ойын сауық отауы
Ерзада...... Еркежан, Жазира...... Жібек
04.08.2015 28 369 0 Admin

Ерзада...... Еркежан, Жазира...... Жібек

Есімдер сыры
Ерзада...... Еркежан
ЕРЗАДА – қазақ сөзі ер + иран тілінен алынған зада - бала, перзент; батыр. Қыз бала ер, батыл болсын деп қойылған есім.
ЕРЗИБА – қазақ сөзі ер + иран тілінен алынған зибо - сұлу, көркем, әдемі.
ЕРКЕ - айтқанын істететін шолжың, еркін.
ЕРКЕЖАН - ерке боп өссін деп қойылған есім. Түрі - Жанерке.
Жазира...... Жібек
ЖАЗИРА - араб тілінен - ен дала, кең аймақ. Бала қайырымды, мінезі кең, көпшіл болсын деген тілекпен қойылған есім.
ЖАЙНА - гүлдей жайна, жайқал деген мәндегі есім.
ЖАМАЛ - араб тілінен — сұлулық, көркемділік, сүйкімділік.
ЖАМАЛИ - араб тілінен — сұлу, көркем, сүйікті.
ЖАМИҒА - араб тілінен — барлығын қосушы, біріктіруші, жинаушы, баршасы, барлығы.
ЖАНАН - тәжік тілінен алынған джонон — жан аямас дос, жан жолдас.
ЖАНАР — көздің жанары, сәулесі; күннің сәулесі, шапағы. Ауыспалы мағынасы, келбет, көрік, ажар, рең.
ЖАНАРГҮЛ – қазақ және иран тілдерінен алынған — гүлдей көрікті, әдемі, ажарлы.
ЖАНАТ - ең асыл, көркем, керемет, рахат.
ЖАНЕРКЕ - қараңыз: Еркежан.
ЖАНИПА - иран және тәжік тілдерінен алынған жан - джон - яғни жан біткеннің ибалысы, сыпайысы, көріктісі.
ЖАНИЯ - иран және тәжік тілдерінен алынған джон — жаным, жан сәулем.
ЖАННА - көне еврей тілінен келген — кептер, көгершін.
ЖАННАТ - араб тілінен — бақ, жұмақ бағы.
ЖАНСАЯ – иран және тәжік тілдерінен алынған джон — жанға сая, тірек болсын деген тілекпен қойылған.
ЖАНСҰЛУ - жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім.
ЖӘЛИЛА - араб тілінен алынған жалил — ұлы, даңқты, атақты.
ЖӘМИЛА - араб тілінен алынған жамил — әдемі, тамаша, көркем, сұлу; сүйкімді, ажарлы.
ЖЕҢІСГҮЛ - (қараңыз: Гүлжеңіс).
ЖҰЛДЫЗАЙ - жұлдыз бен айдай жарқыраған сұлу болсын деген тілекпен қойылған.
ЖҰМАБИКЕ - араб тілінен — джумга — жұма, бике — хан кызы, яғни жұма күні туған ханиза. Түрі — Жұмагүл. Еркелетіп айту тұлғасы — Жүмаш.
ЖҮПАР - хош иіс.
ЖІБЕК - мінезі жібектей, әрі әдемі, сұлу болсын деген ниетпен қойылған.

Қыз есімдерін қарау

Сағида...... Сындыбала Сағида...... Сындыбала
САҒИДА - араб тілінен — бақытты, табысты болу, рахат өмір сүруші, ауқатты. САҒИРА - араб тілінен — тіл алғыш, құрметті, кіші, кішкене.
Ерекше қыз есімдері мағынасымен Ерекше қыз есімдері мағынасымен
НАҒИЗА - иран тілінен — әдемі, сұлу, көркем. НАҒИМА - араб тілінен алынған нагімә — мейірімді, жарқын, инабатты; биязы, нәзік, жұмсақ.
Индира...... Ирада, Кабира...... Күнсұлу Индира...... Ирада, Кабира...... Күнсұлу
Индира...... Ирада ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай. ИРАДА - араб тілінен алынған — ерік, ықылас. Кабира...... Күнсұлу
Ғазиз...... Ғафура, Дайана...... Ділдә Ғазиз...... Ғафура, Дайана...... Ділдә
Ғазиз...... Ғафура ҒАЗИЗА - араб тілінен алынған азиз - күшті, қуатты; сирек, бағалы; сүйкімді, қадірлі. Аса сирек кездесетін, қадірлі, сүйкімді қыз
Гауһар...... Гүлшаш Гауһар...... Гүлшаш
Гауһар...... Гүлшаш ГАУҺАР - иран тілінен алынған гауһар — қымбат бағалы тас, маржан, інжу. Түрі - Жаухар. ГАЯНА - грек тілінен — жерге тән, жерден
Бағила...... Бүлдіршін Бағила...... Бүлдіршін
Бағила...... Бүлдіршін БАҒИЛА - араб тілінен алынған бахи - мәңгілік, өмірлік, берік, тұрақты, мәңгі жасаушы. БАҒЫМША - араб тілінен алынған бақ, бах
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×