ойын сауық отауы
Екеумізде арман да ортақ, бірге үміт
26.12.2015 12 245 0 Admin

Екеумізде арман да ортақ, бірге үміт

Бата, тілектер / Өлеңдер
Екеумізде арман да ортақ, бірге үміт
(Ерлі - зайыпты жандардың бір - біріне деген тілегі - Жар лебізі)

Екеумізде арман да ортақ, бірге үміт,
Жанымызға жуытпаймыз бір күдік.
Сен алыстан оралғанда үйіңе,
Шаңыраққа бірге енеді күн күліп.

Осы күнді шын бақыт күн екен де,
Мүлкіміз де ортақ біздің екеуге.
Мейірім де ортақ, соны сезген сәбиіміз
Еркеліктен жыламайды бекерге.

Соның салар әнін бірге ұғамыз,
Сол қыңқ етсе, құрақ ұшып тұрамыз.
Жүрек те ортақ, сезім де ортақ екеуге,
Махаббат та - ортақ бізге бір аңыз.

Жексенбіде дамыл тап та біршама,
Думан күнге қанша қалды, күн сана.
Біздерге ортақ емес пе еді туған күн,
Күнтізбеде бөлек - бөлек тұрса да.

Сан естіртіп сазын ән мен жырлардың,
Тойланады біздерге ортақ туған күн.
Кел, тағы да есімізге алайық
Мағынасын бірге өткізген жылдардың.

Бұл шаттық та жаннан әсер тапты деп,
Айтайық сосын жаз көңілмен ақ тілек.
Өткен жылдың еске алайық бір сәтін,
Сондай қызық басымыздан өтті деп.

Айта алмасақ, қуанышта бекер ғой,
Салмақты айтайық, болмаса да бөтен той.
Бірақ, жаным, тілек айту керек пе,
Біздің тілек онсыз да ортақ екен ғой.


Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы

Батырлар туралы мақал - мәтелдер Батырлар туралы мақал - мәтелдер
Батырлығың не керек, байсалдылық болмаса. Ақындығың не керек айтарлығың болмаса.
Тойға арналған бата Тойға арналған бата
Тойға келген ағайын, Домбыраны алайын. Ата - дәстүр салтымен, Термелеп әнге салайын. Қуанышқа ортақ боп, Қызығына қанайын.
Біреу бай, біреу жарлы Біреу бай, біреу жарлы
Біреу бай, біреу төре, біреу жарлы, Көбі зарлап төгіп жүр жас пен қанды. Атаңды жау шапқанда бірге шауып, Борсықтар семіріп жүр көміп арды.
Есіңде бар ма жас күнің Есіңде бар ма жас күнің
Есіңде бар ма жас күнің, Көкірегің толық, басың бос, Қайғысыз, ойсыз, мас күнің — Кімді көрсең, бәрі дос.
Жұртыма Жұртыма
Бірлік қып іс етуге шорқақ жұртым, Табылса оңай олжа, ортақ жұртым. Сияқты қара қарға шуылдаған Үрейсіз қоян жүрек қорқақ жұртым.
Құрбының тілегі Құрбының тілегі
Уақыттың бірге жылжып күндері, Жылыстайтын әр кезеңмен жыл легі. Ортақ еді біздің салған әніміз, Таңымыз да қарсы алатын бірге еді. Бірге еді
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×