ойын сауық отауы
8 наурызға арналған тілектер
18.02.2024 151 020 0 Дауыл

8 наурызға арналған тілектер

Бата, тілектер
8 наурызға арналған тілектер

Сүйіктім! 
Өзіңді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын. Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін.

Қызым!
Арулар күніне арналған жылы лебізімді қабыл ал. Тал бойыңа ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті қазақ қыздарының жан сұлулығын тілеймін. Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, көңілің көктемдей көрікті болсын! Ізгі тілекпен:

Құрметті әпке!
Сізді 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын. Ана барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы. Барша туған - туысты жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлей беріңіз. Ізгі тілекпен, бауырыңыз

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік - береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын: Гүлдей болсын өміріңіз, Нұрға толсын көңіліңіз. Биік боп жұлдызыңыз Көктемдей құлпырыңыз. Бақыт қонсын басыңызға Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

Аналарды құттықтау
Аяулы, сүйікті, қамқоршым – Асыл Анам, Сізді 8 наурыз мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз болмағанда жарық дүниенің қадірін, махаббаттың ләззатын, мейір - шапағаттың тереңін сезінбес едім. Қашанда жаныңызға жақсылық нәсіп болғай.

Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,
Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.
Асыл ана, құтты болсын мерекең,
Құшағына күллі әлемді сыйдырған.

Менің қамқорым, ақылшым, өмірімнің бұла күші, көңілімнің қуанышы, сезімімнің жыр ағысы – аяулы анам, 8 наурыз мерекеңіз құтты болсын. Ұл - қызыңыздың қызығын көріп, аман - сау ортамызда жүре беріңіз. Бақытты отбасыңыздың берекесі мәңгілік болсын!

Сүйікті менің анашым, сіздің мейірбан жүзіңіздей көктемнің алғашқы мерекесі, төл мерекеңіз 8 наурыз құтты болсын. Бүгін сіз үшін бүкіл адам баласы қуанышқа бөленер, сіз үшін жүрекжарды тілектерін арнайтын күн. Мен үшін сіздің аман - сау ортамызда жүрген әр күніңіз үлкен мереке.
Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрегімде ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.

Құрбы қыздарды құттықтау
Көктемнің алғашқы күндерімен бірге көңілге қуаныш ала келетін 8 наурыз мерекең құтты болсын. Көктемнің бар гүлі, көңілдің сазды үні тек саған арналсын. Жаныңа жылылық, жүрегіңе ұлылық берсін. Әмәнда аман - сау, көңілді болғайсың.

Қыз күніңнің қызғалдағы болғайсың,
Жүз ғұмырдың ізгі арманы болғайсың.
Бар қазаққа биік тұмар болғайсың,
Ханзадаға сүйікті жар болғайсың.
Мерекелі, жаның әппақ болғай шын,
Берекелі шаңыраққа қонғайсың.

Аяулы құрбым, Сені бүгінгі 8 наурыз төл мерекеңмен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғаның үшін. Сен қашанда өзіңді сыйлы, сүйікті, қадірлі екеніңді ұмытпа.
Әйелсіз - ақ күн кешем деу далбаса,
Жігіт болсаң жар табуға қам жаса!
Ол бар жерде сен өзіңді зор сана,
Ол бар жерде басқа бақыт аңсама! Сендерсіз жер бетінде бақыт та болмас! Тағы да 8 наурыз мерекесі құтты болсын!

Өмір саған жылы сөзін арнасын,
Қайғы - мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.

Мынау жарық жалғанның Ай мен жұлдызы, мерекең құтты болсын! Болашағың жарқын, күндерің көңілді, ғұмырың ұзақ, махаббатың ләззатті болсын. Қашанда Қазақ дейтін қара ормандай халқыңның ай маңдай аруы болып, аман жүргейсің.

Әйел сенің ақылшың да айбарың,
Ол барында естімейсің қайғы әнін.
Әйел сенің күзетшің де сақшың да,
Әйел сенің мерекең мен мейрамың.

Бір өзінде барлық үміт, бар арман,
Жеңбей қоймас нұрлы жанар қадалған,
Барлық гүлден жұпар жинап бойына
Әйел күннің шуағынан жаралған.

Сіздер барда ер - азамат атаулыға әр күн мереке, әр күн мейрам, әр күн біз үшін қуаныш пен шаттыққа, береке мен мерекеге толы. 8 наурыз мерекең құтты болсын. Күндей күлімдеп, жаздай жадырап, гүлдей құлпырып аман - сау жүргейсің.

Дүниеге қан тамырдай тарайтын,
Жер бетінде әйел жайлы ертек көп.
Әйелдерге немқұрайды қарайтын,
Еркекті мен санамаймын еркек деп.

8 наурыз мерекесі құтты болсын. Жер бетіндегі сұлулық атаулының қайнары, жігіттік намыс атаулының айбары өздеріңнен басталмақ. Сол үшін де дәл бүгін ғана емес, жылдың толық күнінде азамат атаулы өздеріңнің дендеріңе саулық, күндеріңе көңілділік тілейді. Бақытты болуға, бүкіл адамзат атаулыны бақытты етуге тиіссіздер. Ғұмырың жарқын болсын!

Сүйікті жарға ақ тілек
Бақытымның бастауы, ғұмырымның шынары, өмірімнің сыңары, бүлдіршін ботақандарымның аяулы анасы, 8 наурыз мерекеңмен шын жүректен құттықтаймын. Қашанда отбасымыздан шаттықтың күлкісі үзілмесін. Өзіңе бар тілегімді арнап, ғұмырымның соңына дейін қасымда болуыңа тілектеспін.

Өмір бізге артқан екен мол сенім,
Көңіл бізге тартқан сый қып көл сезім.
Ғұмырыма қуат берген қашанда,
«Мәңгі сүйем» дейтін сенің сол сөзің.
Бар ғаламның сұлулығын, сүйіктім,
Тек өзіңмен келбетіңмен өлшедім.
Мерекең құтты болсын, Аяулым!

От жанарың күйдірердей күн бетін,
Қызғалдақтан сұлу сенің суретің.
Бұл көктемнің жылылық пен мейірі –
Менің саған арнаған бар құрметім.
Адалдықтың асқары да өзіңсің,
Сені сүю – о бастағы сүннетім.
Сенсіз мынау жарық шашқан күн де түн!
Сенсіз менің ғұмырым да тұл жетім.

Саған деген бар махаббатымды жыр жолы түгілі, ғарыш көктегі құс жолына да сыйдыра алмаспын. 8 наурыз мерекесі құтты болсын, аяулым!

Наурызға арналған бата - тілектер
8 наурызға арналған құттықтаулар

Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын!
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне тілектер мен құттықтаулар 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне тілектер
8 – наурыз. Бүгін қуаныш пен шаттықтың шуағы жүрегіңді жылытып, бақыт бақшасында аяласын!
Құрметті ұстаздар, аналар және қыз - келіншектер! Құрметті ұстаздар, аналар және қыз - келіншектер!
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Көктемгі күндей құлпырып жүздеріңізден күлкі мен қуаныш кетпей жүре
8 наурызға арналған құттықтаулар 8 наурызға арналған құттықтаулар
Сені көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен шын жүректер құттықтаймын
Туылған күнге арналған тілектер Туылған күнге арналған тілектер
Туылған күніңмен құттықтаймын! Құттықтай отырып тілерім
1 қыркүйек білім күніне арналған құттықтаулар 1 қыркүйек білім күніне арналған құттықтаулар
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×