ойын сауық отауы
Мұрын және ерін айналасындағы әжімдерден арылу.
06.12.2016 5 546 0 Дауыл

Мұрын және ерін айналасындағы әжімдерден арылу.

Денсаулық
Мұрын және ерін айналасындағы әжімдерден арылу.
1. Мұрын және ерін айналасындағы әжімдерді кетіруге арналған жаттығулар.
Мұрын мен ерін айналасындағы әжімдердің пайда болуын болдырмаудың оңай жолы - олардың алдын алу. Кез келген қыз - келіншек 25 жастан асқан соң, күн сайын бірнеше қарапайым жаттығуларды орындауы тиіс. Сіз күнде өзіңізге 10 минут уақыт бөлсеңіз бет терісінің жас қалпын ұзақ уақыт сақтай аласыз.

Жаттығу түлері төмендегідей:
- ерініңізді бүгіңіз «уууу у у у у у у у» әрпін айтыңыз;
- айна алдына тұрып, дауыстап және анықтап А, О, Ы, У, И т. б дыбыстарды айтыңыз.
- екі ұртыңызға ауа толтырып ұстап тұрып, біраз уақыттан соң жіберіңіз.
- ауызды барынша ашып ерінді дөңгелек қалыпқа келтіріңіз.
- жақтың астыңғы жағын алдыға қарай шығарып ерінді жымқырыңыз.
- ұрттағы ауаны тістің жоғары жағына үрлеңіз, төменгі жағына үрлеңіз.
- ұрттағы ауаны оң жаққа үрлеңіз, сол жаққа үрлеңіз.
- Ұртыңызға ауа толтырып біраз ұстап тұрыңыз да жаймен жіберіңіз.
Бұл жаттығудың әрқайсысын 10 реттен жасаңыз. Бұл жаттығулардың мұрын мен ерін айналасындағы әжімдер анық байқалған жағдайда да көмегі бар. Әжімді түгел кетірмегенімен оның тереңдеп кетуіне жол бермейді.

2. Мұрын және ерін айналасындағы әжімдерге қарсы маска түрлері
Жемістерден дайындалған маска. Мұрын мен ерін айналасындағы әжімге қарсы жеміс маскасы. Масканы жаз мезгілінде жеміс - жидектер піскен уақытта көптеп жасаған дұрыс. Аллергиялық әсер бермейтін жеміс түрін алып көздің айналасынан басқа, беттің барлық бөлігіне қойып 15 минуттай жатып, жуып тастап жұмсартатын крем жағып қою қажет.

Шөптерден дайындалған маска. Бұл масканы дайындау үшін шөптер қажет: түймедағы (ромашка), сәлбен (шалфей), қырмызыгүл (календула), шайшөп (зверобой), жебіршөп (чабрец). Осы шөптердің бірін алып үстіне қайнаған ыстық суды құйыңыз. Шөпті сеткадан өткізіп суын бөлек алыңыз, сол суға дәкені салып беттің әжім түскен жеріне 10 минуттай қойыңыз. Бұл маскадан кейін беті жуу қажет емес.

Жұмыртқа ағыннан дайындалған маска. Бұл масканы дайындау үшін лавр жапырағының 15 жапырағына қайнаған ыстық су құйып жай отта 3 - 5 минут қайнату қажет. Суығанын күтіңіз.
Ол суығанша 2 жұмыртқаны жарып сарысын бөлек алып тастаңыз да жұмыртқа ағына бір ас қасық зәйтүн майын (оливковое масло) құйыңыз, оның үстіне 10 г күйдірілген ашудас (квасцы жженые) салыңыз оның үстіне лавр жапырағын қайнатқан судан 1 ас қасық құйыңыз. Дайын болған сұйықтыққа дәкені салып, беттің әжім түскен жеріне, лейкопластырмен жабыстырып, 40 минуттай жүру керек. Бұл масканы қатарынан 3 күн жасаңыз де 3 күн бетті демалдырыңыз осылай ары қарай жасай бересіз.

Судың пайдасы. Күніне 2 литрден аса су ішу қажет. Бет терісінің қартаюына жол бермеумен қатар тұлғаңыздың сұлу болуына пайдасы өте көп.

Мұздың пайдасы. Косметикалық мұздың әжімге қарсы әсері мол. Әжім түскен жерді мұзбен ары бері сипалаған дұрыс. Бір жасағанда 40 - 50 рет ары-бері сипау керек.
Егер сіз бетке арналған бұл процедураны күнделікті жасайтын болсаңыз әжімдерден құтылып бет терісін қалыпына келтіресіз.
Әрдайым әдемі әрі сүйкімді қалпыңыздан таймаңыз!

Дайындаған: Жадыра

Пікір қалдырыңыз, пайдалы кеңесіңіз болса бөлісіңіз.

Мимикалық әжімнен адамның мінезін тану Мимикалық әжімнен адамның мінезін тану
Уақыт өте біз, әлбетте, қартаямыз және сол қартаюдың алғашқы белгілері – әжімдер. Терісі құрғақ, арық адамдарға, әсіресе, мимикалық әжім ерте түседі.
Стресстен арылу жаттығулары Стресстен арылу жаттығулары
Тыныс алу жаттығуы. Мұрын арқылы жай тыныс алыңыз да, аздап ұстап тұрып жіберіңіз. Әр дем шығарып жатып, стресстен айығып жатырмын деп ойлаңыз.
Қабақ неге тартады? Қабақ неге тартады?
Кейде, көздің үстіңгі қабаты өзінен - өзі қимылдайтын бәрімізге белгілі. Егер бұл анда - санда болып тұратын қалыпты жағдай болса, онда бұл
Мұрын көтеру Мұрын көтеру
Жармас басты тұқырту, Негізсіз дер ме мұнымды, Көкжиек болдым жұрт құрлы, Көтеріп көке мұрнымды.
Қазақ қызына әзіл Қазақ қызына әзіл
Шолақ айдар, шөп желке, Бауырсақ мұрын, бүйрек бет, Былқ-сылқ етіп жүргенде, Ойламайсың ба үйрек деп?!
Сырық мойын, біз мұрын Сырық мойын, біз мұрын
Сырық мойын, біз мұрын, Шіркін, тұздай көзіңіз. Қыт-қытындай тауықтың Құйылып тұр сөзіңіз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×