ойын сауық отауы
Күй аңызы: Қоңыр
22.10.2021 902 0 Admin

Күй аңызы: Қоңыр

Аңыздар
Күй аңызы: Қоңыр
Бірде Қоңыр төре өзінің бой жетіп отырған қызының жасауын келістіру үшін Алтынбек зергерді арнайы шақыртып, жаз бойы зер бұйым жасатады. Алтынбекпен бірге ер жетіп қалған немересі Ықылас еріп келеді. Жай еріп келмейді, жасы ұлғайып қалған атасының бірде көрігін басып, бірде көмірін тасып, қолқабыс тигізеді. Қоңыр төренің қызы өзіне арнайы зер бұйым жасалып жатқан соң, күн сайын ұстаханаға келіп, бірде саусағын, енді бірде білегін өлшетіп кетіп жүреді. Сөйтіп жүріп Ықылас екеуі жақсы танысып, сөздері жарасып, бір - біріне көңілдері құлайды. Әсіресе, Ықылас тұңғыш рет бозбалалық сезіммен құлай беріліп, жан дүниесі жалынға оранғандай күй кешеді. Оның үстіне Қоңыр төренің қызы атастырған жігітіне салқындау болса керек. Бұл да Ықыластың қабырғасын сөккендей жүрегін сыздатады. Аз уақытта танымастай өзгеріп, мұңая тұйықталып жалғыз ғана қобызымен сырласқандай ертелі - кеш күй шалады.
Мұның бәрін зерек атасы Алтекең сезіп жүреді. Немересінің уыз сезімін аяп, іштей күйзеледі. Бірақ, амал бар ма?!
Содан, күндердің күнінде төре қызының зер бұйымдары да жасалып бітеді. Қоңыр төре мейілінші риза көңілмен: “Алтеке, қолың құтты болсын, мынау қол майың”,- деп, алдына екі үйір жылқы салады.
Сонда Алтынбек алғысын айта отырып: “ Көңілің зерек, құлағың түрік төресің ғой, баламның күйін тыңда”,- деген екен. Мұнысы, төремен сүйек боламын деп дәмелесіп зорайтпаса да, екі жастың бір - біріне ынтық сезімен емеурін еткені еді дейді.
Қоңыр төре бұл емеурінді түсінеді. Түсінбегенде ше, атасы иек қағуы мұң екен Ықылас жаз бойы жас жүрегіне жұбаныш болған күйін лекіте шалып жөнелді. Сырты сұлу тың сарын естір құлақты елең еткізіп, жүрдек ырғағына еліктіре үйіріп жөнелгенімен, күй астарындағы мұңлы сезім жүректі шымырлатып сығымдағандай болады.
Сонда, Қоңыр төре де іштей мүжіліп, өзінен - өзі шөгіп, үн - түнсіз отырып қалған екен...
Ықыластың әйгілі “Қоңыр” күйі осы Қоңыр төреге арналып еді.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Қасқыр Күй аңызы: Қасқыр
Ықыластың жастау кезінде әкесі Дүкен өзімен бірге Қоянды жәрмеңкесіне ертіп барыпты дейді. Онысы, ел көріп, жер танысын деген әкелік қамқорлығы болса
Қоңыр ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Қоңыр ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Қоңыр ана – Бәйдібек бидің қызы. Қоңыр ана туралы мәліметті сол өңірдің жергілікті қаламгерлерінің жазғанынан кездестірдік. Әлімнің бір баласы
Өз үйің Өз үйің
Өз үйіңде бір сәт тыным таппайсың, Бірде жуып, Бірде сырлап, Ақтайсың. Өз үйіңе, керек болса, киізсің, Өз үйіңе, керек болса, тақтайсың.
Азамат Өмірғалиға Азамат Өмірғалиға
Жүзі қоңыр болғанмен, аппақ оның жүрегі, күлсе шындап күледі, ал, күрсінсе — түн еді.
Қиын не бар?.. Қиын не бар?..
Мың құбылған қуаныштан, дерттерден, Қиын не бар, адам жанын зерттеуден? Мен келемін өз жанымды зерттеумен, Бірде аяз, бірде жалын, өрт кеудем.
Сәлем хат Сәлем хат
Сәлем сөзім алыстағы еліме, Алыстағы ақ селеулі беліме. Айдан да айқын сендерді іздеп қайтуым Күнім бітіп, кіргенімше көріме.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×