ойын сауық отауы
Тіл деген не?
11.03.2021 8 928 0 Admin

Тіл деген не?

Әңгімелер
Тіл тарихы
Тіл деген не?
Тіл қалай пайда болады? «Тіл» деген сөз әртүрлі мән мәтінде, әртүрлі мағынада қолданылады. Бірақ оны «ағылшын тілі» мен «жапон тілі» деген сияқты сөздер тұрғысынан талқыламаймыз.
Тіл - қарым - қатынас тәсілі, адамдар бір - бірімен қатынасу үшін қолданатын өзара коммуникация жүйесі. Егер екі жүйенің ағылшын және жапон тілдері тәрізді дыбыстары, лексикасы мен грамматикасы әртүрлі болса, оларды екі бөлек тіл дегенге оңай келісуге болады. Дегенмен жүйелердің өте ұқсастығы жиі кездеседі. Айталық, испан мен итальян тілдерінің дыбыстық жүйесі ұқсас, сөздік қорының басым бөлігі бірдей және грамматикасы да аса қатты ерекшеленбейді. Сонда олар екі тіл ме, бір тіл ме?
Тіл жүйелерін зерттейтін лингвисттер осындай сұрақтарға жауап табу жолын іздеу керек. Олар әдетте өзара түсінісу критерийіне сүйенеді: егер екі адам бір - бірін түсінсе – олардың бір тілде сөйлегені, түсінбесе әртүрлі тілде сөйлегені. Бұл критерийдің артықшылығы, түптеп келгенде, оны барлық күмәнді жағдайларда тексеруге болатынында; бұл лингвистерге әлем тілдерінің толық тізімін жасауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, олар қай тілдеді үйрену және зерттеу керек екенін анық біледі. Ол тізімдегі көптеген тармақта атауы бар тілдер (немесе біреуден көп атауы бар тілдер) болып шығады. Бірақ сан тобындағы тілдердің әлі күнге дейін атау берілмеген тілдер екені көрінеді.
Классификациялау немесе таксономияның осыған ұқсас қиындықтары білім берудің көптеген саласында кездеседі. Мәселен, зоологтерге барлық жануарлар түрінің тізімін жасау керек дейік. Олар көп жағдайда дұрыс болып шығатын басты критерийі: түрлі жынысты екі индивид шағылысып, фертильді ұрпақ қалдырса – олардың бір түрге жатқаны, ал басқаша болса – бір түрге жатпағаны. Түрлердің саны өте көп, әсіресе жәндіктердің түрі сансыз және көбінің ауызекі тілде атауы жоқ. Сондықтан бүгінгі зоологтер әр түрге өзіне тән ат беріп, Адам атаның жұмысын орындауға мәжбүр.
Лингвистердің жағдайы зоологтерге қарағанда онша мәз емес. Бірінші мәселе критерийге байланысты. Итальяндық сөйлп тұрған испан екенін кейде сезіп, кейде сезбейді. Кей адамдар басқа тілді басқалардан оңай қабылдайды, енді біреулер алдыңғы тіл формаларын өзгелерден артық үйренген. Жеке нәтижелер бір - бірінен қатты өзгешеленді. Бірнеше себепке байланысты стандартты тест шарасын жасау қиынға соғады, ешкім әлі ондай ұсыныс жасамаған да секілді. Сондықтан лингвистер, негізінен, өздерінің субъективті әсерлеріне сүйенеді. Бұл көбінесе жақсы нәтиже береді, бірақ көптеген сұрақтар жауапсыз қалады. Әлем тілдерінің өзара түсіністікке негізделген жіктемесі жоқ, ешқашан болмайды да.
Бірақ бұл аса қорқынышты емес. Қазір зоологтер шимпанзелер мен боноболарды бір түр деп санайды. Ал бұрын олар екі бөлек түр саналған, көпшілік оны шындық деп қабылдаған, ал маймылдар, әрине, еш қарсылық білдірмеген. Тіл ғалымдарының айтқаны әдетте зоологтердің айтқанындай өтімді емес. Белгілі лингвистер «испан және итальян тілдері бір» десе, жалпы қауымның бұл сөзбен келісуі екіталай, ең бірінші кезекте Испания мен Италияның халқы және билік органдары келіспейді. Олар мұны айтқан лингвистерді күлкіге айналдырады.
Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы ғана емес. Тілді адамдар тобы қолданады, тіл – сол топтың сәйкестігі мен мәдениетінің өте маңызды бөлігі. Тілдің атауы – сол тіл қолданылатын қоғамдағы әлеуметтік және саяси жақындықты білдіретін басты аспект атауы. Бұл туралы төменде егжей - тегжейлі баяндалады. «Кім - кімді түсінеді» дегеннен гөрі, тілдердің атауы жиірек айтылады. Қолданушылар тілін өзі таңдайды, әдетте оларға ешкім әсер ете алмайды. Тіл мен тіл атауы – металингвистикалық қана емес, қоғамдық та құбылыс. Оларды жалпы адамдар үшін, әсіресе саяси жетекшілер үшін маңызы зор.
Тілді атауынан айыру оңай жұмыс емес. Жоғарыда айтылғандай, сан тайпаларының арасында тіл атауының болмауы сөйлеушілердің тілдің атауына өз тобының белгісі ретінде қарамауына байланысты. Сондықтан тілге атау беру – қоғамдық маңызы бар оқиға. Кейде оның қашан және қалай болғаны, оған саясат және мәдениет саласындағы қай тұлға қатысқаны белгілі.
Осыған байланысты сан және австралиялық тілдерді анықтау мен оларға ат беру әдістері мүлде өзгеше болып көрінеді. Екі жерде де басты орындаушылар шеттен келген лингвистер еді, олар өз шешімдерін әлеуметтік аспектілерге назар аудармай, тек лингвистикалық фактілерге негіздеді. Бірнеше зерттеуші сан тілдеріне, Диксон және басқалар, барлық австралия тілдеріне осындай қызмет жасады. Тілде сөйлеушілердің өздері мұндай әрекетке қатыспайды.
Бұл – лингвистер жамандық жасады деген сөз емес, олар бұл тілдерді тек ізгі ниетпен зерттеп жүрген адамдар. Диксон лингвистикалық және саяси жағдайдың арасындағы айырмашылық туралы айтты. Ең бастысы, мұның бәрін істеп жүрген тіл қолданушылардың өздері емес, сырттан келген адамдар екеніне назар аудару керек. Бұл қоғамдық іс болғандықтан, әлеует пен ықпал мәселесі де көп рөл ойнайды. Итальян мен испан тілдері тәуелсіз, тұрақты мемлекеттердің тілі және оны миллиондаған адам қолданады. Ол тілдер лингвистердің ой - пікіріне тәуелді емес, олар мәртебесі мен атауын оңай сақтайды. Ал сан және австралия халықтары өз елдерінде саны аз, маргинал топтарға жатады және олардың тілдерінің ерекшеліктерін зерттеп жүрген ғалымдар ықпалды. Сондықтан тіл мамандары сөйлеу жолдарын біріктіріп немесе бөлу үшін тілдерге лингвистикалық принциптерге сәйкес ат қоюға ерікті.
Бұдан маму тілінде сөйлейтін австралиялықтар, мәселен, өз тілін енді «дирбал тілі» деп ойлап, қоғамдағы жағдайға әсер ете ме? Кейбір жағдайларда бұлай болуы да мүмкін. Дегенмен сан тілдері мен австралиялық тілдеді одан қорқыныштырақ болашақ күтіп тұр. Бірнеше ұрпақ өтпей - ақ, лингвист - тарихшылар бұл тілдерге қандай ат бергісі келсе, сондай ат қояды. Өйткен ол тілдерде сөйлейтін адам қалмайды. Атау бар тіл – әлеуметтік және саяси дерек; тіл жүйесі және тіл туралы шешім шығарып, тілге атау беретіндер – қоғамда билікке ие адамдар. Қандай тілдедің бар екені, қай пікірдің лингвистикадан гөрі саясатқа жақын екені жөнінде әртүрлі көзқарас бар.
 
