ойын сауық отауы
Медицина қызметкерлері күнімен құттықтау
10.06.2019 64 712 0 Дауыл

Медицина қызметкерлері күнімен құттықтау

Денсаулық
Медицина қызметкерлері күнімен құттықтау
Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Маусым айының үшінші жексенбісі Қазақстан медицина қызметкерлерінің төл мерекесі.

Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда.

Құрметті медицина қызметкерлері! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш - жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін.

Бурабай аудандық
мәслихаттың хатшысы
Ө. Бейсенов

1 маусым - Балаларды қорғау күніне құттықтау 1 маусым - Балаларды қорғау күніне құттықтау
1 маусым - Балаларды қорғау күні құтты болсын!
7 Мамыр - Отан қорғаушы күніне құттықтау 7 Мамыр - Отан қорғаушы күніне құттықтау
Әр сүйем жер үшін, ата - баба қонысын жаудан көздің қарашығындай қорғап жүрген еңсегей бойлы ерлерді, жаужүрек, қайсар мінезді сардарларымыз бен
Құрметті ұстаздар, аналар және қыз - келіншектер! Құрметті ұстаздар, аналар және қыз - келіншектер!
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Көктемгі күндей құлпырып жүздеріңізден күлкі мен қуаныш кетпей жүре
8 наурызға арналған құттықтаулар 8 наурызға арналған құттықтаулар
Сені көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен шын жүректер құттықтаймын
Қазақстанның мейрамдары Қазақстанның мейрамдары
Қазақстан Республикасы ресми мейрамдарының тізімі:
1 қыркүйек білім күніне арналған құттықтаулар 1 қыркүйек білім күніне арналған құттықтаулар
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×