ойын сауық отауы
Тіл, мәдениет һәм мәдениет антропологиясы
01.01.2022 849 0 Admin

Тіл, мәдениет һәм мәдениет антропологиясы

Әңгімелер
Тіл – күретамыр
Тіл, мәдениет һәм мәдениет антропологиясы
Адам мәдениетінің қалыптасуы және даму мәселелерімен мәдени антропология айналысады. Антропология аты айтып тұрғандай – адам туралы ғылым. Алайда адам туралы ғылымдарға (тағы да атында көрініс тапқандай) барлық гуманитарлық ғылымдар мен кейбір жаратылыс ғылымдарының да (медицина, жекелей – биология) қатысы бар. Адам туралы ғылым өте көп. Бұл түсінікті де. Себебі, адам – өте күрделі, әр тарапты және көпқырлы жаратылыс. Сол үшін де жұрттың барлығының назары адамда.
Тікелей адамға бағытталмаған басқа ғылымдар әлемді, табиғатты, адамзаттан тыс объективті шындықты зерттеу пәні ретінде қабылдайды. Бірақ бұл қоршаған ортаны зерттейтін адам, ол – адам көзқарасы тұрғысынан қарастырылады. Басқаша айтқанда, адами фактор тіпті гуманитарлық емес ғылымдардың өзінде көрініс табады.
Яғни адам туралы көптеген ғылымдар адамның физикалық (биология, медицина), рухани (психология, философия, филология) ерекшеліктерін, іс - әрекетін (экономика, социология), қалыптасуы мен дамуы (тарих) тұрғысынан әр қырынан зерттрейді. Бұл пәндер өзара тығыз байланысты. Қалай дегенмен де, нысаны адамтану болғандықтан, бұл ғылымдардың бірінен екіншісі туындап отырады. Онда әртүрлі пәндерге жүктелген аспектілер біртұтас организм ретінде, бөлінбес бір бүтін ретінде өмір сүрмек.
Антропология немен айналысады? Бұл ғылым өзге ғылым салалары секілді бөлінбес бүтінді бөлшектеп алғанда нені таңдап отыр?
Антропология – адам туралы барлық басқа ғылымдардан аспектілерді біріктіре отырып, адамның физикалық және мәдени дамуының жалпы процесін жан - жақты және жаһандық тұрғыдан зерттеуге талпынуымен өзгешеленеді. Соған орай, антропология:
1) әртүрлі нәсілдерден құралған адамның биологиялық тегін және физикалық құрылысының эволюциясын зерттейтін физикалық антропология;
2) адам мәдениетінің қалыптасуы мен дамуын зерттейтін мәдени антропология секілді бірнеше бөлікке бөлінеді.
Мәдени антропология - өте кең ауқымды іргелі ғылым. Ол адамзаттың мәдени дамуының жалпы проблемаларын зерттейді. Онда өзге гуманитарлық ғылымдардың барлық білімі топтастырылған.
Мәдени антропология – адамды адам ететін және оны өзге тіршілік иелерінен ерекшелеп тұратын және мәдени тұрғыдан қалыптасуының бірыңғай процесін зерттейді. Жануарларда өзін - өзі ұстаудың белгілі бір жүйесі қалыптасқан. Бірақ мәдениет жоқ.
Мәдениет – мәдени антропологияны зерттеу пәні ретінде уақыттың белгілі бір кезеңінде ұлттың, таптың, адамдар тобының құрамдас және қалыптасқан өмір салтының, сондай - ақ адамзат қоғамының барлық саласындағы және барлық факторындағы (идеялар, наным - сенім, салт - дәстүр) қызметінің нәтижесі. Мәдени антропология мәдениетті оның барлық аспектісінде: адамның өмір сүру салты, әлемді тануы, ділі, ұлттық мінезі, рухани, қоғамдық және өндірістік қызметінің дамуын зерттейді. Мәдени антропология адамның қарым - қатынасы арқылы, коммуникация арқылы мәдениетті дамытатын, ерекше қабілетін – соның ішінде сөйлеу қабілетін зерттейді. Адамзат мәдениетінің шексіз әртүрлілігін, олардың өзара қызметі мен шиеленістерін қарастырады.
Лингвомәдениеттану тіл жөніндегі ғылымның бір саласы, тікелей мәдениетті зерттеуге қатысы бар сала ретінде соңғы кезде өте кең ауқыммен таралуда.
Профессор В. В. Воробьевтің сөзіне сүйенсек, «бүгін лингвомәдениеттану – жаңа филологиялық пән ретінде танылды. Ол белгілі бір деңгейде бөлініп қалған немесе ұйымдасқан түрде жинақталған мәдени құндылықтарды, сөйлеудің туындауы мен оны қабылдаудағы табиғи коммуникативті процестерді, тілдік тұлғаның тәжірибесі мен ұлттық менталитеті зерттейді, «әлемнің тілдік бейнесін» жүйелі сипаттайды және оқытудың білім беру, тәрбие әрі интеллектуалдық міндеттерін қамтамасыз етеді.
Сөйтіп, лингвомәдениеттану – типті синтездеуші, мәдениет пен тілдің қызметіндегі өзара байланысы мен өзара іс - әрекетін зерттейтін кешендіғылыми пән. Бұл процесс тілдік және тілден тыс (мәдени) бірліктердің біртұтас құрылымдық мазмұнын қазіргі басымдықтарға және мәдени қондырғыға бағытталған (нормалар мен қоғамдық құндылықтар) жүйелі әдістер көмегімен айқындайды.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

73 - қадам: заманауи білімдер (копирайтинг, таргетинг, smm, сату қабілеті) 73 - қадам: заманауи білімдер (копирайтинг,
Заман дамыған сайын кейбір ғылымдар жарамсыз болып қалуда. Оның бірден - юір себебі заман даму үстінде, жаңа технологиялар, ақпарат құралдарының жаңа
Өзің туралы жақсы пікір қалыптастырудың 9 түрлі тәсілі Өзің туралы жақсы пікір қалыптастырудың 9 түрлі
Өзің туралы жақсы пікір қалыптастырудың 9 түрлі тәсілі Әр адам әлдекіммен танысқан кезде өзі туралы жақсы көзқарас қалыптастырып, жақсы пікір
Адам туралы мақал - мәтелдер Адам туралы мақал - мәтелдер
Адам адаммен, жер сумен.
Мемлекет және Құқық теориясы пәні бойынша тест тапсырмасы №27 Мемлекет және Құқық теориясы пәні бойынша тест
Құқықтық мәдениет және құқықтық нигилизм. Заңды мінезқұлық
Мемлекет және Құқық теориясы пәні бойынша тест тапсырмасы №26 Мемлекет және Құқық теориясы пәні бойынша тест
Құқықтық мәдениет және құқықтық нигилизм
"Мәңгілік Ел" қазақстандық идеясының үздік логотипіне 3 млн теңге беріледі "Мәңгілік Ел" қазақстандық идеясының үздік
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының логотипін жасауға арналған байқау жариялады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×