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

«Сіз қай тілде сөйлейсіз?». «Білмеймін» «Сіз қай тілде сөйлейсіз?». «Білмеймін»
Хойсан тілдерін лингвистикалық тұрғыдан зерттеу бұл топтың үш тәуелсіз тармақтан тұратынын көрсетті.
Хойсан тілдеріне қанша тіл жатады? Хойсан тілдеріне қанша тіл жатады?
Сан халықтары сөйлейтін хойсан тобына көп тіл жатады, олардың нақты қанша екенін және қалай аталатынын анықтау оңай жұмыс емес. Оларды зерттеуші әр
Ол кездегі тілдер қазіргі тілдерге ұқсас болды ма? Ол кездегі тілдер қазіргі тілдерге ұқсас болды ма?
Терімшілер мен аңшылар қоғамындағы тілдер туралы бірінші және ең маңызды айта кететін нәрсе – ол тілдердің де басқа тілдердей екені. ХІХ ғасыр
Әлемдегі ең танымал 10 тіл Әлемдегі ең танымал 10 тіл
2019 жылғы мәліметтер бойынша тасымалдаушылар санын ескере отырып, әлемдегі ең танымал 10 тілдердің тізімін ұсынамыз.
Адамның 9 түрі болады екен. Тани біліңіз! Адамның 9 түрі болады екен. Тани біліңіз!
Әр адамның мінез-құлқы мен темпераменті әртүрлі. Бірақ өмірлік қағидалары мен әдеттері сол адамдарды қандай да бір топқа жіктеуге мүмкіндік береді.
Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе
Көптеген адамдар үйлесімді және бақытты өмір сүру үшін өзара жағымды қарым - қатынас орнатудың кейбір тәртібін ұстанбайды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×