ойын сауық отауы
Аяғыңыздың «айтқанына» құлақ асыңыз
25.04.2021 2 145 0 Admin

Аяғыңыздың «айтқанына» құлақ асыңыз

Денсаулық
Халық емі
Аяғыңыздың «айтқанына» құлақ асыңыз
Ғалымдардың тұжырымынша, бүгінде әлемде әрбір үшінші еркек пен екінші әйел аяғынан қандай да бір жайсыздық сезінеді екен. Аяқ шаршайды, ұйиды, сіңірі тартылады, ісінеді, тамыры түйіледі, дуылдайды, әйтеуір бір жайсыздық сездіреді. Ал бұған немкетті қарауға болмайды екен. Яғни олар қандай да бір ауру түрі бой көтеріп келе жатқанын ұқтырып, алдын - ала дабыл көтереді.
Әлемді жаяу айналуға жетеді
Жалпы, аяқ – ағзаның салмақ ең көп түсетін мүшесі. Ол адамды таңнан кешке дейін «көтеріп» жүреді. Мұндайда дене салмағы қалыптан тыс болса, оған тіпті де қиын. оның үстіне, ағза сұйықтарды (қан, лимфа) жердің тартылыс күші әсерінен төменнен жоғары қарай баяу айналады, сондықтан тамырлардың қалыпты жиырылып - созылуы бәсеңдейді. Бұған қазіргі адамдардың негізінен отырып, сонда - ақ бір орында түрегеп тұрып жұмыс істейтінін, тар киім, аяқ киімге құмарлығын, зиянды әдеттерге үйірлігін қосыңыз. Ағзаның қан айдайтын “насосы” – жүректен әлдеқайда қашық тұруы да оның жұмысын қиындата түседі.
Міне, осы және басқа да қиындықтарға қарамастан аяқ мықты, ол адамды өмір бойы көтеріп өтеді. Тіпті бір адамның өмір бойғы жай жүріс - тұрысының өзі әлемді бірнеше мәрте жаяу шарлап шығуға жететінін ескерсек, бұл – өте күрделі жұмыс.
Қауіп қайдан?
Аяқтағы жайсыздықтың негізгі себептері көбіне артерия, вена қан тамырларының жұмысына байланысты. Қан келіп - кететін жолдар мығым болуы керек. Ал онда зақымдану омыртқа, жүйке жүйесі мен зат алмасуындағы кінәраттарға байланысты. Буын, сүйек, бұлшық ет, сіңір, лимфа түйіндері мен тамырлар бүлінсе де аяққа күш түседі.
Қант диабеті де негізінен аяқ ауруынан басталады. Басқа белгілері (сіңір тартылуы, аяқ әлсіреуі, тері құрғауы, түлеп, қышынуы, бұлшық ет түйілуі, т. б.) кейін байқалады.
Сіңір түйілуі әсіресе түнде жиі орын алады. Аяқ жиі ұйиды, суынады, жыбырлап, біреу шымшып, қытықтағандай сезіледі. Аяқтағы жайсыздықтар әсіресе түнге қарай күшейеді. Адам бұған бірте - бірте үйреніп етуі де мүмкін. Вена тамыры бітеліп қалатын кездер де кездеседі.
Жәрдемге жүгініңіз
Жоғарыда аталғанның бәрі түрлі аурулардан белгі береді. Сондықтан елемей жүре бермей, тез арада дәрігерге көрініп, тиісті ем қабылдаған абзал. Дәрігер ең алдымен тиісті тексерулерден өткізеді. Ішкі ағза мүшелері тексерілуі тиіс, арнайы сынамалар алынады. Аяқтың артерия және вена қан тамырлары тиісті аппараттармен тексеріледі. Мұндайда тамырлардың атерослеротикалық бүлінулері, тамыр тырысуы, оған түйін пайда болуы анықталуы мүмкін. Тромбофлебит, тромбоз сияқты қауіпті өзгерістер де ангиосканерлеу кезінде анықталады.
Сондай - ақ эндокриндік жүйе толық зерттеледі, ағзадағы кальций мөлшері есепке алынады. Өйткені кальций жетіспесе, ағза оны тіс пен сүйектерден алады да, мұның соңы остеопорозға, бұлшық еттер мен буындардағы ауырсынуларға соқтырады. Сіңір тартылуы да осының бір белгісі.
Сол сияқты кіші жамбас аумағы да (әйелдерде – жатыр, жыныс безі, ерлерде простата безі аумағы) ультрадыбыстық зерттеуден өткізіледі. Өйткені олардың ұлғаюы да ірі тамырларды қысып, аяқтың қанмен жеткілікті қамтуына кедергі келтіреді.
Ал қан сынамасын тексеру арқылы аяқтағы вена қан тамырының қабыну ауруларының қабыну ауруларын (флебит, тромбофлебит) және артериядағы ауруды (артериит) анықтауға мүмкіндік береді.
Мұнымен біздің айтпағымыз, аяғыңызды аяңыз. Өмір салты дұрыс болмаса, аяқ арқылы да адамға түрлі аурулар үйірсектейді. Ішкі ағзадағы қалыпсыздықтардан да аяқ бірінші болып белгі береді. Сондықтан аяғыңызға абай болыңыз, онда қандай да бір жайсыздық сезілсе, дәрігерге көрінуге асығыңыз.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Әзілхан Нұршайықовтың “Махаббат қызық мол жылдар” атты кітабынан Әзілхан Нұршайықовтың “Махаббат қызық мол жылдар”
Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық – шашық жерді көбейтпей жауып, жария
Қан қысымың көтерілуі және оның алдын алу Қан қысымың көтерілуі және оның алдын алу
Қан қысымы өте қауіпті ауру. Бұл аурудың жүрек пен тамырды зақымдайтынын ескерер болсақ, тамырдың қанша уақытқа дейін төзе алатыны беймәлім.
Буын ауруы Буын ауруы
Буын ауруының пайда болу себебі әртүрлі. Көп жағдайда адамның аз қимылдауы, суық тию, экология, кальцийдің жетіспеуінен туындайды.
Ер-азаматтар туралы сіз білмейтін қызықтар. Ер-азаматтар туралы сіз білмейтін қызықтар.
Жігіттер шын мәнінде қандай? Әрбір қыз тартымды жігітпен таныса отыра оның бойынан бір ерекшелікті іздейді. Оны бақылай отырып, ешкімге ұқсамайтын
Екі данышпан Екі данышпан
Баяғыда екі данышпан адамдардың қалай өмір сүріп жатқанын білмек болып әлемді аралап жолға шығыпты.
Ұл тәрбиелегің келсе, әкесін патшадай сыйла Ұл тәрбиелегің келсе, әкесін патшадай сыйла
Шынайы махаббаттың басты белгісі – құлай сүйген адамыңа ешқашанда жаманшылық ойламау. Оның жануынан сөнуі тез, жай сезімдерден айырмашылығы да сонда.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×