ойын сауық отауы
Керей Тоқсан бидің батасы
15.04.2017 1 658 0 Дауыл

Керей Тоқсан бидің батасы

Бата, тілектер
КЕРЕЙ ТОҚСАН БИДІҢ БАТАСЫ
Қарада Қазыбектей бақытты бол,
Ақсүйек Ахметтей тақытты бол!
Жаппаста Жарасбайдай түйелі бол,
Қыпшақта Кенебайдай биелі бол.
Керейде Жәнібектей ақшалы бол,
Бұғының мүйізіндей шақшалы бол.
Нәсілің Құрайыштың ғибласындай,
Қожахмет Йассауидей киелі бол.
Сері Ғалы арыстандай балалы бол„
Бір түнде бес жүз намаз ада қылған,
Шапатлы Батимадай аналы бол.
Шақшақта Қазыбектей аталы бол,
Ұлы жүз Сәуенедей баталы бол.
Абылайдан кем болмасын
Жұмсаған Апатауға сансыз мың қол.
Тәуфікте төрт ғиблан түгел болсын,
"Әумин" деп, қолыңды жай, айтарым сол.
Болғанда тағам сізден, ыкдас бізден,
Енді қандай тілейсіз бата бізден?!
Әумин!

Жас балаға бата Жас балаға бата
Асан Қайғы бабадай саналы бол, Ғаріпте әз Жәнібектей паналы бол. Керейде Дәстем салдай бағалы бол, Атақты Келден бидей саналы бол.
Мал-жанға берілетін бата Мал-жанға берілетін бата
Е, Құдайым, оңдасын, Мың саулығың қоздасын. Сегіз түйең боталап, Сегіз келін қомдасын.
Жастарға бата Жастарға бата
Жарылқа, Тәңір, қабыл ет, Жарылқаудың қамын ет! Бере гөр, мына жастарға Ізет - абырой, бақ - дәулет.
Төле бидің Қазыбек биге берген батасы Төле бидің Қазыбек биге берген батасы
Атасызға ата бол! Батасызға бата бол! Арып - ашқан ғаріптің, Жел жағына жота бол!
Разыбек қажының батасы Разыбек қажының батасы
Дүниеде кем болмайды баталы құл, Шашайын батаменен жемісті гүл. Қосылған теңін тауып балалардың Әуелі жасын үзақ бақытты қыл.
Жұпар ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Жұпар ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Жұпар ана – Бәйдібек бидің келіні, Қоңырат Қызыл бидің қызы.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×