ойын сауық отауы
Жаңа жылға арналған құттықтау тілектер
17.11.2025 70 408 0 Дауыл

Жаңа жылға арналған құттықтау тілектер

Бата, тілектер
Жаңа жылға арналған құттықтау тілектер
Жаңа 2026 жылыңызбен!
Жаңа Жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер Жылы болсын!
Жаңа 2026 жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп қала берсін!
Келді тағы жаңа 2026 жыл,
Қуантуға біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!
***
Жұмысыңызға табыс, жүрекке тыныштық, мықты денсаулық, дастарханыңыздың молшылықта болуын тілеймін. Бұл жылда барлық тілектердің орындалуын, сәттіліктердің жалғасуын, тыныштық пен құт - береке болсын!
***
Сізді Жаңа 2026 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Баршамыз жаңа 2026 жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа 2026 жыл Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сізге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ - береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз.
***
Жаңа Жыл сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және татулық әкелсін! Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін!
Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке үлесе берсін!
***
Құрметті достар!
Сіздерді Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа 2026 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ - береке келсін!
Мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!
Ізгі ниетпен, қандас бауырларың.
***
Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2025 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт - береке әкелсін! Жаңа 2026 жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа 2025 жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!
***
Жаңа 2026 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әр біріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай - қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2026 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2026 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!
***
Барша қазақстандықтарды жаңа 2026 жылдарымен құттықтаймын! Жаңа 2025 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!
***
Жаңа Жыл – бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!
Жаңа жыл жақындаған сайын жүрегімізде ерекше толқыныс пайда болып, келер жылға дайындық жасаймыз. Доңыз жылына аяқ басқалы тұрмыз. Әр жылдың өзіндік ыстық естеліктері бар. Жыл жақсылығымен келсін! Жаңа жылға арналған құттықтау тілектер топтамасына кезек берейік!
***
Жаңа жылыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Келер жаңа жыл сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстарға кенелтсін. Жаңа жыл жағымды жаңалықтарға толы болсын! Отбасыңызға амандық, береке, жұмысыңызға сәттілік тілеймін! Келесі жаңа жылда да осындай тәтті тілек айтып тұруды жазсын!
***
Әр жылдың өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл жыл сіз үшін де, біз үшін де табысты жыл болды деп ойлаймын. Алдағы жылы бұдан да үлкен табыстарға жетуді нәсіп етсін! Әрдайым жақсылықтың жаршысы болып жүре беріңіз. Бәріміз үшін ең қымбаты – өз отбасымыз. Сондықтан да отбасымызбен, төрт көзіміз түгел келесі жаңа жылды да дәл осылай қарсы алайық! Жаңа жылыңызбен!
***
Жаңа жыл бақытты болашаққа үміт, игі іс атқаруға жігер сыйлайды. Бұл жылды жаман өткізген жоқпыз деп ойлаймын. Жаңа жылды қарсылай алмай кеткен жандар да қаншама... Біз бақыттымыз. Осындай бейбіт, тыныш заманда, берекелі шаңырақта шаттықтан жүзіміз бал - бұл жайнап, шат - шадыман тілегімізді айтып тұрмыз. Осының өзі үлкен бақыт деп есептеймін. Көңіліміз кірлемесін! Бір - бірімізге деген сеніміміз сөнбесін! Тек жақсы үмітпен толағай табыстарға жете берейік. Жаңа жыл құтты болсын!
***
Бір жыл зулап өте шықты. Жаңа жылды қарсы алар уақытта әр адам өзіне есеп береді. Қаншама іс атқардық, қаншасын атқарып үлгермедік. Еш өкініш жоқ. Тәңірдің бергенінен берері көп болғай! Ең бастысы – жақсы көретін жандармен бір дастарханда шаттанып отырмыз. Айтатын тілек көп. Осы кезге дейін бірге болып, қуанышта қасымнан табылып, қиындықта қолдау білдірген жайсаң жандарға алғыс айтқым келеді. Лайым отбасымызда жақсылық болсын! Ел іргесі бүтін болсын! Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
***
Жаңа жыл... Жаңа үміт... Жаңа бастама... Енді бәрі жаңадан басталады. Барыс жылына еш өкпе жоқ. Жаңа қоян жылы табыстарға бастасын. Жүрегіміз қарайып кетпей, сенімдерге дақ түспей, көңілдерді кір шалмасын! Жанымыз жүдемесін! Жаңа жыл әр отбасына ырыс пен құт әкелсін!

Ұстаздар күніне арналған құттықтау тілектер Ұстаздар күніне арналған құттықтау тілектер
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – «Ұстаздар күнімен» шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаз – ұрпақтың тағдырына бағыт-бағдар беретін, елдің ертеңін
22 Наурыз мерекесіне арналған құттықтау 22 Наурыз мерекесіне арналған құттықтау
Баршаңызды ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Табиғаттың жаңарып, жердің түлеп, көктемнің келуімен бірге, халқымыздың
Туған күнге арналған тілектер Туған күнге арналған тілектер
Туған күн! Қандай ыстық осы сөз. Көп адам осы күнді күтеді, сыйлық пен жақынының жылы лебіздерін күтеді. Егер де ойыңызға тілек айтуға сөздеріңіз
Жаңа жылға арналған құттықтау сөздер мен әдемі тілектер Жаңа жылға арналған құттықтау сөздер мен әдемі
Келе жатқан 2025 жыл - Жылан жылы. Жаңа жылға арналған әдемі тілектер
2026 жылға арналған құттықтау, тілектер 2026 жылға арналған құттықтау, тілектер
Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2026 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт - береке әкелсін! Жаңа 2026 жылда ырыстарың көп болып, табыстан
Туылған күнге тілектер Туылған күнге тілектер
Туылған күніңізбен құттықтаймын! Сіздің өміріңіз мәнді де сәнді болсын деп тілеймін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×