ойын сауық отауы
Діни баталар
30.04.2017 9 723 0 Дауыл

Діни баталар

Бата, тілектер
Діни баталар
Құдайдың құлымын дегейсің,
Мухаммед үмбетімін дегейсің.
Шадияр досым дегейсің,
Имам ағзамның қауымында қыл,
Шайтанның сәрінен сақта,
Патшаның кәрінен сақта,
Намаздың қазасынан сақта.
Пайғамбардың туында қыл,
Аузы кәусардың суында қыл,
Иман байлығын бер,
Деннің саулығын бер!
Әумин!

***
Е, Құдайым оңдасын,
Оң жолыңа бастасын.
Бір жарылқап тастасын.
Жамандыққа жазбасын,
Жақсылыққа бастасын!
Мал иесі Мухаммед!
Жан иесі хазірет,
Не тілегін әзір ет,
Еткен ниетін қабыл ет!
Әумин!

***
Тәңірім өзі оңдасын,
Әулиелер қолдасын.
Дүниедегі ізгілік
Алдыңнан шығып қарсы алсын.
Тар қабірің кең болсын,
Күндізгідей күн күлсін,
Шамшырағын жаққандай,
Тас қабірдің ішінде
Тас бүркеніп жатсаң да,
Рахатқа бата гөр,
Күн шығып, таң атқандай.
Жаннатта жаның жай тапсын,
Жаратқан жаппар құдірет,
Көп батасын қабыл ет,
Күнәдан пәк жандардың
Ақ тілегін мақұл ет!
Әумин!

***
Әуелі Алла оңдасын.
Пайғамбар болсын жолдасың.
Өткендерді ойласаң.
Аруақтар қолдасын.
Сыртыңнан ғайбат айтқан жан
Тап өзіңдей болмасын.
Ризығың, дәулетің қолыңнан кетпесін.
Иманың жерге жетпесін.
Қайырлы ғып дәулет берсін,
Өмірлі ғып перзент берсін.
Анам деп есіне алған жанды
Екі жалғанда қорғаушы боп,
Пайғамбар қасына алсын!
Әумин!

***
Міне бата, ақ ниет,
Бола берсін берекет.
Қиын дейді қиямет,
Жақын дейді ақырет.
Құлшылық қыл Аллаға,
Қыл көпірден таймай өт!
Кірсін дәулет,
Шықсын бейнет,
Алла атымен ниет ет.
Жоқ - жітікке рақым ет.
Тәңір сені қолдасын,
Уайым - қайғы болмасын.
Қабыл болсын, оразаң,
Әулетіңді оңдасын!
Әумин!

Мерейтой батасы Мерейтой батасы
Той дастарқаны мол болсын, Берекелі қол болсын, Тойға келген қонақтың, Бәріне сәтті жол болсын.
Сақтық бата Сақтық бата
Дұшпанның табасынан сақта, Достың наласынан сақта. Өмір бойы жазылмайтын, Жүректің жарасынан сақта.
Жолаушыға бата Жолаушыға бата
Иә, Құдайым оңдасын, Оң жолына бастасын. Жортқанда жолың болсын, Жолдасың періштелер болсын.
Бауыржан Момышұлының берген батасы Бауыржан Момышұлының берген батасы
Иллаһи Құдая, Тілегімізді қабыл ет, Иманымызды кәміл ет.
Қанжығалы Асаубайдың батасы Қанжығалы Асаубайдың батасы
Көтер білекті, Берсін тілекті. Әуелі қудай оңдасын, Әжді - әулие қолдасын.
Бекентайдың батасы Бекентайдың батасы
Әуелі Құдайым оңдасын, Оң жолына бастасын. Ғайып Ерен Қырық шілтен Қолдаушың боп қорғасын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×