Шешендік сөздер: Сәбден деген екен...
Әдебиет
Шешендік сөздер: Сәбден деген екен...
Сәбден 1800 жылы қазіргі Ақмола облысының Алексеевка ауданына қарасты Ереймен тау ауылында туған. Қанжығалы қарт Бөгенбай батырдың шөбересі. Шежіреде Арғынның Қанжығалы руынан Өлдекүн одан Ақша. Ақшаның Тұраналысынан Бапан би туады.
Сол Бапан би бір жиында жастарға оның ішінде отырған Сәбден баласына "ел дегенің немене", "ер дегенің немене?" деген сұраққа былай деп термелей жауап беріпті:
Жағалай елің қонбаса,
Суы түщы болмаса,
Мал - жаның бәрі сусындап,
Мейірі оның қанбаса,
Көл дегенің немене?!
Ынтымақ, бірлік болмаса,
Елдікке мойын бұрмаса,
Үлкеннің айтқан сөздерін
Кішісі қолдап тұрмаса
Ел дегенің немене?!
Еліне құрбaн болмаса,
Абырой бедел қонбаса,
Ағайын - туыс, ел - жұрты.
Батырым - ау деп тұрмаса.
Ер дегенің немене?!
Шайырлы шөп бомаса,
Түлігін жайлап толмаса,
Қатар өсіп мал мен бас
Қуанын елің қонбаса,
Жер дегенің немене?!
Желден пана болмаса,
Қарды бөгеп тұрмаса,
Аңдары қойдай өрмейтін,
Қадірі жоқ қырқалы
Бел дегенің немене?!
Адал жүрек болмаса,
Сөзіне опа қылмаса,
Түзулікті бұрмалап,
Өтірікті шыңдаса.
Кең дегенің немене?!
Атан түйе атамай!
Ат - айғырды матамай,
Шын икемге келмесе,
Түзу - жөнді білмесең.
Төл дегенің немене?!
Арыңды сатпа, малынды сат,
Жалған айтып болма жат.
Жалған айтып жандассаң,
Жүрегімде қалар дат.
Тегінде жөнді білерсің,
Түзулікке келерсің.
Бекер айтты деп жүрме.
Түбінде бір сенерсің.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Сәбден 1800 жылы қазіргі Ақмола облысының Алексеевка ауданына қарасты Ереймен тау ауылында туған. Қанжығалы қарт Бөгенбай батырдың шөбересі. Шежіреде Арғынның Қанжығалы руынан Өлдекүн одан Ақша. Ақшаның Тұраналысынан Бапан би туады.
Сол Бапан би бір жиында жастарға оның ішінде отырған Сәбден баласына "ел дегенің немене", "ер дегенің немене?" деген сұраққа былай деп термелей жауап беріпті:
Жағалай елің қонбаса,
Суы түщы болмаса,
Мал - жаның бәрі сусындап,
Мейірі оның қанбаса,
Көл дегенің немене?!
Ынтымақ, бірлік болмаса,
Елдікке мойын бұрмаса,
Үлкеннің айтқан сөздерін
Кішісі қолдап тұрмаса
Ел дегенің немене?!
Еліне құрбaн болмаса,
Абырой бедел қонбаса,
Ағайын - туыс, ел - жұрты.
Батырым - ау деп тұрмаса.
Ер дегенің немене?!
Шайырлы шөп бомаса,
Түлігін жайлап толмаса,
Қатар өсіп мал мен бас
Қуанын елің қонбаса,
Жер дегенің немене?!
Желден пана болмаса,
Қарды бөгеп тұрмаса,
Аңдары қойдай өрмейтін,
Қадірі жоқ қырқалы
Бел дегенің немене?!
Адал жүрек болмаса,
Сөзіне опа қылмаса,
Түзулікті бұрмалап,
Өтірікті шыңдаса.
Кең дегенің немене?!
Атан түйе атамай!
Ат - айғырды матамай,
Шын икемге келмесе,
Түзу - жөнді білмесең.
Төл дегенің немене?!
Арыңды сатпа, малынды сат,
Жалған айтып болма жат.
Жалған айтып жандассаң,
Жүрегімде қалар дат.
Тегінде жөнді білерсің,
Түзулікке келерсің.
Бекер айтты деп жүрме.
Түбінде бір сенерсің.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Шешендік сөздер: Мінезің ауыр болсын
Сырым жас кезінде Есентемір Бөкен биге батасын алайын деп және ақыл сұрайын деп ат, шапан алып барады. Барып қонақ болғаннан кейін Бөкен Сырымнан
Асан Қайғы – Бұл заманда не ғаріп?
Бұл заманда не ғаріп? Ақ қалалы боз ғаріп Жақсыларға айтпаған, Асыл шырын сөз ғаріп. Замандасы болмаса, Қариялар болар тез ғаріп
Бақыт геометриясы
"БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене, Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?" Бәлкім Бақыт байлық па екен сараңдықтан бас алған,
Жүректе қайрат болмаса
Жүректе қайрат болмаса, Ұйықтаған ойды кім түртпек? Ақылға сәуле қонбаса, Хайуанша жүріп күнелтпек.
Абай Құнанбайұлының өлеңі Жүректе қайрат болмаса
Жүректе қайрат болмаса, Ұйықтаған ойды кім түртпек? Ақылға сәуле қонбаса, Хайуанша жүріп күнелтпек.