныстық.
Сот өзінің мүшелерімен келісе отырып, мына шешімге келді.
Романдағы Тасболаттың ұрпақтары: Әжібай, Қабыш бұл істерге сол өз замандасымен салыстырғанда жазықты емес.
Енді,міне, заман өзгерді, ел жанарды, адам өзгерді. Біздің заманымызбен қарасақ та Әжібай жазықты емес. Оны тәрбиелейтін орта болмады. Сот Әжібай жазықты емес, - деп шешті.
Мұғалім. Оқушылар, сот сабағы аяқталды. Тұрыңыздар.Зал соттан босатылсын.
Сонымен, бүгінгі сабақ өз мақсатына жетті. Сабақты жинақтау барысында мына сұрақтарға жауап берсек.

1.Роман әдебиет теориясының қандай түрімен басталады?
2.Романда қандай халық даналығынан қандай мақалдар кездесті?
3.Қандай кірме сөздерді кездестірдік?
4.Қандай әдет – ғұрыптар кездесті?
5.Жалқы есімдерді ата.
6.Әдебиет теориясының қай түрі бар?
7.Заманына қарай несі? Тоғайына қарай несі?
8.Жиенге не жоқ?
Үйге.1. «Адасқан өмір» поэмасын оқу.2. Тәртіпсіз, тәрбиесіз балаларды жазалаудың түрлері туралы не білеміз? ( ойтолғау)
41 974
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романы
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романы
С. Торайғыров өмірі мен шығармашылығы, «Қамар сұлу» романының идеялық мазмұнын меңгерту, романдағы әлеуметтік мәселелерге талдау жасау арқылы көркем шығарманы саралай білуге жетелеу.
С. Торайғыров «Қамар сұлу» романы
С. Торайғыров «Қамар сұлу» романы
Шығарманы талдау арқылы әдет - ғұрыптарды білуге, бас бостандық үшін күресуге, жаманнан жиреніп, жақсыдан үлгі алуға, ұлттық әдебиетімізді сүйіп оқуға, қайырымдылыққа, алдына қойған мақсаты үшін күресе білуге тәрбиелеу.
Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен таныстыра отырып, «Арыстан мен Тышқан» арасындағы мысалды оқып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Шығамын тірі болсам адам болып...
Шығамын тірі болсам адам болып...
Ақтөбе қаласы, №31 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
ШҚО, Аягөз ауданы, Мәдениет ауылы, Рахмадиев о/м қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жұманова Жанат Ескінқызы
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 23 октябрь күні қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×