Саулық кілті: Ашығу
Денсаулық
Саулық кілті: Ашығу
Егер сіздің денеңізде қышқылдың артуы білінсе, тек жаңғақ және барлық дәнді дақылдар, бадам жемісі, күнбағыс сияқты азық - түліктерді молырақ пайдаланып, тіпті, ашығумен үйлестіру дұрыс.
Егер сіз ет қана пайдаланатын болсаңыз, оны аптасына екі немесе үш рет жеумен шектеліңіз. Шамалы әлсіреп, бей - жай бола бастасаңыз сілтілік тағамдарға көшіңіз. Оның белгілері: бас ауру, лоқсу, көздің алды бұлдырау, ыңғайсыз дәм сезіну, әлсіздік, ойлау қабілетінің босаңсуы. Әрине, бұл белгілер аса қауіпті емес. Егер бауырың сыр берсе, ет - пен май, қанттан бас тартыңыз. Басқаша айтқанда, сіз осының бәрі - бәрін табиғи күйінде, яғни жеміс - жидек, көкөністерді пайдаланыңыз. Жаңғақ, күнбағыс, жер жаңғағы ақуызға бай, 3 - 4 күн ашық. Ашыққан кезде тек буға айналдырған у іш. Бұл өте пайдалы. Ашығу біткен соң тек көкөністерден дайындаған тағам жеңіз.
Улы қышқылдардың кристалы (қатты дене) денеде қалай пайда болады? Біздің денеміз күнделікті өмірде пайда болып отыратын улардан одан өзінің төрт жүйесімен тазалап, құтқарып отырады. Біз өмір сүру үшін тамақтанамыз, сұйықтармен сусындаймыз, ауамен демаламыз. Көпшілік адамдар тамақты үйреншікті дағды бойынша шегінен артық жейді. Көбінесе майлы ет, жұмыртқа, ақ нан, қант, вафли, кәмпит жейді, ішетін арақ - шарабы тағы бар. Әлгі көп асты қорытып, сіңіруге, мұндай мол тағамдардың қалдығын сыртқа шығарып тастауға тіршілік қуаты жетіспейді. Олар жылжып, қозғалып тұратын буындарға шөгеді. Бұл өте баяу жүретін процесс. Дұрыс тамақтана білмеудің салдары көп жылдардан соң буындардың әлегін шығарып, көңілсіздік туғызады. Буындағы шоғырланған қышқыл кристалдар кальциймен қанығып, буын арасындағы сұйықтарға кедергі жасайды, ауыртады, қозғалысы шектеледі. Алдымен аяқ зардап шегеді. Дененің басқа бөлшектерімен салыстырғанда табанда қозғалатын 24 ұсақ сүйек бар. Мұнда кристалдардың орналасуына мүмкіншілік мол. Буындар ақырындап иілгіштік қасиетінен айырылып қатаяды. Онымен қоймайды, табаннан өрлеп тізенің буынына түсіп, отырып - тұрғанда ауыртады, қозғалысты шектейді. Сонан соң ұршыққа жетеді. Адамзаттың қарғыс атқан азабы – белде. Белінен ауырмайтын адам аз. Орта жастың адамдары отырып - тұрғанда, еңкейіп - қайқайғанда азап шегіп жүргенін білдіріп алады, ыңыранып қалғанын да естіп қаламыз. Улы қышқыл кристалы белге тоқтамайды, ол омыртқа жотасымен өрлейді, иық иініне, иыққа, шынтаққа, мойынға, білезікке жетіп, саусақтардың буын - буынын қуалайды. Қайсыбір адамдардың уланғандығы соншалық жұдырығын түйе алмайды, басын оңға, солға бұра алмайды.
Көп уақыт машинамен жүрсе де арқасы ашиды, белі ұйып отыра алмайды. 24 - 36 сағат, 3 - 7 - 10 күн тамақ татпай ашыққанда денеде сауықтырушы күш пайда болады. Бұл күштер денеде жатыр. Тек буға айналдырып алған су ішіп, толық ашығуға өткеннен кейін тазарту процесі басталады. Ашығу – бұл ішкі терең тазарту, физиологиялық тынығу, тіршілік қуатын нығайту.
Ашығу – бұлжымайтын ғылым.
Ашығу – сақтану түйсігі арқылы алғашқы адамдар мен жануарлардың қашаннан бергі өзін - өзі емдеу әдісі болған.
Ашығумен бірге шөптен жасалған дәрілер арқылы дененің қуатын арттырып, қабынуға қарсылық көрсетуге болады. Ашығу – аурудан сақтану, барлық аурумен күресіп қана қоймай, жанама зардабының жоқтығымен де ерекшеленеді. Ол – денені табиғи тазарту жолы. Ауру және жарақаттанған жануарлар қоректенуден бас тартады, өйткені оның сақтану түйсігі, өзін - өзі емдеу әдісі күшті. Ондай жағдайда тіршілік қуаты (әдетте ас қорытуға жұмсалады) жарақаттанған, не ауырған денеге шоғырланады және зиянды заттарды сыртқа шығаруға, денені тазартуға жұмсалады. Ашығып сақтану түйсігінің күштілігі сонша осы заманғы өркениетті адамдар арасында да маңыздылығын жойған жоқ. (жалғасы бар)
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Біздің заманымызда балаларды мүлде теріс тамақтандырады. Біріншіден, көптеген аналар балаларына омырауын емізбейді, не емшектен өте ерте шығарады.
Саулық кілті: Ашығу
Жұмыс орны өте ыстық өндірістерде жұмысшы терлегенде «денесіндегі тұздар азайып кетеді» деп, тұз жегізіп жататын елдер де кездеседі.
Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы
Көптеген жаңғақ түрлерінің адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін білетін боламыз.
Терінің саулығы
Терініңіз сау болсын десеңіз: Ағзада тұрақты су тепе - теңдігін сақталуы керек. Бір күні ішінде адам салмағына қарай 1 кг - ға шамамен 40 грамм ішу