ойын сауық отауы
Бас ауруы
07.11.2017 7 599 0 Дауыл

Бас ауруы

Денсаулық
Бас ауыруы.
Бас ауыруының себептері қандай? Бас ауруы – адамға әртүрлі дәрежедегі ауырсыну әкелетін және көп қолайсыздық тудыратын сырқат. Оған себеп көп: психикалық және эмоциялық шаршау, бас миы тамырларының склерозы, бас сақинасы, мидың органикалық аурулары (ісік, инсульт және т. б.) және басқалар.

Бас ауруының себептері:
Шиеленіске байланысты: Қатты ауырмайтын, бірақ ұзаққа созылатын ауру. Ешқандай шаншу да болмайды. Бас немесе мойын айналасында түйінделіп қалған сезім болады. Жеткіліксіз ұйқы, депрессия және стресс ең басты себептері.

Мигрень (бас сақинасы): Қатты ауыртатын және шаншитын бас ауруы. Көбінесе көздің артында сезіледі. Жарыққа және дауыстарға қарсы тітіркену, лоқсу және жүрек айнуы болады. Себептері мезгілсіз тамақтану және гормонды дәрі - дәрмектер.

Солқылдау: Өте қатты ауыртады. Көбінесе бір көз айналасында немесе артында сезіледі. Мұрынның бітелуі, көздің жасаурауымен бірге болуы мүмкін. Ауруы көбінесе ұйқы кезінде келеді. Спиртті ішімдіктер және темекі мұның ең басты себептері.

Гайморитке байланысты: Ауыртпалы және тұрақты. Мұрыннан тоқтамай су ағады. Ауырғаны мұрын үстінен бастап, маңдайға және құлаққа дейін жайылады. Себептері гайморит инфекциясы және мұрынның бітелуі.

Аллергияға байланысты: Танаулардың бітелуі, көздердің жасаурауы, қышытпа және бастың шаншуы белгілерінен байқалады. Гүл тозаңы, зең (зәк, көгеру) және шаң ауруға себеп болады.

Кофеинге байланысты: Шаншытып ауыртады және шамадан артық кофеин тұтынудан туындайды.

Шаршауға байланысты: Ауру, белгілі бір жердің ауырғанымен шектеулі емес. Шаршататын физикалық қозғалыстар, түшкіру, жөтелу, ісік, мигренмен бірге көрінуі мүмкін.

Сүйек аралары: Баста қысым және қысылу сезімі. Жақтың аурып шытырлауы арқылы белгісін көрсетеді. Жақтағы келеңсіздік және стресс бұған басты себеп.

Ревматизм: Мойында немесе бастың артқы жағында, қимылдағанда артатын аурулар. Тұз жиналуынан және суықтан болады.

Көздің шаршауы: Көз айналасындағы ауру сезімі. Көрудің нашарлауы және астигмат аурудың себептері.

Көзілдіріктің сәйкес келмеуінен де бас ауырады. Емі: көз дәрігеріне қаранып, көзілдірікті ауыстыру керек.

Жақпайтын тамақ жесе де бас ауыруы мүмкін. Емі: асқазанды тазартса, бастың ауруы қояды.

Қаназдықтан да бас ауруы туындайды. Белгілері: бас ауырады, көздің қарашығы ұлғайып, маңдай мұздап, тамырдың соғуы әлсірейді. Емі: басыңызды орамалмен қатты таңып, тегіс жерде шалқаңыздан жатып бір сәт демалыңыз. Кейін кофе немесе шай ішіңіз.

Ой еңбегімен айналысатын адамдар күніне бір мезгіл таза ауада серуендеуді ұмытып, күні - түні қағаздан бас алмаған кездері басы ауырады. Емі: а) легенге ыстық су құйып, 10 - 15 минут аяқты толарсаққа дейін малып отырыңыз; ә) бір шай қасық жалбыз шөбін 1 кесе қайнаған суға тұндырып ішіңіз, кейін демалыңыз; б) ой еңбегінен шаршап жүрген адамдардың балық жегені абзал.

Бас ауруына бас сақинасы, желке және жүйке невралгиясы да себепші болады. Бұл аурулар негізінен жүйкенің жұқаруынан - әлсіздіктен туындайды. Белгісі: басы ауырады, ашушаң болады, яғни сіркесі су көтермейді. Емі: а) мазасыз ойлардан арылып, жақсылап тынығу керек; ә) шай ішу қажет; б) жұмыртқаны шикілей кесеге жарып, үстіне қайнаған су құйып әбден араластырыңыз, осындай қоспаны күнде аз - аздан ішсеңіз, жүйке ауруынан құтыласыз.

Жүйкенің жұқаруы (неврастения, невроз) - бұл ауру мұғалімдерде жиі кездеседі, яғни бұны устаздардың кәсіби ауруы десе де болады. Емі: а) күнде 1 ас қасықтан бал жеу керек; ә) киікоты, қалақай т. б. дәрілік өсімдіктермен емделу керек; б) маңдайға жұқалап кесілген шикі картопты таңып қойыңыз; в) таңертеңгілік аш қарынға айран ішкен - бас аурудың мың да бір емі; г) басыңыз ауырған кезде қос қолыңызды шынтақпен қоса ыстық суға малып отырсаңыз, басыңыздың ауырғаны қояды. Ыдыстағы су салқындап бара жатса, ыстық сумен араластырып, температурасын бір қалыпта ұстаңыз.

Қан таспасы (гипертония), атеросклероз ауруына шалдыққанда кардиолог, терапевт дәрігерлерге, инсультқа шалдыққанда невропатолог дәрігерге, ал миыңызда қатерлі ісік не бітеу жара бары анықталса, нейрохирург дәрігерге қаралып, тексеріліп арнайы ем алған жөн. Кекшиме, яғни мең - зең еткен менингит ауруына шалдыққан жағдайда инфекционист дәрігерге барып, ем алған дұрыс.

Дереккөзі: Bilim - all. kz

Жүректің тоқтап қалуына себеп Жүректің тоқтап қалуына себеп
Адам ағзасының моторы саналатын жүректің аяқ асты тоқтап қалуына әкелуі мүмкін 11 белгіні айтамыз.
Сарапшылар адамның депрессиялық жағдайының негізгі үш белгілерін атады. Сарапшылар адамның депрессиялық жағдайының
Жердің әрбір бесінші тұрғыны бұл кеселмен зардап шегеді немесе депрессиямен келешекте зардап шегуі мүмкін. Адамдар депрессиямен өз күштерімен
Буын ауруы Буын ауруы
Буын ауруының пайда болу себебі әртүрлі. Көп жағдайда адамның аз қимылдауы, суық тию, экология, кальцийдің жетіспеуінен туындайды.
Адам денсаулығына лимонның қандай пайдасы бар? Адам денсаулығына лимонның қандай пайдасы бар?
Лимонның денсаулыққа пайдасы мол. Осы ретте төменде лимонның қосындысынан жасалған бірнеше қоспаларды ұсынғанды жөн санап отырмыз.
Қабақ неге тартады? Қабақ неге тартады?
Кейде, көздің үстіңгі қабаты өзінен - өзі қимылдайтын бәрімізге белгілі. Егер бұл анда - санда болып тұратын қалыпты жағдай болса, онда бұл
Ықылықтан құтылудың оңай жолы Ықылықтан құтылудың оңай жолы
1. Ықылықты рефлекстік қимылмен басуға тырысып көрейік. Ол үшін саусағыңызбен тілдің артқы жағын яғни түбін басыңыз, құсатын кездегідей. Өңештің
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×